Материалдар / 8 – СЫНЫПТА «ТЕҢСІЗДІКТЕР» ТАРАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 – СЫНЫПТА «ТЕҢСІЗДІКТЕР» ТАРАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектептің математика курсында біз қарастырып отырған теңсіздік тақырыбы өте маңызды орынға ие тақырыптардың бірі. Теңсіздіктер тақырыбына 8 сынып оқулықтарында тарау бөлінген. Теңсіздік ұғымы екі обьектіні салыстырумен байланысты және қарастырылып отырған обьектілер әр түрлі екендігін білдіреді [16]. Жалпы білім беретін мектептердің орта мектеп курсында теңсіздіктер тарауына көптеген тапсырмалар мен мысалдар берілген. Сонымен қатар, мектептің математика курсында теңсіздіктер тарауын оқу барысында, теңсіздіктердің басқа пәндермен байланысының көп екендігін байқауға болады. Теңсіздіктерді зерттеу арқылы қолданбалы зерттеулердің мәселелерін шешу жолдарын табуға, модельдеу әдістерін игеруге және математикалық тапсырмаларды шешудің көптеген әдістерін табуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2023
415
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


КІРІСПЕ ………………………………………………………………….3

1 тарау. Жалпы білім беретін мектептің 8 сынып курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың теориялық негіздері……………………..

1.1 Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудағы мақсаттары мен міндеттерін анықтау …………………...

1.2 Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың әдістемесі

2 тарау. Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың әдістемелік негіздері…………………….

2.1 Жалпы білім беретін мектеп курсындағы математика оқулықтарының «Теңсіздіктер» тақырыбына талдау жүргізу ……………………………………….

2.2 Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың әдістемесінің тиімділігін тексеру…………………...

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………...

ҚОСЫМША 1 ……………………………………………………….

























КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі технология мен техниканың қарыштап дамыған заманында үздіксіз білім беру жүйесіне өте үлкен көңіл бөлініп жатыр.

Еліміздегі жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары да әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім жүйесін қолданысқа енгізіп отыр. Соның ішінде математикалық білім оқушылардың зияткерлік дағдыларын жоғарылату, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін арттыруда көп маңызға ие ғылым саласы. Орта мектепте математика оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, танымдылық деңгейін көтеруге әсер етеді.

Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Математика» пәнінен оқу бағдарламаларында оқытудың мақсаты: «...практикалық іс-әрекетте пайдалануға, сабақтас пәндерді оқып үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту және оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеулер жасай білу, есептерді шығару біліктері мен дағдыларын дамыту, математикалық сауаттылығын қалыптастыру», – деп анықталған [1].

Қазақстанда математикалық білім беруді дамытумен оқушылардың ойлау іс-әрекетін жандандыру және математиканы оқыту әдістемесінің теориялық негізі болатын есептерді шығаруды оқытудың мәселелері белгілі ғалым әдіскерлер А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұханов, М.Е.Есмұхан, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбараков, Л.У.Жадраева, Е.Ж.Смағұлов, Л.Т.Искакованың және т.б. еңбектерінде қарастырылған [2-10].

Орта мектептің математика курсында біз қарастырып отырған теңсіздік тақырыбы өте маңызды орынға ие тақырыптардың бірі. Теңсіздіктер тақырыбына 8 сынып оқулықтарында тарау бөлінген. Жалпы білім беретін мектептердің орта мектеп курсында теңсіздіктер тарауына көптеген тапсырмалар мен мысалдар берілген. Сонымен қатар, мектептің математика курсында теңсіздіктер тарауын оқу барысында, теңсіздіктердің басқа пәндермен байланысының көп екендігін байқауға болады. Теңсіздіктерді зерттеу арқылы қолданбалы зерттеулердің мәселелерін шешу жолдарын табуға, модельдеу әдістерін игеруге және математикалық тапсырмаларды шешудің көптеген әдістерін табуға болады.

Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныпқа арналған алгебра оқулықтарының «Теңсіздіктер» тарауында бір айнымалысы бар сызықты емес теңсіздіктер, модуль белгісі бар теңсіздіктер, квадрат теңсіздіктер, параметрлік теңсіздіктер қарастырылған.

Сызықтық теңсіздіктерді зерттеу сызықтық функцияны зерттеумен тығыз байланысты, өйткені теңсіздіктерді шешуде функцияны зерттеудің қарапайым әдістерін қолдануға болады. Функцияның қасиеттеріне сүйене отырып, теңсіздіктерді графикалық тәсілмен шешуге болады, және параметрден тәуелді зерттеу тәсілдерін қолдануға және т.б. әдістер қолдануға болады. Интервалдар әдісі графикалық тәсілдің жеке жағдайы деп қарастыруға болады.

Зерттеу нысаны – Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - Жалпы білім беретін мектептің 8 – сынып оқушыларына «теңсіздіктер» тарауын оқытудың әдістемесі

Зерттеудің мақсаты - 8 – сыныпта «теңсіздіктер» тарауын оқытудың әдістемесін зерттеу, ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың теңсіздіктерді оқыту үдерісінің әдістемелік ерекшеліктерін анықтап, олардың негізінде математика мұғаліміне теңсіздіктерді мектеп оқушыларын оқытуда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ұсыныстар жасалса, онда оқушылардың теңсіздіктер тақырыбын меңгеру сапасының жақсаруына септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

  1. 8– сыныпта «теңсіздіктер» тарауын оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

  2. Теңсіздіктер тарауын оқытудың әдістерін, формалары мен қасиеттерін зерттеу;

Теңсіздіктер тарауын оқыту әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру.

























1.1 Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың проблемалық жағдайы

«Теңсіздіктер» тарауының міндеттеріне теңсіздік және квадраттық теңсіздік ұғымдарына анықтама беру, теңсіздіктерді шешу алгоритмін айқындау, теңсіздіктерді графикалық, алгебралық, интервалдар әдістерін қолданып шешу жатады.

Қарапайым теңсіздіктермен жұмыс мектептің бастауыш сыныптарында арифметикалық тапсырмаларды орындауда басталады, оқушылар теңсіздіктерді оқуды, өрнектердің тең немесе тең еместігін анықтауды үйренеді.

М.И.Башмаков «Теңдеулер және теңсіздіктер» [11] кітабында күрделі теңсіздіктермен жұмыс істеу барысында ең маңызды мақсаттардың бірі – тапсырманы көрген кезде оқушының көзінде шешімді табуға көмектесетін тек маңызды бөлігі ғана көрінетіндей болуы қажет, шешім табуға әсер етпейтін басқа артық қасиеттерінің барлығы екінші орынға өтуі тиіс. Автор «теңсіздікті шешу» түсінігін нақты түсіну қажеттігін, оны орындауға керек қадамдардың реттілігін, өрнектердің түрлендірулерінің маңызын оқушы түсінуі қажет деп тұжырымдайды.

А.Д.Нахман «Теңсіздіктерді шешуге оқытудың технологиялық аспектілері» атты мақаласында «мектептің математика курсындағы теңсіздіктер тақырыптарының мазмұндық-әдістемелік желісі теңсіздіктерді шешу мен алгоритмдеудің теориялық-математикалық негіздерге сәйкес көңіл бөлуді талап етеді» деп жазады [12].

Теңсіздіктер, функцияларды зерттеу кезінде модульді өрнектер көп кездеседі. В.А.Далингер «Модульді тапсырмаларда геометриялық интерпретациялау» атты еңбегінде «модуль – қарапайым және түсінікті, өте әдемі көрінетін және қатты есте қалатын геометриялық образдардың әлемі. Мектеп оқытушылары модуль түсінігін осылай қалыптастыруы керек» [13] деп жазады.

В.Ф.Чаплыгиннің мақаласында «оқушылар модуль кездесетін тапсырмаларды шешуде қиналады, олар «модуль деген не?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, тек қана «модуль оң сан» деп қана жауап береді деді. Дұрыс анықтама бере алатын оқушылар сирек, олардың ішінде де тапсырманы шешуде саналы түрде қолданатыны, геометриялық маңыздылығын түсіне алатындары аз» екенін атап өтті [14]. Мектеп бағдарламасында теңсіздіктер тарауында кей оқулықтарда модулі бар теңсіздіктерге тапсырмалар аз берілген, модулі бар теңсіздіктерді оқушылардың көп бөлігі түсінуге қиналады.

А.Б.Воробских «Мектеп математика курсының пәндік және метапәндік қиындықтары. Теңсіздік тақырыптары» атты мақаласында «мектеп оқушыларының тапсырмаларды орындау кезінде туындайтын негізгі қиындықтарының себептері математикалық обьектілер және олармен жұмыс істеу алгоритмдерінің анықталмаған түрде алмасуы және олардың әдістемелік құрал негізінде өңделмегені... Оқушылар теңсіздіктер тапсырмаларын орындау арнайы ұйымдастырылған лабиринт сияқты қарайды, қайда баруды және қалай шығуды білмейтін жол сияқты көрінеді, одан шығу үшін қандай да бір ерекше қабілет қажет болуы шарт...» [15] деп жазады.

В.А.Тестов «Теңсіздіктерді зерттеу кезіндегі қиындықтар» мақаласында соңғы жылдары мектеп математика курсында теңсіздіктерді зерттеу қолайсыз жағдайда қалып бара жатқанын атап өтті. В.А.Тестова мақалсында бұған бірнеше себеп бар екендігін көрсетеді, олар: нақты әрі түсінікті терминологияның жоқтығы; мектеп бағдарламасында әр жылы туындайтын өзгерістер нәтижесінде теңсіздіктер тақырыптарына баса назар аударылмайтыны; тақырыптың күрделілігі және оқыту кезінде практикалық мысалдар қолданылмағандықтан оқушылардың мотивациясының жоқтығы. Бұл мәселелерді шешу үшін оқушыларды оқытуда нақты белгіленген стратегиялық жоспарға сүйеніп жұмыс жасау маңыздылығы айтылады [16].

Н.Б.Карсакова мақаласында оқытушы «Теңсіздіктер» тақырыбын оқыту барысында өз алдына келесі мақсаттарды қоюы қажет деп жазады:

  • «Оқушыларды теңдеу мен теңсіздіктерді шешудің негізгі тәсілдерімен таныстыру;

  • Тапсырманы орындау барысында бірнеше әдістерді қолданып есептеу кезінде оқушыларда туындайтын психологиялық кедергілерді жоюға жұмыс жасау;

  • Логикалық ойлауды, графикалық бейнелеуді, өз бетінше талдау, жүйелеуді дамыту;

  • Оқушылардың жалпы ойлау қабілеттерін арттыру.

Негізгі әдістемелік жүйе – мұғалімнің негізгі ролін есепке ала отырып, оқушылардың өз бетінше оқуын ұйымдастыра алу болып табылады [17].»

А.В.Лоскутникованың «Оқушыларды модулі бар теңдеу және теңсіздіктерді шешу кезінде өз бетінше оқытуды ұйымдастыру» мақаласында егер оқушының қандай да бір тақырыпты зерттеу барысында қиындықтар туындайтын болса, онда оқушы қарастырылып отырған обьектінің қасиеттерін немесе формулаларын білмейді деп айтуға болмайды, оқушы формулаларды немесе қасиеттерін қолдана алмайды деп тұжырымдайды. Бұл мәселенің туындамауы үшін оқушының өз бетінше оқуын қамтамасыз ету керек, өз бетінше оқу кезінде әр оқушының жеке қабілеттері анықталады, тапсырмаларға талдау жасау қабілеттері артады. Мұндай әдісті қолдану өз бетінше ойлауға, қандай да бір тапсырманы шешу барысында өз ойларын ашық айтуға себепші болады, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Өз бетінше жұмыс жасау мақсатты түрде орындалып отыруы тиіс.» Мақала авторы «өз бетінше жұмыс істеу әдісі тиімділігін көрсету үшін, ол оқу үдерісінің маңызды бөліктерінің бірі болуы тиіс деп санайды. Әр сабақ немесе қосымша сабақ сайын өз бетінше оқытуға арнайы уақыт бөлінуі қажет. Жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылса ғана нәтижеге қол жеткізуге болады» деп санайды [18].

