8 сынып. Дайын БЖБ 3-тоқсан қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 сынып. Дайын БЖБ 3-тоқсан қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып Қазақ әдебиеті. Дайын БЖБ 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім бойынша жиынтық бағалау 3-тоқсан 8-сынып

Бөлім «Махаббат және абырой»


Оқылатын шығарма


М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы


Оқу мақсаты


8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда

тура және жанама мінездеулерді жіктеу

8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті

жазу.


Бағалау критерийі


Білім алушы

кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді

жіктейді.




Ойлау дағдыларының деңгейі

шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма

1.Берілген мысалдарды тура және жанама мінездеу түріне жіктеңіз.


р/с

Мысалдар

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

1

Үш жарым айда Жамал мұғалімнің ыждағаты, өзінің өткір зейіні саясында хат танып, жазарлықтай болды.



2

Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, Алла тағала менің маңдайымды ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді, –

деп қасіреттеніп, мұңлы дауыспен жауап берді.



3

Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз һәм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға, бірін – «сары Жұман», бірін – «тапал Жұман»,

Байжанның баласын – «таз Жұман» деуші еді.



4

Фатихолла бай арба-сайман һәм елу теңге ақша беріп, қаладан шығарып салып, «қайырлы сапар» деп, дұғада болып қалды. Ғали, Жамал да өздерінің ата-анасынан айырылғандай болып қимай, жылап айырылысты.



5

Сәрсенбайдың жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім һәм бұл сапарда да пікірі

тамам көрініп қалған себепті, енді бұл тұста Сәрсенбаймен ақылдасып, бастарына түскен уайымды бөлісуден үміт үзіп, сол түннен бастап былай Жамал хақында Шолпан Сәрсенбаймен һеш нәрсе сөйлеспейтін болды.





2-тапсырма

Берілген үзіндіні қайта өңдеп, қарамен берілген сөйлемдерді ерекше пафоспен креативті жазыңыз.


...Мұғалім кеткеннен кейін Жамал һәмен қисса оқитын болып, атасы да тыңдаудан жалықпаушы еді. Үйге бір қонақ келіп қонса да:

-Жамалжан, қонағыңа қызмет ет, қисса оқы, «Сал-салың» қайда, «Қыз Жібегің» қайда?-деп, куә болып отырушы еді. Жамал да ерінбей, қиссаларды басынан аяғына шейін оқып тастаушы еді. Жамалдың оқымаған қазақ қиссасы бек аз еді. Ел аралаған мелішші саудагерде нендей жаңа қисса болса,атасы оған шығынсынбай алып беруші еді. Жамалдың бір кішкене сандығын ашып қараған кісі: «Сал-сал», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Көр бала», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман-Шолпан», «Бозжігіт», «Шәкір-Шәкірат», Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір молданың өлеңдері һәм басқа сол секілді кітаптарды көрер еді.Хәттә Жамал сол хиссалардың бағзы бір өлеңдерін жатқа да біліп, бір ойынға бара қалса: «Жамал, өлең айт» дегенде тартынбай айтып салушы еді. Осындай хиссаларды оқумен һәм ел ішіндегі айтып жүрген қыз-бозбаланың өлеңдерін жазып алумен, молдадан оқып жүрмесе де, жазуын күннен-күнге дұрыстап бара жатты.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дeскриптор

Бaлл




Кейіпкерді сомдаудағы тура және жанама мінездеуді жіктейді.


1

тура мінездеуді жіктейді



жанама мінездеуді жіктейді

1

1

1

1

1







Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.



2

Шығармадан алған үзіндіні қайта өңдеп жазады.

Кeйіпкерді сипаттауда ерекше пафос қолданады.

Креативті ойын жеткізеді.

Шығармадағы негізгі ойды сақтайды.

1


1


1

1








Барлығы

9 балл
























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі