Титул
парағы
-
-
-
-
-
Мектепішілік пән
олимпиадасы
|
Оқу
пәні:
қазақ
тілі
|
Мектеп:
|
Оқушының аты-жөні:
|
Сынып:
|
Мәтінді оқып, 1-13 сұрақтарға жауап
беріңіз.
Көне түркі жазба ескерткіштері – түркі
халықтарының тарихы мен мәдениетінің маңызды куәгерлері болып
табылады. Олар V-XI ғасырларға тиесілі, және олардың жазбалары
көбінесе Орхон-Есік жазбалары ретінде белгілі. Бұл ескерткіштер
түркі тілдерінің дамуы, көне түркі қоғамдық құрылымы, дін, мәдениет
және тілі туралы мол мәліметтер береді.
Ең танымал көне түркі жазба ескерткіштері
мыналар:
1. Орхон жазбалары – Түрік қағанатының
ескерткіштері, ыдыраған түркі мемлекетінің тарихын баяндайды. Ең
өзекті жазбалардың қатарына "Түрік қағанының ескерткіші" мен
"Күлтегін ескерткіші" жатады. Бұл жазбалар Орталық Азиядағы түркі
халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуде аса
маңызды.
2. Тоныкөк жазбасы – Тоныкөк есімді түркі
батырының ескерткіші, оның өмір бойы басшылық еткен қағанаттарының
тарихын қамтиды.
3. Білге қағанның ескерткіші – Бұл жазба
түркі халықтарының өмірі, мәдениеті мен дінінің аспектілерін
сипаттайды.
Көне түркі жазба ескерткіштері, соның ішінде
руна (жазбаша) ескерткіштер, түркі тілдерінің грамматикасы мен
лексикасын зерттеуге, сондай-ақ тарих пен мәдениет туралы бағалы
ақпарат алуға мүмкіндік береді. Оларды зерттеу түркі халықтарының
өткенін, дәстүрлерін және дүниетанымын тереңірек түсінуге
көмектеседі.
1. Көне түркі жазба ескерткіштері қай ғасырларға
жатады? [1]
A. V-III ғасырлар
B. III-V ғасырлар
C. V-XI ғасырлар
Д. XI-XV ғасырлар
2. Көне түркі ескерткіштері қандай жазбалар
ретінде белгілі? [1]
A. Отырар жазбалары
B. Орхон-Есік жазбалары
C. Тараз жазбалары
Д. Жетісу жазбалары
3. Орхон жазбаларының мәдениет пен тарихты
зерттеудегі маңызы қандай? [1]
A. Олар тек әдебиетпен байланысты
B. Олар түрлі әңгімелер мен аңыздардан
тұрады
C. Олар түркі халықтарының мәдениеті мен тарихын
баяндайды
Д. Оларда тек саяси жағдайлар
жазылған
4. Көне түркі жазба
ескерткіштерінде қандай қоғамдық мәселелер қозғалады?
[1]
A. Экономикалық дағдарыстар
B. Соғыс пен жеңістер
C. Қоғамдық құрылым, дін және мәдениет
Д. Табиғат қорғау мәселелері
5. Орхон жазбалары қай тарихи кезеңге
жатады? [1]
A. Алтын Орда кезеңі
B. Түрік қағанаты кезеңі
C. Қараханидтер кезеңі
Д. Моңғол империясы кезеңі
6. "Күлтегін ескерткіші" қай қағанаттың
ескерткіші болып табылады? [1]
A. Қараханидтер
B. Ақ Орданың
C. Түрік қағанаты
Д. Сасани мемлекеті
7. Тоныкөк жазбасы кімге арналған?
[1]
A. Түрік қағандарына
B. Тоныкөк есімді батырға
C. Шыңғыс ханға
Д. Алтын Орданың хандарына
8. Түрік қағанатының ыдырауын баяндайтын
жазбалардың бірі неден бастау алады? [1]
A. Тоныкөк жазбасынан
B. Күлтегін ескерткішінен
C. "Түрік қағанының ескерткішінен"
Д. Кодекс Дмитриевскийден
9. Мәтіндегі күрделі құрама атауды
табыңыз. [1]
А. Тоныкөк
В. Орхон
С. Орталық Азия
Д. Көне түркі
10. «Қаған» сөзінің мағынасы. [1]
А. Ертедегі түркі қағанаттарының басшыларына
берілетін ең үлкен атақ, хандардың ханы
В. Топ жетекшісі, ұйымдастырушы, басқарушы
адам
С. Ержүрек, қайсар адам, бетке ұстар
тұлға
Д. Ел қамы үшін жаумен айқасып жеңіп шыққан
ержүрек адам
11. Көне түркі жазба ескерткіштері жазылған
жазу. [1]
А. Араб
В. Руна
С. Крилл
Д. Төте жазу
12. Түркі халықтарының өмірі, мәдениеті және
діни көсқарастары баяндалған жазу. [1]
А. Төныкөк жазбасы
В. «Күлтегін» жыры
С. Білге қағанның ескерткіші
Д. Орхон жазбалары
13. Тоныкөк деген кім? [1]
А. Уәзір
В. Қаған
С. Батыр
Д. Әскер басы
Мәтінді оқып, 14-20 сұрақтарға жауап
беріңіз.
Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы,
олардың әлеуметтенуі көкейкесті мәселелерге айналып отыр, себебі
олардың өмірлік бағыт(бағдарларын) анықтайтын қоғамдық қатынастарға
икемделуі тұлға(аралық) қарым-қатынастарға, ұлт(аралық)
қарым-қатынастарға, гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам
баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық,
әлеуметтік ортасы, ұлттық салт-дәстүрлері көп әсер етеді.
Кез(келген) жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен
қатар ұлттық сана сезімдері, ұлт(жандылығы), ана тіліне деген
сүйіспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске
асатыны анық. Тіл – адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал
басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске
асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар
шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Тек білім алу үшін ғана
шет тілдері оқытылмайды, ол
– практикалық қажеттілік, ол – заман талабы. Бірақ ұлттық
сана-сезім дамуының іргетасы – ана тіліне деген
сый-құрмет.
Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын
бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай
ұлағатты ойлар күні бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға
анық: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін
сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға
болмайды»
14.Мәтіндегі қос сөзді табыңыз. [1]
A.Кез(келген)
B.
Тұлға(аралық)
C.
Бағыт(бағдар)
Д.
Ұлт(жандылық)
15.
Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. [1]
А.
Гуманистік қарым-қатынас
В.
Көптілділік маңызы
С.
Ұлттық көзқарас
Д.
Ұлттық сана-сезім мен ана тілі
16.
Мақалды табыңыз. [1]

А. Ағыны
қатты су да көпірсіз болмас
В. Досың
дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
С. Тілде
тиек жоқ, ауызда жиек жоқ.
Д. Тіл –
достықтың алтын көпірі.
17. Мәтінге сай тақырыпты анықтаңыз.
[1]
А. Ана тілі – баға жетпес құндылық
В. Көптілділік – заман талабы
С. Ұлттық тәлім-тәрбие маңызы
Д. Полиглот – ең мәдениетті адам
18. Ана тілін білу маңызы қай абзацта
айтылған? [1]
А. І
В. ІІ
С. ІІІ
Д. І мен ІІ
19. Мәтіндегі дәйексөздің идеясын
анықтаңыз. [1]
А. Көптілділік – мәдениеттіліктің
көрсеткіші
В. Өз ана тілі мен әдебиетін сыйламайтындарды
зиялы, мәдениетті адам деуге болмайды
С. Ана тілін құрметтеу – әркімнің
міндеті
Д. Заман талабына сай мәдениетті адам болу үшін
шет тілдерін құрметтеу керек
20. Құндылық сөзінің мағынасын табыңыз.
[1]
А. Маңыздылық, мәнділік
В. Аса қымбат әрі қолжетімсіз зат
С. Сәнділік, сұлулық
Д. Ауқатты адамдарға ғана тиесілі жекеменшік
зат
ІІ.
Эссе жазыңыз.
-
Эссе тақырыптары: 1) Ақтамберді жыраудың
«Балаларыма өсиет» толғауын негізге алып, «Бабалар аманаты»
тақырыбында эссе жаз. 2) «Бейбітшілік - ел тірегі» тақырыбында
ойыңызды нақты дәлелдермен талдап эссе жазыңыз
Эссе тақырыптарының біріншісі оқу
бағдарламасынан алынған, екіншісі еркін тақырып.
Көлемі - 150-180 сөз.
-
Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
І тур
|
1-20
|
Дұрыс
жауабын табады.
|
20
|
ІІ тур
|
1
|
Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық,
ой байланысы, мазмұндау жүйелілігі
|
2
|
Мәселені берілген тақырып аясында нақты
дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі
|
2
|
Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен
дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты
дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен
дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы
|
2
|
Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде
салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау
ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету,
пікірдің шынайылығы
|
2
|
Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары,
орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы
|
2
|
Барлығы
|
30
|