А.Н.Санникова «Жоғары мектепте модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге оқытудың әдістемелік тәсілдері» атты мақаласында «теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбын қайталау сабақтарын ұйымдастыру барысында қолданылатын әдістемелік тәсілдердің бірі теңдеулер мен теңсіздіктердің берілу шартына әр түрлі қателер қосу болып табылады. Бұл әдіс тек қайталап қана қоймай, алған білімді толықтыруға да көмектеседі, өйткені оқыту барысында «жақсы оқитын» оқушылар жаңа білім үйренеді, «әлсіз» оқушылар түсінбеген сәттерін қайталап үйреніп, «мықтыларға» жетуге әрекет жасайды» деп жазады [19].

Тақырыпты қайталау сабағы барысында бұл әдістемелік тәсілді қолданудың өз артықшылықтары бар:

  • Дайындық деңгейіне қарамастан, барлық оқушылардың көрсетілген тақырыпқа қызығушылығын арттыру;

  • Оқушының өз ойын бақылауы және берілген тапсырмаға сыни ойлау дағдысы пайда болады;

  • Өз талдауларында кеткен қателіктерді іздеудің алгоритмі мен дағдыларын дамыту [19].

Теңсіздіктер тапсырмаларын шешу кезінде оқушылар санның теңсіздігі түсінігін нақты білуі қажет, «теңсіздікті шешу» не екенін, теңсіздіктің қасиеттерін білу және оны қолдана білуі керек.

«Теңсіздіктер» тарауын оқу барысында оқушылар келесі дағдыларды үйренеді:

  • Сандық теңсіздіктердің растығына көз жеткізуді;

  • Берілген сан қарастырылып отырған теңсіздіктің шешімі бола алады ма соны анықтауды;

  • Сандық түзу бойында теңсіздіктер шешімдерін бейнелеуді;

  • Тапсырмаларды шешу барысында теңсіздіктердің қасиеттерін қолдануды;

  • Сызықты теңсіздіктерді шешуді;

  • Квадраттық теңсіздіктерді шешуді;

  • Модуль таңбасымен берілген теңсіздіктерді шешуді;

  • Теңсіздіктер жүйелерін шешуді;

  • Мәтін есептер түрінде берілген тапсырмаларды теңсіздіктер арқылы шешуді;

  • Теңсіздіктерді өмірде кездесетін шынайы әрекеттерді зерттеу мен сипаттау барысында маңызды математикалық модель ретінде қарастыруды;

  • Басқа да пәнаралық курстар мен математиканың басқа тарауларының тапсырмаларын орындау кезінде теңсіздіктерді қолдануды.

Мектептің алгебра курсында «Теңсіздіктер» тарауын толық оқып аяқтаған кезде оқушылар төмендегі дағдыларға ие болуы керек:

  • Теңсіздіктерді дәлелдеу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануды;

  • Теңсіздіктерді шешуге арналған арнайы әдістерді жақсы меңгереді;

  • Қарапайым өмірде кездесетін жайттарды тапсырма ретінде орындағанда, пәнаралық тапсырмаларды орындау кезінде теңсіздіктерді, олардың жүйелерін сенімді қолдана алады.



1.2 Жалпы білім беретін мектеп курсында «Теңсіздіктер» тақырыбын оқытудың әдістемесі

Оқу үдерісі оқу мазмұнының, оқу мақсаттарының, құралдарының, формалары мен әдістерінің өзара бірлескен әрекеті болап саналады.

Оқыту әдістері – бекітілген оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, мұғалім мен оқушының жүйеленген іс - әрекеттерінің жиыны.

Оқыту әдістерінің әртүрлі классификациялары бар, солардың ішінен бірнешесін бөліп көрсетейік. Білім беруге негізделген классификацияның құрамында бейнелік, мәтіндік және практикалық әдістер болуы қажет. Сонымен қатар, танымдық сипаттамаға негізделген классификация да бар. Оның құрамына эвристикалық, ғылыми-зерттеуге бағытталған, репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер жатады.

