2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 8-сынып геометрия пәніне арналған БЖБ тапсырмалары

8-сынып геометрия пәніне арналған БЖБ тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып геометрия пәніне арналған барлық тоқсан бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары жиынтығы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады













Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар


Геометрия


8-сынып
































Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. 




Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері

Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары


Оқу мақсаты

8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығару

8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану

8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану


Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолданады

  • Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады

  • Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін есеп шығаруда қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

1-нұсқа

1. Алты буынды жай тұйық сынық сызықты салыңыз. [2]

2. Дұрыс: а) үшбұрыштың; ә) төртбұрыштың; б) бесбұрыштың; в) алтыбұрыштың бұрыштарын табыңдар. [4]


3. Үшбұрыштың қабырғалары 8 см, 10 см және 12 см. Төбелері осы үшбұрыштың қабырғаларының орталары болатын үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. [3]

4. Параллелограммның бір бұрышы екіншісінен -қа үлкен болса, онда оның бұрыштарын табыңдар. [3]


2-нұсқа

1. Бес буынды тұйық сынық сызықты салыңыз. [2]

2. Дұрыс: а) үшбұрыштың; ә) төртбұрыштың; б) бесбұрыштың; в) алтыбұрыштың бұрыштарын табыңдар. [4]

3. Үшбұрыштың қабырғалары 6 см, 8 см және 10 см. Төбелері осы үшбұрыштың қабырғаларының орталары болатын үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. [3]

4. Параллелограммның бір бұрышы екіншісінен -қа үлкен болса, онда оның бұрыштарын табыңдар. [3]








Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сынық сызық салады

1

Алты(бес) буынды сынық сызық ережесін қолданады

1

Сызбасын салады

1

Көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қолданады.

2

Дұрыс үшбұрыш бұрыштарын табады

1

Дұрыс төртбұрыш бұрыштарын табады

1

Дұрыс бесбұрыш бұрыштарын табады

1

Дұрыс алтыбұрыш бұрыштарын табады

1

Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін есеп шығаруда қолданады.


3

Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыш орта сызықтарын жүргізеді

1

Үшбұрыштың орта сызықтарын табады

1

Пайда болған үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын анықтайды

1

Параллелограмның қасиеттерін қолданып, есеп шығарады.


4

Берілген бұрыштарды өрнектейді


Параллелограмм бұрыштарының қосындысын өрнектейді


Параллелограмм бұрыштарын анықтайды


Жалпы балл

12





























2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу


Оқу мақсаты

8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу

8.1.3.24 мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табады

8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану


Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолданады

  • Тригонометриялық функциялардың мәндерін олардың біреуінің берілген мәні арқылы табады

  • Берілгендері бойынша үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

І нұсқа

1. Берілген сызба бойынша А бұрышының тригонометриялық функцияларының мәндерін табыңыз. [4]

2. Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын және оның периметрін табыңыз. [4]

3. Қабырғалары төмендегідей болатын үшбұрыштар тікбұрышты үшбұрыш болады ма? [3]

а) a=12, b=5, c=13;

ә) a=10, b=4, c=14;

4. Тікбұрышты трапецияның ED қабырғасын табыңыз. [3]

ІІ нұсқа

1. Берілген сызба бойынша M бұрышының тригонометриялық функцияларының мәндерін табыңыз. [4]

2. Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын және оның периметрін табыңыз. [4]

3. Қабырғалары төмендегідей болатын үшбұрыштар тікбұрышты үшбұрыш болады ма? [3]

а) a=15, b=8, c=17;

ә) a=11, b=5, c=16;

4. Тікбұрышты трапецияның EС қабырғасын табыңыз. [3]



















Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл


Білім алушы


Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолданады.


1

А бұрышының синусын табады

1


А бұрышының косинусын табады

1


А бұрышының тангенсін табады

1


А бұрышының котангенсін табады

1


Берілгендері бойынша үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады.

