Материалдар / 8-сынып. 9-бөлім. Координация және реттелу ІІ нұсқа

8-сынып. 9-бөлім. Координация және реттелу ІІ нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Координация және реттелу бөліміне арналған тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Наурыз 2024
421
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2

8-сынып. 9-бөлім.

Координация және реттелу

ІІ нұсқа

1.Ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді заттар:

А.Сілекей,жас,өт

В.Фермент

С.Гормон, сөл

Д.Гормондар

2.Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық:

А.Гипофиз

В.Эпифиз

С.Жұлын

Д.Гипоталамус

3.Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе:

А.Гипофункция

В.Гиперфункция

С.Гиповитаминоз

Д.Гипокинезия

4.Безді және жүйке ұлпаларынан тұрады:

А.Гипофиз

В.Эпифиз

С.Бүйрекүсті безі

Д.Жас безі

5.Пішіні домалақ без, салмағы

0,2 г, ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан:

А.Гипофиз

В.Эпифиз

С.Жұлын

Д.Мидың барлық бөлімдері

6.Ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі:

А.Ұйқы безі

В.Гипофиз

С.Қалқанша без

Д.Бауыр

7.Жыныстық жетілуден кейін кішірейетін без:

А.Гипофиз

В.Эпифиз

С.Бүйрекүсті безі

Д.Айырша без

8.Ағзадағы минералды заттар: су мен тұздардың мөлшерін реттейді:

А.Минералокортикоид

В.Тимозин

С.Паратгормон

Д.Өсу гормоны

9.Әрі сыртқы, әрі ішкі секреция безіне жатады:

А.Эпифиз

В.Гипофиз

С.Жыныс безі

Д.Бүйрек үсті безі

10.Қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны гликогенге айналдырады:

А.Вазопрессин

В.Соматотропин

С.Тимозин

Д.Инсулин

11.Гуморальдық реттелу:

А.Жүйке жүйесі арқылы

В.Гормон арқылы

С.Сопақша ми арқылы

Д.Лимфа арқылы

12.Бұл гормон жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді:

А.Инсулин

В.Норадреналин

С.Адреналин

Д.Тимозин

13. Гипофиз безінің гормондары басқара алмайтын без:

A.Эпифиз
B.Қалқанша без
C.Қалқанша маңы безі
D.Ұйқы безі
14. Бұл бездер паратгормон бөледі:

A.Қалқанша маңы безі
B.Қалқанша безі
C.Айырша без
D.Бүйрек үсті безі
15. Адамның көңіл-күйі күрт өзгерген кезде көп бөлініп,жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон.Оны”көңіл-күй”гормоны деп те атайды

A) Тимозин
B) Адреналин
C) Паратгормон
D) Өсу гормоны
16.Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше, гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді:

А.Глюкагон

В.Адреналин

С.Тироксин

Д.Тимозин

17.Кеуде қуысында орналасқан, кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады:

А.Гипофиз

В.Эпифиз

С.Жыныс безі

Д.Тимус

18.Бұл бездердің жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады:

А.Қалқанша безі, қалқанша маңы безі

В.Гипофиз, эпифиз

С.Сүт безі, жас безі

Д.Бүйрек үсті безі, тимус

19.Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық орналасқан:

А.Үлкен ми сыңарларында

В.Аралық мида

С.Ортаңғы мида

Д.Ми көпірінде

20.Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін гормон:

А.Адреналин

В.Вазопрессин

С.Окситоцин

Д.Кортизон

Контекст «Бездердің секреция типтері бойынша жіктелуі»

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

-Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);

-Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);

-Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

21.Бездердің ішінде түзілетін заттар:

А.Қан

В.Ұлпа сұйықтығы

С.Лимфа

Д.Секреция

22.Сыртқы секреция бездерінің белгілері:

А.Сөл бөлетін өзегі болмайды

В.Сөлі тікелей қанға бөлінеді

С.Сөлі өте аз бөлінеді

Д.Секреттері мүшелерге немесе дененің сыртына бөлінеді

23.Ішкі секреция бездерінің белгілері:

А.Секреттері көп түзіліп,бөлінеді

В.Бөліп шығарушы өзегі болады

С.Секреттері мүшелерге немесе дененің сыртына бөлінеді

Д.Сөлі гормондар деп аталады

24.Бездерден бөлінетін заттар:

А.Фермент

В.Қан

С.Секрет

Д.Лимфа

25.Безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер:

А.Бездер

В.Бүйрек

С.Тері

Д.Тырнақ

26.Тимозин гормоны жетіспесе:

A) қандағы лимфоцит жасушалары азайып, антидене түзілмейді
B) дауыс жіңішкереді
C) сүйектер қисайып, сынғыш келеді
D) тері майын түзеді
E) ағзаның иммундық қасиеті төмендейді
F) көкбауырдың мөлшері кішірейеді
27.Қалқанша безге тән сипаттамаларды тап.

А.Панкреатин сөлін бөледі

В.Көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан

С.Қыртысты және милы қабаттан тұрады

Д.Салмағы 30-60 г, пішіні таға тәрізді

Е.Үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг

Ғ.Тироксин гормонын бөледі

28.Қант диабеті ауруының негізгі белгілері:

А.Тамақты жиі қабылдайды

В.Бет сүйектері мен маңдайы алға шығыңқы болады

С.Қанда глюкоза мөлшері шектен тыс көбейеді

Д.Тілі аузына сыймайды

Е.Адам шөлдей береді

Ғ.Дауысы «гүжілдеп» жағымсыз шығады

29.Базедов немесе бадырақ көз ауруының белгілері:

А.Жүйке жүйесі шектен тыс қозады

В.Терінің түсі қола түстес болады

С.Жүрек жиі соғып, тыныс алу жиілейді

Д.Мұрт, сақал шығады

Е.Ұйқысы қашады, арықтайды

Ғ. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп,ұлғайып,салмағы 1 кг-ға жетеді

30.Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса:

А. Тістер өте сынғыш болып, оларда бор түстес дақтар пайда болады

В.Нәруыздар көмірсуға айналмайды

С.Ұлпаның оттекті қабылдауын жиілейді

Д.Тері пигментінің түзілуі баяулайды

Е.Қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері артады

Ғ.Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер түйіліп қалады

31.Адреналин гормонының қызметтерін тап.

А.Бұлшықеттердің жұмыс істеу қабілетін күшейтеді

В.Жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді

С.Қандағы қант мөлшерін арттырады

Д.Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді

Е.Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын реттейді

Ғ.Иммундық жүйенің қызметін реттейді

32.Теріден тыс рецепторлар кездесетін мүшелер:

А. Тері

В. Шел-май қабаты

С. Буын

Д. Бұлшықет

Е. Сіңір

Ғ. Қан

33.Ұйқы безіне тән сипаттамалар:

А. Аралас безге жатады

В. Инсулин, глюкагон гормондарын бөледі

С.Бүйректің жоғарғы ұшында орналасады

Д.Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді

Е.Пішіні үрмебұршақ тәрізді

Ғ.Ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының оң жағында қарынның астына таман орналасады

34.Жылу реттеу негізінен екі үдерістен тұрады:

А.Физикалық

В.Физиологиялық

С.Сүзілу

Д.Химиялық

Е.Қайта сіңірілу

Ғ.Ыдырау

35.Микседема ауруының белгілері:

А.Қалқанша бездің ұлпалары өсіп,ұлғайып,салмағы 1 кг-ға жетеді

В.Күш-қуаты аз, әлсіз болып,ұйқысы келе береді

С.Адам семіреді

Д.Бойы 2 м-ден асып кетеді

Е.Дене температурасы 350С болып, үнемі тоңады

Ғ.Көзі бадырайып, шарасынан шығып тұрады





















2-нұсқа

21Д

22Д

23Д

24С

25А

26АЕҒ

27ВДҒ

28АСЕ

29АСЕ

10Д

30АЕҒ

11В

31АВС

12Д

32СДЕ

13Д

33АВҒ

14А

34АД

15В

35ВСЕ

16А


17Д


18С


19В


20Д

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