Сыныбы: 8
сынып.
Сабақтың тақырыбы:
«Канайналым мүшелері»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске
түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу,
оның ішінде жүрек, қантамырлар және олардың құрлысы, қызметтерімен
танысу.
2.Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік,
еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты
өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге,
алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте
сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың
типі: Жаңа сабақты
түсіндіру
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі
сабақ
Сабақтың
әдісі: сөздік әдіс, викторина
әдісі,көрнекілік әдіс, сұхбаттасу.
Сабақтың
көрнекілігі: «Жүректің құрылысы», «Қан
тамырларының типтері», «Қанайналым» тақырыбындағы суреттер,
жүректің құрастырмалы үлгісі, интерактивті
тақта.
Сабақтың пәнаралық
байланысы: медицина,физиология
Сабақта қолданылған
әдебиеттер: 1.Биология:Жалпы білім беретін
мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра,
2008.
2.
www.metod-kopilka.ru/anaynalym_msheler.zhrek-an_tamyr
Сабақтың
жоспары:
І – Ұйымдастыру бөлімі
(1мин)
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру
(10мин)
ІІІ – Жаңа сабақты
түсіндіру(20мин)
ІV – Жаңа сабақты
қорытыландау(5мин)
V – Жаңа сабақты
бекіту(8мин)
VI – Үйге
тапсырма(1мин)
VII –
Бағалау(2мин)
Сабақтың
барысы: І – Ұйымдастыру
бөлімі
ІІ – Үй тапсырмасын
тексеру.( Оқушылардың өткен сабақта
«Организмнің ішкі ортасы» бөлімі бойынша орындаған тест
тапсырмаларының бағаларын айту және анаграммаларын
тексеру)
-
«Донор» дегеніміз? (...өз
еркімен ұан беретін адам)
-
Лейкоциттер қайда түзіледі?
(....сүйек кемігінде, көкбауыр мен лимфа
түйіндерінде)
-
Фагацитоз құбылысы дегеніміз
не? (...лейкоциттердің микроорганизмдер мен басқа бөгде денелерді
белсенді қоршап алуы және оларды сіңіру, қорыту
процесі)
ІІІ – Жаңа сабақты
түсіндіру.
І. «Ойға шақыру»
кезеңі(ребустағы жасырылған сөз арқылы жаңа сабақты
бастау)
ІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі(
жаңа сабақты оқу мен жазу стратегиясы арқылы түсіндіру). Жүректің
құрылысы:2жүрекше 2қарынша.Тұтас қалқа арқылы екі бөлікке
бөлінеді.Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара
байланысты болады.Оң жақ жүрек бөлігінде үш жақтаулы қақпақша.Сол
жақ жүрек бөлігінде қос жақтаулы қақпақша (митральды).Жақтаулы
қақпақшалар тек қарынша жаққа қарай ашылады. Бұған бір ұшы –
қақпақша жақтауына, екінші ұшы қарынша қабырғасын бекіген сіңір
жіпшелері себеп болды.
Жүрек қуыстарынан қанның ағу
бағыттары:Қан жүрекшеден қарыншаларға қарыншадан артерия
қантамырларына қарай ағады.Сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жұқа
қабық перикард қаптайды.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан
тұрадыЭпикард Миокард Эндокард.Жүректің сыртын қаптайды Ішкі
қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді.Көлденең бұлшық ет
ұлпасынан түзілген
Қан тамырлар түрлері:Артерия
(қызылтамыр).Қанды жүректен мүшелерге ұлпаларға
таратады.Капиллярлар (қылтамыр).Барлық мүшелерді торлайды, қан баяу
аққандықтан қабырғалары арқылы ұлпаларға оңай
өтеді
Вена(көктамыр).Мүшелер мен
ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға
қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды
ІV – Жаңа сабақты
қорытыландау
Қантамырлар
мүшелері
Жүрек
Тамырлар
Артерия Вена
Каппиляр
V – Жаңа сабақты
бекіту (Сұрақ қою
арқылы)
-Неліктен жүрек қуыстарының
миокард қалыңдығы әр түрлі? Жүрек құрылысының ерекшеліктеріне
байланысты ма?
-Қанайналым дегеніміз
не?
- Жүрек пішіні
қандай?
- Жүрек қабырғасы неше
қабаттан тұрады?
- Ең жіңішке
тамырлар?
- Вена тамырының
қызметі?
Рефлексифтік
тест
Оқушылар сұрақтарға «+» және «
- » белгілерін қойып сабақ туралы өз көзқарастарын
білдіреді.
1.Мен сабақтан көп жаңалық
алдым.
2.Бұл алған білім маған алдағы
өмірімде көмектеседі.
3.Сабақта қолданылған әдістер
маған ұнады.
4.Сабақтың барысында туындаған
сұрақтарға жауап алдым.
5.Мен сабаққа шын көңіліммен
қатыстым.
VI – Үйге
тапсырма. § 36. Сұрақтарға жауап
беру.
Жүрек құрылысының суретін
салу.
VII –
Бағалау.