«Қ.Бітібаеваның оқушылардың өзін-өзі оқыту технологиясы негізіндегі зерттеу, іздендіру бағытында тапсырма беру тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбы , онлайн желісінде М.Әуезовтің «Қараш - Қараш оқиғасы» атты сабағы бойынша іс-тәжірибесімен бөлістім
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін!
Сіздерге ұсынғалы отырған сабағым 8-сыныптағы М.Әуезов шығармашылығынан берілген «Қараш-қараш оқиғасы»
Сабақ құрылымы:
Типі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:Мәтінмен жұмыс,іздендіру,салыстыру,миға шабуыл сұрақтары,сұрақ-жауап әдісі
Технологиясы:Қ.Омарғалиқызының «Ой тастау,ойланту»технологиясы
Мақсаты: Хикаят бойынша алған білімдерін қорытады, жинақтайды, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды.
Міндеттері:
1.Шығарманың мазмұнын
толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның
саяси құпиясын ұғынады.
2.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу
қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен
салыстырады
Сабақ кезеңдері:
І кезең.
Алдын-ала берілген тапсырма:
КЖТ(конструкциялық жобалау технологиясы)бойынша жұмыс (диагностика)
---- М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы туралы әр топ өз жобаларын қорғайды.
Шығарма авторымен таныс болғаннан кейін нег»згі тақырыпқа көшеміз.
----Хикаят көлемі жағынан көлемді,көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан бағдарламадағы берілген 3 сағат ішінде оны талдау да күрделі маселе. Сондықтан да өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастау қажет.
---- Хикаяның ұзақтылығы ескеріліп оқушының тез оқуы, қызығушылығын арттыру мақсатында әр тарауға тақырып қойып ондағы басты оқиғаларды анықтау. Яғни повесті әрі қарай талдау мазмұнын меңгеруден басталмақ.
1. Тектіғұлдың өлімі
2. Түнгі жортуыл
3. Соққы
4. Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл
5. Болыстық маңындағы талас
6. Сатқындық
7. Қашқын Бақтығұл
8. Қанды кек
ІІ кезең. Іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар
---Жазушының суреткерлік шеберлігі (мәтінмен жұмыс)
-
Ұлттық бояу ....
-
Пейзаж...
-
Шыншылдық.....
-
Портрет....
--- Сызда кесте толтыру (көркемдік әдісі мен тәсілін анықтау)Топпен жұм
ІІІ кезең.«Миға шабуыл»
- Бақтығұлдың барымтаға аттануына,ұрлық жасауына қалай қарайсын?
- Жарасбайды өлтіруі қылмыс па? (ойыңды дәлелдеуге тырыс)
ОЖ: - Бақтығұл өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған адам. Інісінің өлімі Бақтығұлдың жан дүниесін қатты сілікті, кеудесі шермен бірге кекке толды.
-- Ары, ұяты, кегі оянған Бақтығұл өзіне сонша қиянат жасаған, сезімі, сенімін алдаған Жарасбайға өлім үкімін шығарады. Ез, қор құрбан емес, жаулары күшін таптағанмен, ары, жанын толық таптай алмағандарын ісімен көрсетеді. Сөйтіп, Бақтығұл екі жүзді, іші тар, сатқын, мал соңында мал болып кеткен жауызға өз қолымен үкім шығарады.
- «Қараш - Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген?
ОЖ: Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы
- Автор қорғансыздарын қорғай ма?
ОЖ: -- Біздің ойымызша, қорғай алды. Өйткені кейіпкерін сол бетінде қол шоқпар, барымташы,сорлы малай, қорғансыз күйінде қалдырмай күшті рухы бар, батыл шешім қабылдайтын бірбеткей Бақтығұлға айналдырды.
--Шығарма неге «Қараш - Қараш оқиғасы» деп аталған?
Сурет бойынша аздаған мәлімет беру
---Караш асуы туралы түсінік беру Қараш — Іле Алатауындағы жота. Негізі тау сілемдерінен оқшаулана орналасқан
----Әңгіменің түйінін айту
Тектіғұлдың соңғы айтары:
Кегім...кегім кетті...деген күйініш сөз.
Бүкіл шығармаға түйін болып, Бақтығұлды жұрттан бөлек сыңайға мінгізген де осы бір зілді сөз.
- сюжеті кең. мазмұны терең. әлеуметтік сарын айқын, құрылысы анық.тілі көркем
Үйге тапсырма: «Асуда атылған оқ» к/ф көру,салыстыру :Мақсат қазақ жазушылары шығармаларының желісімен түсірілген кинолар көруіне ықпал жасау. Көнерген сөздерді теріп жазу.
Сөзімді қорытындылай келе , өзіндік ойы,пікірі бар шығармашыл ізденістегі тұлғаны баулуда Қанипа апайдың ой тастау, ойланту технологиясының тиімділігі өте зор.
Назарларыңызға рахмет!


жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8-сынып М.Әуезов шығармашылығы «Қараш-қараш оқиғасы»
«Қ.Бітібаеваның оқушылардың өзін-өзі оқыту технологиясы негізіндегі зерттеу, іздендіру бағытында тапсырма беру тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбы , онлайн желісінде М.Әуезовтің «Қараш - Қараш оқиғасы» атты сабағы бойынша іс-тәжірибесімен бөлістім
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін!
Сіздерге ұсынғалы отырған сабағым 8-сыныптағы М.Әуезов шығармашылығынан берілген «Қараш-қараш оқиғасы»
Сабақ құрылымы:
Типі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:Мәтінмен жұмыс,іздендіру,салыстыру,миға шабуыл сұрақтары,сұрақ-жауап әдісі
Технологиясы:Қ.Омарғалиқызының «Ой тастау,ойланту»технологиясы
Мақсаты: Хикаят бойынша алған білімдерін қорытады, жинақтайды, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды.
Міндеттері:
1.Шығарманың мазмұнын
толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның
саяси құпиясын ұғынады.
2.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу
қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен
салыстырады
Сабақ кезеңдері:
І кезең.
Алдын-ала берілген тапсырма:
КЖТ(конструкциялық жобалау технологиясы)бойынша жұмыс (диагностика)
---- М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы туралы әр топ өз жобаларын қорғайды.
Шығарма авторымен таныс болғаннан кейін нег»згі тақырыпқа көшеміз.
----Хикаят көлемі жағынан көлемді,көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан бағдарламадағы берілген 3 сағат ішінде оны талдау да күрделі маселе. Сондықтан да өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастау қажет.
---- Хикаяның ұзақтылығы ескеріліп оқушының тез оқуы, қызығушылығын арттыру мақсатында әр тарауға тақырып қойып ондағы басты оқиғаларды анықтау. Яғни повесті әрі қарай талдау мазмұнын меңгеруден басталмақ.
1. Тектіғұлдың өлімі
2. Түнгі жортуыл
3. Соққы
4. Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл
5. Болыстық маңындағы талас
6. Сатқындық
7. Қашқын Бақтығұл
8. Қанды кек
ІІ кезең. Іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар
---Жазушының суреткерлік шеберлігі (мәтінмен жұмыс)
-
Ұлттық бояу ....
-
Пейзаж...
-
Шыншылдық.....
-
Портрет....
--- Сызда кесте толтыру (көркемдік әдісі мен тәсілін анықтау)Топпен жұм
ІІІ кезең.«Миға шабуыл»
- Бақтығұлдың барымтаға аттануына,ұрлық жасауына қалай қарайсын?
- Жарасбайды өлтіруі қылмыс па? (ойыңды дәлелдеуге тырыс)
ОЖ: - Бақтығұл өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған адам. Інісінің өлімі Бақтығұлдың жан дүниесін қатты сілікті, кеудесі шермен бірге кекке толды.
-- Ары, ұяты, кегі оянған Бақтығұл өзіне сонша қиянат жасаған, сезімі, сенімін алдаған Жарасбайға өлім үкімін шығарады. Ез, қор құрбан емес, жаулары күшін таптағанмен, ары, жанын толық таптай алмағандарын ісімен көрсетеді. Сөйтіп, Бақтығұл екі жүзді, іші тар, сатқын, мал соңында мал болып кеткен жауызға өз қолымен үкім шығарады.
- «Қараш - Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген?
ОЖ: Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы
- Автор қорғансыздарын қорғай ма?
ОЖ: -- Біздің ойымызша, қорғай алды. Өйткені кейіпкерін сол бетінде қол шоқпар, барымташы,сорлы малай, қорғансыз күйінде қалдырмай күшті рухы бар, батыл шешім қабылдайтын бірбеткей Бақтығұлға айналдырды.
--Шығарма неге «Қараш - Қараш оқиғасы» деп аталған?
Сурет бойынша аздаған мәлімет беру
---Караш асуы туралы түсінік беру Қараш — Іле Алатауындағы жота. Негізі тау сілемдерінен оқшаулана орналасқан
----Әңгіменің түйінін айту
Тектіғұлдың соңғы айтары:
Кегім...кегім кетті...деген күйініш сөз.
Бүкіл шығармаға түйін болып, Бақтығұлды жұрттан бөлек сыңайға мінгізген де осы бір зілді сөз.
- сюжеті кең. мазмұны терең. әлеуметтік сарын айқын, құрылысы анық.тілі көркем
Үйге тапсырма: «Асуда атылған оқ» к/ф көру,салыстыру :Мақсат қазақ жазушылары шығармаларының желісімен түсірілген кинолар көруіне ықпал жасау. Көнерген сөздерді теріп жазу.
Сөзімді қорытындылай келе , өзіндік ойы,пікірі бар шығармашыл ізденістегі тұлғаны баулуда Қанипа апайдың ой тастау, ойланту технологиясының тиімділігі өте зор.
Назарларыңызға рахмет!


шағым қалдыра аласыз


