жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8_сынып_БЖБ,ТЖБ_тапсырмалар_жинағы биология
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
Биология пәнінен жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
(8 - сынып)
Тараз -2019
ӘӨЖ 373
КБЖ 74.268,1
К17
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №2 , «14» напурызайы 2019 жыл).
Пікір жазғандар:
Зияева Г.К. – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Биология» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты.
Шаймерденова Г.З. – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Биология» кафедрасының доцент қызметін атқарушы, PHD.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым; Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары төрайымның орынбасары; А.М.Жапбасбаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, редактор; Н.Дубанов - Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі, Тараз педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері, сарапшы; А.Исакова – Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы гимназиясының мұғалімі, хатшы.
Құрастырғандар:
М. Кенжебекова – Шу ауданы, С.Сейфулин атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ж.Егизбаева – Жамбыл ауданы, А.Макаренко орта мектебінің мұғалімі, А.Исакова – Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы гимназиясының мұғалімі, Қ.Байгелова– Қордай ауданы, Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, Л.Искакова – Сарысу ауданы, Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің мұғалімі, Р.Баяхметова – Талас ауданы, А. Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының мұғалімі, Ұ.Ермекова – Меркі ауданы, №18 мектебінің мұғалімі, Ж.Тлебалдиева– Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің мұғалімі, А.Итебаев – Жуалы ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ш.Мукушев – Сарысу ауданы, Ж. Отарбаев атындағы мектебінің мұғалімі, А.Қалиева – Байзақ ауданы, Үлгілі орта мектебінің мұғалімі, Қ.Шметова – Мерке ауданы, №9 Владимир Савва атындағы мектеп лицейінің мұғалімі.
«БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ» 10-сынып, – Тараз, 2019. – 78 б.
ISBN
Әдістемелік құрал жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
ӘӨЖ 373
КБЖ 74.268,1
К17
ISBN 978-601-7108-39-7
© Тараз қ., 2019
КІРІСПЕ
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8- сынып оқушыларына «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған.
Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері рубрикалар сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшіліген, білім бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. Әдістемелік ұсыныстары дайындау барысында ресми-интернет сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейне материалдар қолданылды)
А Бөлімі
І-тоқсан. Бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
"Жасушалық және молекулалық биология" бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Бөлімше: - Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі.
Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның
болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы,
пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.
- Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш,
механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының
әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке
- Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер
арасындағы айырмашылық.
-
Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық
пен хитиннің маңызы және қызметтері.
Липидтердің қасиеттері мен қызметі.
Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз.
- Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері
Оқу мақсаттары: 8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру;
8.4.2.1 өсімдік пен жануар ұлпаларын жіктеу;
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып, полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау;
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің биологиялық қызметтерін сипаттау;
8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау.
Бағалау критерийі: Білім алушы:
-
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады;
-
Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын айырмашылықтары мен
ерекшеліктерін жіктейді;
-
Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты анықтайды;
-
Көмірсулар мен липидтің құрылымын сипаттайды;
-
Нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметін сипаттайды;
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну,қолдану ;
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма №1. Бір жауапты тест тапсырмалары
1.1. Зиянды немесе көректік заттарды ыдыратады
А. Рибосома
Б. Лизасома
В. Гольджи жиынтығы
Д. Эндоплазмалық тор
1.2. Домалақ пішінді қабықшасы жұқа жасушаралық кеңістіктері бар жасушадан тұрады
А. Бөліп шығарушы
Б. Өткізгіш ұлпа
В. Негізгі ұлпа
Д. Жабын ұлпа
Көп жауапты тест тапсырмалар
1.3. Прокариот жасушасының құрылысында кездесетін органоидты белгілеңіз:
А.лизосома
Б.Гольджий жиынтығы
В.ДНҚ -ң сақинасы
Г.хлоропласт
Д.Плазмалық мембана
Е. Ядро
1.4. Негізгі органикалық заттарға
А. Нуклеин қышқылы
Б. Су
В. Гормондар
Г. Минералды заттар
Д. Тұздар
Е. Барлық жауаптары дұрыс
1.5. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын және қызметін сәйкестендіріңіз:
-
1
Мурейн
А. АТФ үдерісі кристалдарда-ішкі мембрана өсінділерінде жүреді
2
Митохондрия
В. Хромосомалар мен ядрошық жүзіп жүретін ядро шырыны
3
Кариоплазма
С. Бактериялардың жасуша қабырғасы
1 –_________
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген