Жүргізуші:
Армысыздар аяулы
аналар!
1-бала:
Армысыздар
мейірімді әжелер!
2-бала:
Армысыздар
қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Жүргізуші:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты
болсын!
Аяла:
Бүгін наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың
негізі.
Әдемі сөз
адамның,
Анаға айтар
лебізі.
Алихан:
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті
аналар!
Жүргізуші:
- Балалар! Бүгін аналардың
мерекесі ғой, анамызға қандай сыйлық жасасақ екен? Кімнен ақыл
сұраймыз ?
(Осы кезде музыка ырғағымен
Әтеш ортаға шығады).
Жүргізуші:
Әтеш, бүгін аналарымыздың
мерекесі еді. Оларға қандай сыйлық жасасақ болады? Ақыл
қосыңызшы.....
Әтеш:
Ол үшін аналардың нені жақсы
көретінін білу керек. Мысалы, мен дән шоқығанды жақсы
көремін.
Жүргізуші:
Ал, аналарға не ұнайтынын
қайдан білеміз?
Әтеш:
Ол жағын білмедім. Меніңше,
дәнді барлығы да жақсы көреді. Жарайды, басқалардан сұрап
көріңдер.(түлкі шығып кетеді, ентігін баса алмай қоян
кіреді).
Жүргізуші:Ақ қоян неге сонша
жүгіріп келдің? Қайда асығып
барасың?
Ақ
қоян: Мен қасқырдан қашып келемін.
Әрең деген де құтылдым-ау әйтеуір.Сен кімсіңдер, мен осы қайда
келдім?
Жүргізуші: бұл біздің
балабақшамыз. Аналарымызға қандай сыйлық әзірлеу керек екенін
білмей отырмыз. Сенің қандай көмегің
бар?
Ақ
қоян:Мен сәбізді жақсы көремін. Ал,
сендердің аналарыңның нені жақсы көретінін білмеймін.(Осы кезде
тықырлаған дыбыс естіледі)
Ақ
қоян.(қорқып) Қасқыр келіп қалған
сияқты, мен қаштым. Сау болыңдар, балалар!(Музыка ойналып,
арқалаған себеті бар аю көрінеді).
Аю: Уһ! Шаршадым, аздап демалып
алайын.
Жүргізуші:
Шаршап-шалдығып қайдан
келесіз?
Аю: Маша қыздың сәлемдемесін алып
келемін. Ал, өздерің неге жиналып
қалғансыңдар?
Жүргізуші:Біз аналарымыздың
мерекесіне қандай сыйлық жасарымызды білмей
отырмыз.
Аю: Әркімнің жақсы көретін асы
немесе заты болады. Соны білу керек. Мысалы мен балды жақсы
көремін. Аналардың нені жақсы көретінін білмедім. Ал, мен шаршадым,
енді қайтайын.Сәлемдемені тезірек жеткізуім керек.(Аю балалармен
қоштасып шығып кетеді.Сахнаға жыламсыраған тауық
келеді).
Жүргізуші:
Сіз кім боласыз? Неге жылап
жүрсіз?
Тауық: Мен тауық-анамын.
Балапанымнан адасып қалдым. Енді қайдан
табамын?
Жүргізуші:Кешіріңіз, біздің бір
сұрағымыз бар еді. Сіз де ана екенсіз.Сіз үшін ең қымбат сыйлық не
екенін айтып бере аласызба?(Үнтаспада «Балапан»әні
қойылады).
Тауық: Мынау менің баламның дауысы
ғой.Қазір жетемін, балақайым! Балалар аналарыңа сендерден артық
сыйлық жоқ. Сендер бақытты болып, аналарыңның қасында жүрсеңдер,
оларда бақытты. Сендер аналарыңды әрдайым қуантып, тәртіпті, ақылды
болып өсіңдер! Ал, енді сау
болыңдар!
Жүргізуші:
Балалар, олай болса ,
аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді өнерімізбен,
ән- күйіміз, тақпағымызбен білдірейік!
Көңілді әуенімен балалар
дайындаған гүлдерін аналарға
ұсынады.
Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің
де,
Қонақ болып отыр міне
төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті
үніммен,
Тақпақ айтып келді міне
кезімде.
Жүргізуші:
Аналардың анасы әжелерге
арналған балаларыңыздың сыйын қабыл
алыңыздар
Гүлгінә:
Менің әжем, ақ
әжем,
Ұл мен қыздың бағы
әжем.
Ертегі айтып бер
десең,
Айтып берер тағы
әжем.
Аяла:
Менің әжем, гүл
әжем,
Алтын әжем, күн
әжем.
Апам үшін мен
үшін
Нағыз ана тілі
әжем.
Парасат:
Қандай бала
болмайық,
Әжемізге
дәріміз.
Көтерсінші
көңілін,
Ән салайық
бәріміз.
Асылан:
Ақ әжемді
әрқашан,
Сыйлап жақсы
көремін.
Қуантайын деп
оны
Өлең айтып
беремін.
Ботакөз:
Менің әжем, жыр
әжем,
Шуағы мол, нұр
әжем.
Ақ таяққа
сүйеніп,
Аман-есен жүр
әжем.
Талғат: Өзің мені
өсірген
Айналайын ақ
әжем.
Тентек болсам
кешірген
Шөлдедің бе, дана
әжем?
Данара:
Шай қайнатып
келейін,
Шекер салып, жан
әжем.
Өзім құйып
берейін,
Балдай тәтті бал
әжем.
Толғанай:
Әже деген көп
шығар,
Әжемдей менің жоқ
шығар.
Мейірімді бұл
кісі,
Қандай ғажап
күлкісі.
Назкерім:
Менің әжем
мейірбан,
Мені жақсы
көреді.
Қажетіне
жарасам,
Жас балаша
күледі.
Ән: «Сағындым әже,
сағындым»
Би: «Кең
жайлау»
Ойын:
Жүргізуші:
Ана деген өмірдегі ұлы
есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны
Ана жайлы жыр тыңдасаң білесің.
Айару:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші
наурызбен.
Қуат:
Ақ анашым,
аппағым,
Өзің жайлы
тақпағым
Өзің жайлы
әнім
де,
Арнадым
саған бәрін
де.
Мадина:
Мен
үшін не керек- бәрін іздеп
табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа
барасың.
Қайтып мені көргенде, шын
сағынып қаласың.
Анюза:
Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым.
Бейбарыс:
Анамды мен жаксы
корем,
Айткан тилин алып
жүрем.
Қасымда анам
жүргенде
Шаттанып-ойнап
күлем!
Ділдә:
Гүл-гүл жайнап
әріміз,
Кіреді біздің
сәніміз.
Аналарды
тойымен
Құттықтаймыз
бәріміз.
Ислам:
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
анам!
Дильназ:
Бал-бөбегін
баптаған,
Мамам үшін
мақтанам.
Аялайтын
біздерді
Көп жасасын ақ
мамам.
Нұртілек:
Мен мұғалім
анамның,
Өнегесін
аламын.
Ертең менде
анамдай.
Оқытушы
боламын.
Айзере:
Мамаларды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен бас
иеміз.
Мейрамбек:
Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз
Той күні
бір-бірден
Аналарға
сыйлаймыз.
Шалқар:
Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп
келеді,
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып
береді.
Ән: «Көктем
келді».
Орыс
биі:
Ойын: «Аналар өз
балаларын қолынан сипап
тану»
Жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз
сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де
әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі
сай
Тұнып тұрған сұлулықтың
әлемі.
Ән: «Қыздар,
қыздар»
Би: «Рокн –
рол»
Ойын:
Би:
«Лезгинка»
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп ойнап жүріңіз.
Құрметті аналар, осымен
өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем
гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
0