400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 сынып Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы бойынша қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні

Мусралинова У.С.

Күні:

17.05.2023

Сынып: 8 «А»

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

Зерттеу сұрағы:Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар демографиялық өзгерістердің себептерін сипаттап,маңыздылығын біледі.

Көпшілігі: Қазақстан депортацияланған халықтардың өлкесіне айналғандығына дәлел келтіреді.

Кейбір: Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарларын анықтап баға береді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:

Демографиялық өзгерістердің себептері неде?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар Қазақстан депортацияланған халықтардың өлкесі туралы өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Мұғалім презентациясы









Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бейнефильм көрсету арқылы тақырыпты ашу.

Түртіп алу әдісі оқушылар қажет дүниелерді өздеріне жазып алады.

I тапсырма

«Мәтінмен жұмыс » 

  1. 1937-1938 ж Қиыр Шығыстан кәрістерді, 1940 ж поляктар мен Балтық бойы елдерінің халықтарын депортациялау

  2. Екінші кезең -1941 ж немістерді депортациялау

  3. Үшінші кезең – 1943-1944 жылдары қарашайлар, ингуштер, шешендер, қырым татарлары күштеп қоныс аудару

  4. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан «Гулагтар тобының» бір бөлімі

ЕББҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

ІІ-тапсырма.

Венн диаграммасында

Кеңес үкіметі кезеңдегі қоныстандыру саясаты мен депортация саясатын салыстыр.

Салыстыру критерийлері: Қоныстандыру/депортация саясатының себептері

Аймақтағы ұлттардың мәдени ерекшелігі

Қоныстандыру/депортация саясатының салдары

Қоныстандыру/депортация саясатының ұқсастықтары

Қоныстандыру саясаты

Депортация саясаты

Ұқсастықтары

Депортация саясатының айырмашылығын талдау жасайды.

1.Шегара аймағында қалған өзге ұлт өкілдерін «фашистік режимге» қарсы әрекет деп күштеп қоныстандырғанын анықтайды

2. . Қазақстанға қарашай, түрік, неміс, кәріс және т.б. ұлт өкілдері қоныстандырылғанын анықтайтайды

3. . Қазақстан жері көп этносты аймаққа айналғанын анықтайды.

ЕББ оқушыға тапсырма шығарылып беріледі.

Ортақ ұсастықтары:

1. . Жазықсыз адамдар жапа шекенін анықтайды.

2.Екі саясат та Ресейдің орталық билігінің Қазақстан территориясында бос жатқан жерлерді тартып алуы арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды

ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

III тапсырма «Ақиқат, жалған»Берілген тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.

1. 1936 жылы 28 сәуірде Солтүстік Қазақстанға КХК қаулысы бойынша 15 мың поляк, 1937 жылы Қиыр Шығыстан 95903 кәріс, 1941 жылы 28 тамызда 361 мың неміс жер аударылды.

2. Депортация дегеніміз – халықтың өз Отанынан өз еркімен басқа елге қоныстануы.

3. Шегара аймағында қалған өзге ұлт өкілдерін «фашистік режимге» қарсы әрекет деп күштеп қоныстандырды.

4. Депортацияланған халықты Кеңес үкіметі шұрайлы жерге орналастырып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

5. Күштеп қоныстандыру кезінде халықтың біразы аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары еңбек армияларында жұмыс істеді.Ақиқат

ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Тақырыпқа байланысты мәтіндер беріледі, берілген мәтіндер бойынша білім алушылар бір-біріне түсіндіреді;

Дескриптор:

1937-1938 ж Қиыр Шығыстан кәрістерді, 1940 ж поляктар мен Балтық бойы елдерінің халықтарын депортациялау себептерін түсіндіреді

Екінші кезең -1941 ж немістерді депортациялау себептерін анықтайды

Үшінші кезең – 1943-1944 жылдары қарашайлар, ингуштер, шешендер, қырым татарлары күштеп қоныс аудару салдарын дәлелдермен талдайды

Ұла Отан соғысы жылдары Қазақстан «Гулагтар тобының» бір бөліміне сипаттайды

Дескриптор:

Қоныстандыру саясатының айырмашылығына талдау жасайды

1.1865 жылы патшалық Ресейде басыбайлық құқығы жойылғанын анықтайды

2. Қазақ халқы көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа өтуге мәжбүр болғанын анықтайды

3. Қоныстанған халықтың көпшілігі славян тектес ұлттар болғанын біледі.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»



«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»



«Бармақпен»




Эвуакуация туралы бейнеролик: http://www.youtube.com/watch?v=xEWtB3U7cxM

Соғыс кезіндегі тыл туралы бейнеролик: http://www.youtube.com/watch?v=gx5b9u7Dsgc

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.


Қорытынды

«Квест» ойыны арқылы білімдерін қорытындылау.

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;



А4, конспект


Үй тапсырмасы

 П. 60. мазмұндау.

5 Жуан, 5 Жіңішке сұрақ дайындау
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
08.06.2023
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі