Материалдар / 8-сынып. 9-бөлім. Координация және реттелу І нұсқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8-сынып. 9-бөлім. Координация және реттелу І нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Координация және реттелу бөліміне арналған тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Наурыз 2024
426
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2

8-сынып. 9-бөлім.

Координация және реттелу

І нұсқа

1.Көздің қасаң қабығының қызметі:

А.Жас сұйықтығын бөледі

В.Жарықты өткізеді және көзді ұсақ бөлшектерден қорғайды

С.Жарықтан қорғайды

Д.Көз алмасын толтырып тұрады

2.Көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді:

А.Көз жас безі

В.Тамырлы қабық

С.Шыны тәрізді дене

Д.Тор қабық

3.Көздің ішкі, құрылысы күрделі қабығы:

А.Ақ қабықша

В.Қасаң қабық

С.Торлы қабық

Д.Тамырлы қабық

4.Жарықта тарылып, қараңғыда ұлғаятын көз мүшесі:

А.Ақ қабық

В.Қарашық

С.Қасаң қабық

Д.Шыны тәрізді дене

5.Есту түтігінің (евстахиев түтігі) өзегі ашылады:

А.Өңешке

В.Көмекейге

С.Сыртқы дыбыс жолына

Д.Жұтқыншаққа

6.Үш дыбыс сүйекшелері орналасқан бөлім:

А.Сыртқы дыбыс жолы

В.Сыртқы құлақ

С.Ішкі құлақ

Д.Ортаңғы құлақ

7.Адамның тепе-теңдік мүшесі орналасады:

А.Сыртқы құлақта

В.Вегетативті мүшеде

С.Орталық жүйке жүйесінде

Д.Ішкі құлақта

8.Көз алмасының ішін мөлдір, қантамырлары жоқ, іркілдек зат толтырып тұрады,ол:

А.Қасаң қабық

В.Тор қабық

С.Нұрлы қабық

Д.Шыны тәрізді дене

9.Көздің қосымша мүшелеріне жатпайды:

А.Ақ қабықша

В.Қас

С.Қабақ

Д.Жас безі

10.Көз алмасының ортаңғы қабықшасы:

А.Торлы

В.Ақ қабықша

С.Дәнекер қабықша

Д.Тамырлы

11.Ортаңғы құлаққа жатады:

А.Қуыстар, дабыл жарғағы

В.Құлақ қалқаны,сыртқы дыбыс жолы

С.Қуыстар мен иірім өзекшелер

Д.Үш дыбыс сүйекшелері

12.Үш қабық пен «оптикалық жүйеден» тұрады:

А.Алдыңғы камера

В.Нұрлы қабық

С.Қасаң қабық

Д.Көз алмасы

13.Адам сыртқы ортада болып жатқан ақпараттардың ...... көзбен қабылдайды:

А.70-80 % астамын

В.50-70% астамын

С.80-90% астамын

Д.45-65% астамын

14.Егер көзге бөгде зат түссе:

А.Мақтамен алып тастау керек

В.Саусақпен алып тастау керек

С.Жұмсақ қағаз орамалмен алып тастау керек

Д.Қайнатылған жылы сумен жуу керек

15.Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да

дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене орналасады, ол:

А.Қасаң қабықша

В.Соқыр дақ

С.Көз қарашығы

Д.Көз бұршағы

16.Жазу кезінде жарықтың түсу бағыты:

А.Сол жақтан

В.Жан-жақтан

С.Жоғарыдан

Д.Төменнен

17.Адамнан әртүрлі қашықтықта тұрған заттың кескінін көздің ажырата алатын құрылымы:

А.Тор қабықша

В.Көз бұршағы

С.Нұрлы қабықша

Д.Шыны тәрізді дене

18.Көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері:

А.Көру жүйкесі

В.Сары дақ

С.Соқыр дақ

Д.Тамырлы қабық

19. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады:

А.Көз алмасы

В.Көз бұршағы

С.Қасаң қабық

Д.Нұрлы қабық

20.Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, козуды ........өткізеді:
А.Есту жүйкесіне

В.Есту түтігіне

С.Дабыл жарғағына

Д.Ұлулы денеге

Контекст «Көру рецепторлары»

21.Көру рецепторлары:

А.Механорецептор, терморецептор

В.Ноцицептор, хеморецептор

С.Таяқша, ноцицептор

Д.Құтыша, таяқша

22.Таяқшаларда ... пигменті болады:

А.Меланин

В.Родопсин

С.Гемоглобин

Д.Иодопсин

23.Онда йодопсин пигменті болады:

А.Соқырдақ

В.Таяқша

С.Құтыша

Д.Шытырман

24.Родопсин биохимиялық қасиеті бойынша ... дәруменіне ұқсас:

А.К (филлохинон)

В.РР (никотин қышқылы)

С.Д (кальциферол)

Д.А (ретинол)

25.Құтыша:

А.Түрлі түсті ажыратады

В.Ақ түсті ажыратады

С.Қара түсті ажыратады

Д.Саны көп, олар торлы қабықшаның шет жағына орналасқан

26. Анализатордың бөліктері:

А.Сезгіш

В.Қозғалғыш

С.Өткізгіш

Д.Байланыстырғыш

Е.Шеткі

Ғ.Орталық

27.Ортаңғы құлаққа тән сипаттамалар:

А.Есту және тепе-теңдік мүшелері орналасқан

В.Дабыл жарғағынан кейін орналасады

С.Сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады

Д.Самай сүйегінің ішінде орналасқан

Е.Ауадағы дыбыс толықндарын қабылдайды

Ғ.Есту түтігі арқылы жұтқыншақпен байланысқан

28.Көздің сыртқы қабығына тән сипаттамалар:

А.Қалың, тығыз, дәнекер ұлпадан тұратын ақ қабық

В.Пигменттерге бай нұрлы қабық

С.Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабық

Д.Көз бұршағы орналасады

Е.Көздің қосымша мүшелері орналасады

Ғ.Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді

29.Жас бездері:

А.Көзді шаң-тозаңнан қорғайды

В.Көзді ылғалдап, жылытады

С.Көз алмасын қозғалтады

Д.Аққан терді көзге жібермей, қорғап қалады

Е.Сыртқы секреция бездеріне жатады

Ғ.Ұдайы жас бөледі,көзге түскен бөгде заттарды сыртқа шығарады

30.Көз гигиенасы:

А.Ішімдік ішу

В.Теледидарды ұзақ қарамау

С.Кітапты көлікте, жатып оқымау

Д.Темекі шегу

Е.Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру

Ғ.Кітапты көзге жақын ұстап оқу

31.Дыбыс сүйекшелері:

А.Сыртқы дыбыс жолында орналасқан

В.Ортаңғы құлақтың қуысында орналасқан

С.Үшеуінің салмағы 0,05 г, буын арқылы байланысқан

Д.Сырты сілемейлі қабықшамен қапталған

Е.Құлық бөледі

Ғ.Іштері лимфа сұйықтығымен толтырылған

32.Шыны тәрізді дене:

А.Екі жағы дөңес линза

В.Жарықты тоғыстайды

С.Мөлдір, қантамырлары жоқ, іркілдек зат

Д.Көз алмасын қоректендіреді

Е.Құрылымы бойынша тығыз желеге-коллоидқа ұқсайды

Ғ.Ақ пен қара түсті ажыратады

33.Бейне торлы қабықтың алдында қалыптасады:

А.Глаукома

В.Жақыннан көргіштік

С.Алыстан көргіштік

Д.Конъюктивит

Е.Ақшам соқыр

Ғ.Сығырлық

34.Көздің үш оптикалық жүйесі:

А.Алдыңғы камера

В.Көз бұршақ

С.Шыны тәрізді дене

Д.Жас безі

Е.Торлы қабық

Ғ.Көз алмасы

35.Шытырманның сыртқысы- ......., ішкісі- ...... деп аталады

А.Сілемейлі

С.Сүйекті

Д.Жұмсақ

Е.Жарғақты

Ғ.Қатты



1-нұсқа

1.В

21.Д

2.В

22.В

3.С

23.С

4.В

24.Д

5.Д

25.А

6.Д

26.СЕҒ

7.Д

27.ВДҒ

8.Д

28.АСҒ

9.А

29.ВЕҒ

10.Д

30.ВСЕ

11.Д

31.ВСД

12.Д

32.CЕ

13.С

33.ВҒ

14.Д

34.АВС

15.Д

35.СЕ

16.А


17.В


18.С


19.В


20.А





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!