2

-қа қатысты теореманы қолданып гипотенузаны табады

1


Пифагор теоремасын қолданады

1


Катетін табады

1


Үшбұрыштың қабырғалары бойынша периметрін табады

1


Пифагор теоремасы

3

Катеттерін квадраттап қосады

1


Берілген гипотенузаға тең/тең емес екендігін анықтайды

1


Жауабын жазады

1


Трапеция қасиеттері

4

F төбесінен биіктік түсіреді

1


Пифагор теоремасын қолданып биіктікті табады

1


ED қабырғасын табады

1





































3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Фигураның ауданы және оның қасиеттері

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары


Оқу мақсаты

8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады

  • Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады

  • Трапецияның ауданын табады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

25 минут

1-нұсқа


Тапсырма

1. Қабырғасы 6 см және бір бұрышы: а) б) с) болатын ромбының ауданын табыңдар. [3]


2.Үшбұрыштың ауданы 30-ға және бір қабырғасы 10-ға тең. Осы қабырғаға түсірілген биіктікті табыңдар. [3]


3. Трапецияның табандарының ұзындықтары 11 см және 19 см. Трапецияның ауданы 180 . Трапецияның биіктігінің ұзындығын табыңдар. [3]


4. Параллелограмның қабырғаларының қатынасы 3:4, ал периметрі 2,8 м. Параллелограмның қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар. [3]


2-нұсқа


Тапсырма

1. Қабырғасы 8 см және бір бұрышы: а) б) с) болатын ромбының ауданын табыңдар. [3]


2.Үшбұрыштың ауданы 40-ға және бір қабырғасы 10-ға тең. Осы қабырғаға түсірілген биіктікті табыңдар. [3]


3. Трапецияның табандарының ұзындықтары 11 см және 19 см. Трапецияның ауданы 180 . Трапецияның биіктігінің ұзындығын табыңдар. [3]


4. Параллелограмның қабырғаларының қатынасы 2:5, ал периметрі 2,8 м. Параллелограмның қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар. [3]






Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады.

1

Бір бұрышы -қа ромб ауданын табады

1

Бір бұрышы -қа ромб ауданын табады

1

Бір бұрышы -қа ромб ауданын табады

1

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады

2

Үшбұрыш ауданы формуласын көрсетеді

1

Берілген мәндерді формулаға қояды

1

Биіктігін есептейді

1

Трапецияның ауданын табады.


3

Трапеция ауданы формуласын көрсетеді

1

Биіктігін табу формуласына түрлендіреді

1

Формулаға қойып есептейді

1

Параллелограм қабырғаларының ұзындықтарын табады

4

Параллелограм периметрі формуласын көрсетеді

1

Берілген қатынасты қолданып, теңдеу құрады

1

Теңдеуді шешіп, жауабын табады

1

Жалпы балл:

12



































4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Жазықтықтағы координаталар әдісі

Мәтін есептерді шығару


Оқу мақсаты

8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу

8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару


Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады

  • Шеңбердің теңдеуін құрады

  • Координатамен берілген есептерді шығарады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

1. АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз.

[3]


2. АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз.

[3]


3. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы үшін:

а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз;

b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз;

с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

[6]



















Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

1

екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады

1

теңдеу құрады

1

теңдеуді шешіп, айнымалылардың мәндерін табады

1

Шеңбердің теңдеуін құрады.

2

шеңбер центрінің координаталарын табады

1

шеңбердің радиусын табады

1

шеңбердің теңдеуін жазады

1

Координатамен берілген есептерді шығарады.

3

үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табады (кем дегенде екі қабырғасының ұзындықтарын анықтайды)

1

үшбұрыштың түрін анықтайды

1

кесіндінің қақ ортасының координатасын табу формуласын қолданады

1

кесіндінің ортасының координатасын есептейді

1

ВК кесіндісінің ұзындығын табады

1

үшбұрыштың ауданын анықтайды

1

Жалпы балл:

12



27 Наурыз 2025
112
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі