2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 8-сынып. Әдебиет. Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі.

8-сынып. Әдебиет. Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.2.1автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; мақсатына құрылған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Сарыарқа» өлеңі

31 сабақ.

Бөлім:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

20.11.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.2.1автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың мақсаты:

автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасай алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сарыарқа өлеңін оқығандар бар ма?



Өлеңнің идеясы неде?



Бүгінгі заман үлгісімен салыстырғанда қандай?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.









«Түртіп алу» әдісі.


1-тапсырма:

Өлеңде айтылған ойға сипаттама беріңдер.

Білгендеріңді бір – біріңе түсіндіріп, айтып береді.

Сипаттама береді.

Дескриптор: Жалпы – 2 балл.

- Өлеңге сипаттама береді.

Ойларын айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.

2-тапсырма:

Өлең құрылысына талдау жасату

Берілген өлең бойынша тапсырманы орындайды. Дәптерлеріне жазады.


Дескриптор: Жалпы - 5 балл.

  • Шумақ пен тармақты ажыратады

  • Бунағын көрсетеді

  • Буын санын біледі

  • Ұйқасын ажыратады

  • Идеясын айтады


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.

3-тапсырма:

Шығармада баяндалған оқиғалар тізбегіне назар аудара отырып, авторға мінездеме беріңдер.

Авторға мінездеме береді.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

Шығармада баяндалған оқиғалар тізбегіне назар аударады,

мысал келтіреді,

авторға мінездеме береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.







19 Қараша 2024
352
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі