8 наурыз сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні арналған мерекелік іс-шараның әзірлемесі Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, оқушыларды әйелдер қауымын құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні арналған мерекелік іс-шараның әзірлемесі

Күні: 07.03.2025 жыл

Сынып:

Ұйымдастырушы: ___________

Тақырыбы: «Ана махаббаты – мәңгілік көктем»

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, оқушыларды әйелдер қауымын құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту

Формасы: концерт

Көрнекілік: Шар, гүл, тақырыпқа сай среттермен безендіру, презентация, музыка, микрофон, би, ән

Мерекенің барысы:

1 жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болса 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні арналған «Ана махаббаты – мәңгілік көктем» атты концертке қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Халқымның бiр асылы – өнер деген,
Тозбаған, тотықпаған, көнермеген.
Өмiрiн өрнектеген елiм менiң,
Əсем əн, тəттi күймен, өлеңменен – дей келе ортаға ___ сынып оқушылардың сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

ШК: Баяу музыка ойналады, ортаға жүрек суреттерін ұстап 8 оқушы шығады. Ана туралы жылы сөздер айтады. Кейін бірге ана туралы ән айтады

1 2 3 4 5

6 7 8

1 оқушы: Ана «махаббаты – сарқылмайтын теңіз.

2 оқушы: Ана махаббаты – барлық ізгіліктің бастауы

3 оқушы: Ананың мейірімі күн сәулесімен тең

4 оқушы: Ана махаббаты – мәңгілік көктем

5 оқушы: Анаңның батасы – жолыңның жарығы

6 оқушы: Ана – жүректің ең таза махаббаты

7 оқушы: Ананың ақылы – даналықтың бастауы

8 оқушы: Ана – ең алғашқы және ең сенімді дос

ХОР: «Ана» әні

1 жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе
құттықтау сөз кезегі мектеп директоры ___________________________беріледі.

2 жүргізуші: Жүрегімнің түкпірінде сақталған,
Жылы тиер, сан мың есім, аттардан.
Туа біте, жүрегімде бір сөз бар,
"Ана" деген әріптермен жатталған - дей келе ақын-жазушылардың ана туралы өлеңдерін қарсы алыңыздар (оқушылар тақпақтары, ашықхаттар сыйлау)

1 жүргізуші: Мен үшін, әлемде жалғыз бір асыл адам,
Өмір берген, бақ берген, ол менің асыл анам.
Теңдесі жоқ құдірет деп түсінеді,
Мейіріміне елжіреген ақыл санам.

2 жүргізуші: Өнер құған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан дей келе «____________» топтың биін қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші: «Ана, сен.., жыламағын…»
Бесігімде-ақ шырқадың жұмақ-əнін.
Сол əн мəңгі кеудемде ұялайды
Көкірегімнен шыққанша бұла жаным –дей келе _________ оқушының орындауында «________» туралы әнің қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші: Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз - ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп келесі кезекті қызықты ойындарға береміз. Ұйымдастырушы: _______

1 жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге әкеліп қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік!

2 жүргізуші: Осымен бүгінгі «Ана махаббаты – мәңгілік көктем» атты концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! 8 наурыз құтты болсын! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі