|
Бөлім: |
8.2А Заттардың тасымалдануы |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Батырханова Гүлжайна |
|
Күні: |
07.11.2024ж |
|
Сыныбы: 8 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық.». |
|
Сабақтың мақсаты: |
8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 10 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Тілек айту» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтуды ұсыну. ә). Топ ережесін еске түсіреді. б). Топтастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тест арқылы білімін тексеру.
А. Тер; Б.Қан; В.Несеп; Г. Лимфа; Д. Ұлпа сұйықтығы 2. Қан қандай ұлпаға жатады. А. Эпителий; Б. Дәнекер; В. Жүйке; Г.Жабын; Д. Бұлшықет; 3.Ағзадағы зат алмасуға қатысатын мүше . Тер; Б.Қан; В.Несеп; Г. Лимфа; Д. Ұлпа сұйықтығы 4. Ағзада микропқа сүзгі болатын мүшелерлді көрсет? А. Лимфа; Б. Көкбауыр; В. Бадамша без; Г.Ұлпа сұйықтығы; Д.Аппендикс; 5.Ересек адамда шаммен қанша литр қан бар? А. 2; Б.4; В.5; Г. 6; Д.7;
|
Оқу-құралдарын дайындау. Бір-бірлеріне жақсы сөз немесе тілек айтады: «Қарақат сен бүгін өте әдемісің», «Айсағым сен көктемгі гүлдей құлпырып тұрсың» Дескриптор: Адам ағзасының ішкі орта сұйықтығын көрсетеді; Қан қандай ұлпаға жататынын анықтайды; Ағзадағы зат алмасуға қатысатын мүшені анықтайды; Ағзада микропқа сүзгі болатын мүшелерді көрсетеді; Ересек адамда шамамен қанша литр қан бар екенін анықтайды. |
Қалыптастырушы бағалау Жарайсың, жақсы, талпын |
Презентация Жұмыс дәптерлері, Биология оқулығы 8-сынып «Атамұра» баспасы. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 30 мин. |
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға жүмбақ жасыру. Сыртқа шығар жолы тұйық, түсі шымқай қызыл сұйық (Қан) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қанның құрамы мен қызметі
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді Қанның құрамы. Қан дене массасының 6–8%-ын құрайды. Ол сұйық бөлік – плазма (55%) мен қатты тұнбаға – қан жасушаларына (45%) жақсы бөлінеді (48-сурет). Қан плазмасы. Плазма 90% судан тұрады. Тұздар глюкоза, аминқышқылдары, кейбір гормондар мен басқа заттар суда ериді және еріген күйінде тасымалданады. Су бұлшық етте, бауырда және ішекте жылынып, тері мен өкпеге жылуын береді. Мысалы, плазма құрамындағы су заттардың тасымалы мен жылу алмасуды жүзеге асырады. Плазмада тұрақты концентрацияда – 0,9% тұздар (NаСl және т.б.) болады. Осылай қан жасушаларының қалыпты күйі қамтамасыз етіледі. Олардың физиологиясы сақталады, сондықтан тұздардың осындай концентрациясын физиологиялық ерітінді деп атайды. 48-сурет.– ми және бұлшық ет (жүрек) жасушалары үшін негізгі энергия көзі. Плазма нәруыздары 7–8% құрайды және үш топқа бөлінеді: альбуминдер (қан арқылы май тәрізді заттардың тасымалдануы; майлардың қайта таралуы және т.б.); глобулиндер (антидене, ауру тудыратын микробтардан қорғау) және фибриноген (қанның ұюы) Формалы элементтер – бұл қан жасушалары. Олардың үш түрі бар: эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер (49, 50-суреттер). Қанның барлық жасушалары сүйек кемігінде түзіледі де, бауырда және көкбауырда тіршілігін жояды. Қан жасушаларының әрбір түрінің өз ерекшеліктері бар, ол белгілі бір қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Эритроциттер – қанның ең ірі жасушалары. 1 мм3 қандағы мөлшері – 4,5–5 млн. Олар қызыл түсті, екі жағынан иілген дискі пішінді, ядросы жоқ, 120 тәулік тіршілік етеді. Оларда күрделі нәруыз – гемоглобин болады. Ол оттек (өкпеден мүшелерге) пен көмірқышқыл газын (өкпеге) тасымалдайды. Темірдің оттекпен қосылуы қызыл түс береді (тот басу). Сондықтан эритроциттер қызыл түсті, қан да қызыл түсті, ал гемоглобинді қан пигменті деп атайды. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшері тұрақты болады: 120–150 г/л (12–15 г/100 мл). Егер адамда қанының құрамында гемоглобин, темір, эритроциттер мөлшері азаятын болса, анемия ауруы (қаназдық) аурына шалдығады. Емдеу жолы: 78 құнарлы тамақтану, құрамында темір бар препараттар мен өнімдер, В12 дәруменін пайдалану. А Тапсырма Сандық сипаттағы ақпараттарды қанның жасушаларымен сәйкестендіреді
В. Тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
С.Тапсырма. Қан жасушаларына назар аударыңыз
Қандай қан жасушалары бейнеленген, анықтаңыз.
А------------------------------------------------------ В------------------------------------------------------ С------------------------------------------------------ (а) кестені толтырыңыз. Екі қан жасушасының құрамын салыстырыңыз.
|
Жұмбақтың шеуін тауып, талдап, жаңа сабақтың мақсатын құрады. Дескриптор: Қанның құрамы мен қызметі туралы ақпаратты алып, түсінік қалыптастырады; Қанның құрамы мен қызметін ажырата біледі; Қанның құрамы неден тұратынын ұғынады.
Дәптермен жұмыс Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
Дескриптор: 1.Эритроциттердің қызметін сипаттайды 2. Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды. 3.Қаназдық пен гнмофилия себептерін атайды 4.Қан плазмасы неден тұрады сипаттайды 1.Тромбтың түзілуі түзілу кезендерін сызба түрінде талдап, бейнелейді. 2.Қан плазмасы құрамында болатын еритін нәруыздың рөлін мысалдыр келтіріп дәлелдейді. 3. Қан жасушалары құрылысының атқаратын қызметіне тәуелділігін анықтап, талдайды.
Дескриптор: Қан құрамына кіретін компаненттерді анықтайды; Қанның қызметін сипаттайды; Қвн жасушаларының құрылысы мен тіршілік ету ұзақтығының маңызын анықтайды.
Дескриптор: Қан плазмасының құрамын біледі; Плазма құрамында су, нәруыз пайыздық мөлшерін біледі;
Дәптерге орындайды |
Басбармақ арқылы бағалау
«Смайликтер» арқылы бағалау
«Жарайсың», «жақсы»
«Жарайсың», «жақсы»
Өзін-өзі бағалау |
Презинтация
Оқулық, жұмыс дәптерлері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны

Презентация Жұмыс дәптерлері, Биология оқулығы 8-сынып «Атамұра» баспасы.
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. |
«Сана аллеясы» әдісі арқылы тақырыпты пысықтау. Оқушыларды шеңбер бойы тұрғызып, әр оқушыдан Қанның қызметі мен құрамыжайлы бір ақпарат тыңдау және сұрақтар қою. Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады
сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқып, білу, түсіну және қолдану тапсырмаларын орындау |
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. |
«Еркін микрофон»
Формативті бағалау |
ДК экраны 8-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері.
|
Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Торғауытова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8-сынып Қанның құрамы

шағым қалдыра аласыз