Я.И.Груденов келесі оқыту әдістерін бөліп көрсетеді: мақсатқа бағытталған тапсырмалар әдісі, евристикалық әдіс, сұрақ-жауап әдісі, алгоритм әдісі, қарапайым және күрделі тапсырмалар әдісі, түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс [20].

Жоғарыда аталған оқыту әдістері көптеген жылдар бойы зерттеліп, көп жылдық тәжірибеге сүйеніп құралған. Заманауи оқытушының мақсаты, оқу мақсаттарына лайықты әртүрлі әдістерді сабақ барысында біріктіріп қолдану.

Теңсіздіктер тақырыбын қарастырғанда көп қолданылатын әдістер алгоритм әдісі мен мақсатқа бағытталған тапсырмалар әдісі.

Алгоритм әдісі дегеніміз тапсырмаларды шешу кезінде бұрыннан қолданылып келе жатқан, белгілі бір алгоритмді қолдану болып табылады.

Алгоритм ұғымына белгілі бір типтегі тапсырмаларды орындау үшін қажетті іс-әрекеттердің реттілігі жазылған, түсінікті жазба деген анықтама беруге болады. Алгоритмнің құрамында оның жүзеге асырылуына қажетті анықтамалар, кеңестер және орындалатын қадамдардың реттілігі кіреді. Сонымен бірге алгоритм барынша түсінікті және қарапайым болуы тиіс.

Мектеп оқулықтарының теңсіздіктер тақырыптарында оқушыларға мысал түрінде тапсырманың орындалу алгоритмі көрсетіледі, оқушылар соған қарап басқа да тапсырмаларды өз бетінше орындауға мүмкіндік алады.

Мұғалімнің міндеті – оқулықта көрсетілген алгоритмді оқушылармен бірге толықтай қарастырып, оның жүзеге асырылуын мысалдармен көрсетуі керек, және қандай тапсырмаларды шешу кезінде қолдануға болатынын анықтап беруі керек. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларға алгоритмді орындау барысында оның әр қадамын еске сақтап және бақылап отырудың маңызды екендігін еске салып тұруы керек. Бұл бір қателікті қайталамауға септігін тигізеді.

Мақсатқа бағытталған тапсырмалар әдісінде оқушыларға келесі тақырыптарды оқуға, түсінуге көмектесетін дайындық тапсырмалары беріледі. Дайындық тапсырмалары жаңа тақырыпты зерттеуге, анықтамалар мен теоремаларға сипаттама беруге, және оқушылардың өз бетінші жұмыс жасауына көмек болады.

Я.И.Груденов мақсатқа бағытталған тапсырмалар әдісін қолданған кезде дайындық үшін берілген тапсырмалар санын азайту қажет деп санайды, алайда бір тапсырманы оқу барысында бірнеше рет қайтадан қарауға мүмкіндік болғаны дұрыс дейді. Мысалы мақсатқа бағытталған тапсырмалар әдісін қолдану арқылы квадрат теңсіздіктерді шешудің ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Оқушылар оқу материалдарын жақсы игеруі үшін түрлі оқу формаларын қолдануға болады. Оқу формаларын сабақта дұрыс қолдану сабақ барысындағы тақырыпты игерудің тиімділігін арттырады. Оқу формалары жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс және сыныппен жұмыс болып бөлінеді.

Оқытудың сыныппен жұмыс формасында мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен бірдей жұмыс жасайды, сыныптағы барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі және мұғалім тапсырманың шарттарын қанағаттандыратын шешімді оқушылармен бірге табады.

Жеке жұмыс формасын қолдану кезінде оқытушы сыныптағы әр оқушымен жеке жұмыс жасайды. Яғни, әр оқушыға жеке тапсырма немесе жеке оқу мақсаты беріледі және оқушылардың әрқайсысы өз оқу мақсаттарына жету керек. Тапсырманы әр оқушы өз бетінше орындайды, мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай оларға көмек беріп отырады. Әр оқушының іс - әрекеттері оның тапсырмалардың құрылымын түсінгеніне байланысты және жеткен нәтижелеріне байланысты жеке – жеке бағаланады. Оқытудың бұл формасын қолдану кезінде оқытушы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыруы және оны қадағалауы қажет болады.

Топтық оқыту формасының ерекшелігі берілген тапсырманы оқушылар бірнеше топқа бөлініп жасайды, бағалау кезінде тапсырманың орындалуына қарай топтық бағаланады, топтық жұмыс кезінде топ құрамындағы әр оқушының жұмыс жасағаны маңызды.

Жұптық жұмыс кезінде оқушылар екі – екіден бөлініп, әр жұп өз беттерінше жұмыс жасайды, мұғалім оқушыларға бағыт – бағдар беріп отырады. Мұғалім оқушыларды бірге жұмыс жасауға ынталандырып отыруы қажет. Әр жұптың тапсырмасының нәтижесін сынып оқушылары арасында талқылаған дұрыс.

Теңсіздіктер тақырыптарын оқыту кезінде жаңа тақырыптарды өту кезінде әдетте оқытудың сыныппен жұмыс формасы қолданылады, қайталау сабақтарында топтық және жұптық оқыту формалары қолданылады, оқушылардың алған білімдерін тексеру үшін ең тиімді форма жеке жұмыс формасы.

Сабақты өткізу кезінде оқыту құралдарының да маңызы зор. Оқу үдерісінде қолданылатын барлық құралдарды оқыту құралдары деп атаймыз. Теңсіздіктер тақырыптарын оқыту барысында оқулық, тапсырмалар жинағы, дәптер сияқты негізгі оқу құралдарымен қатар, компьютерлік технологиялар көмегімен презентациялар, дискриминантты және квадрат теңдеудің түбірлерін табу формулалары және т.б. қосымша оқу құралдарын қолдануға болады. Оқу құралдары оқушылардың сабақты игеруіне, тақырыпты жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Алайда қосымша оқу құралдарын шектен тыс пайдалану оқушылардың абстрактілі ойлау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Оқу құралдарының көмегімен оқудың көрнекілік принципі жүзеге асырылады. Кез – келген көрнекі құрал оқушылар үздіксіз жұмыс жасайтын болса көбірек пайдасын тигізеді, ең тиімдісі көрнекілік құралдарын оқушылардың өз қолымен жасағаны. Өздері жасаған құралдардың жұмыс принциптерін оқушылар ұмытпайды, сабаққа деген ынтасы ашылады.

Заманауи оқыту құралдарының қатарына АКТ, интерактивті тақталар, оқытуға арналған бағдарламалар мен әр түрлі ойындарды атауға болады. Қазіргі таңда әр мұғалім заман талабына сай оқу үдерісін жақсарту үшін интерактивті, компьютерлік технологияларды қолдана білуі қажет.

Компьютерлік технологиялардың көмегімен әр оқушыға жеке тапсырма беруге, оқушылардың білімін тексеруге көптеген мүмкіндіктер ашылады, оқу материалдарын түрлі графикалық, бейнелік суреттермен, кескіндемелермен толықтыруға болады, тақырыпты туралы ақпаратты өңдеу және оны жеткізудің бірнеше тәсілдерін қарастыруға болады. Жалпы білім беретін мектептің 8 сынып алгебра оқулықтарында қазір дисктер бар. Дисктердің көмегімен оқулықтағы тақырыптарды оқушылар өз бетімен оқып түсіне алады. Дискте тақырыпқа арналған тест тапсырмалары, өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар бар.

Сабақ барысында оқыту формалары, құралдары мен әдістері өте маңызды. Сонымен бірге мұғалім тапсырманы дайындаған кезде оқушылардың беретін мүмкін болатын жауаптарының түрлерін, ең көп жіберілетін қателіктерді алдын ала болжай алуы да маңызды. Мұғалім оқу бағдарламасын білуі керек, оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтауы керек. Теңсіздіктер тақырыбын өту кезінде көп қайталанатын қателіктерді болдырмау үшін және сабақтың түсінікті болуы үшін әдістемелік нұсқауларға мұқият мән берілу керек.

  1. «Теңсіздіктер» тақырыбын қарастыруды бастамас бұрын, квадратты теңдеу мен квадрат функцияның графигін шешу әдістерін еске түсіріп алған жөн.

  2. Квадратты теңсіздіктердің анықтамаларын оқу кезін

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!