жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8сынып ҚМЖ 13.01.2025 «Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Күні: |
13.01.2025 |
|
|
Сынып: 8 |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Қауіпті және болжанбайтын жағдайлардан, зиянсыз әзілдер мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болады?» |
|
|
Мақсаты |
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін әсерін түсіндіру. Оқушыларды адалдық, жауапкершілік, әділдік сияқты құндылықтарға баулу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі оқушылардың рөлін анықтау . Оқушыларға зиянсыз әзілдер мен қауіпті жағдайлар арасындағы айырмашылықты түсіндіру. Қауіпсіздікке әсер ететін әзілдер мен ұсыныстардың салдарын талдауға үйрету. Жауапкершілік, этика және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет! |
Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді. |
|
Көңілді әуен
|
|
Сабақтың ортасы |
"Адалдық – ардың ісі" тақырыбына қысқаша ой бөлісу. Кіріспе бөлім : Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы: мұғалімнің түсіндіруі. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (Нақты мысалдар келтіру: "Адал Ұрпақ", "Саналы Ұрпақ" жобалары Жемқорлықтың қоғамдағы салдары туралы бейнеролик көрсету. Негізгі бөлім : Топтық жұмыс: 1. "Жемқорлықсыз қоғам" постері Оқушылар топқа бөлініп, жемқорлықсыз қоғам құру жолдары туралы постер дайындайды. Сұрақ-жауап: Жемқорлықтан қалай аулақ болуға болады? Адал болу үшін қандай қасиеттер қажет? Бейнематериалдар (Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы |
Топқа берілген тапсырмаларды орындайды.
Бейнематериалмен жұмыс жүргізеді |
Оқушылар бірін -бірі бағалайды |
Ақ қағаз, фломастерлер |
|
|
Қорытынды бөлім: Рефлексия: "Мен адалдықты қалай түсінемін?" тақырыбында эссе жазу немесе қысқаша пікір айту. Үй тапсырмасы: "Сыбайлас жемқорлықты жою үшін мен не істей аламын?" тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жазу.
|
Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады |
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау |
Ақ қағаз |
|
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қызығушылықты ояту: Сұрақ: «Сіздерге бұрын орынсыз әзіл немесе ұсыныс айтқан жағдай болды ма? Ол қандай салдарға әкелді Негізгі бөлім Жаңа тақырыпты түсіндіру : Зиянсыз әзіл мен қауіпті жағдайды ажыратудың негізгі критерийлері: 1. Мақсаты: Зиянсыз әзіл – көңіл көтеру үшін айтылады және ешкімге зиян тигізбейді. Қауіпті әзіл немесе ұсыныс – әдейі немесе байқамай зиян тигізуі мүмкін. 2. Тыңдаушының эмоциясы: Егер әзілден кейін тыңдаушы өзін ыңғайсыз сезінсе, бұл зиянсыз әзіл емес. 3. Салдары: Қауіпті әзілдер денсаулыққа, қарым-қатынасқа немесе ортақ қауіпсіздікке зиян тигізуі мүмкін. Мысалдар: Зиянсыз әзіл: достың киіміне қатысты орынды, әзілмен айтылған пікір. Қауіпті әзіл: жалған өрт туралы хабарлау немесе біреуді мазақ ету. Топтық жұмыс: Тапсырма: Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа жағдайлар беріледі: 1. Бір оқушы сыныптастарын қорқыту үшін жалған оқиғаны ойлап тапты. 2. Жаңа оқушыны мазақ ететін әзілдер айтылды. 3. Достар арасында ойын барысында орынсыз ұсыныстар жасалды. Бұл әзіл немесе ұсыныстың зиянсыз ба, әлде қауіпті ме екенін анықтайды. Оны болдырмау үшін қандай әрекет жасау керектігін ұсынады. Талқылау : Сұрақтар: «Сіз әзіл айтқан кезде, оның зиянды болуы мүмкін екенін қалай тексересіз?» «Орынсыз әзілдер қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?» Қорытынды (10 минут) 1. Қайталау: Мұғалім сабақтың негізгі тұжырымдарын қайталайды: Зиянсыз әзіл – қауіпсіз және этикалық, ал қауіпті әзіл – зиян келтіруі мүмкін. Әрбір әзілдің немесе ұсыныстың салдары туралы ойлану маңызды. Рефлексия: Сұрақ: «Сабақтан қандай маңызды нәрсе үйрендіңіздер?» Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Үй тапсырмасы: Отбасымен бірге зиянсыз әзілдер мен қауіпті жағдайларды талқылау. «Этикалық қарым-қатынас» тақырыбында шағын эссе жазу. |
Оқушылар тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы түсінеді. Құқық түрлерін қайталап өз ойларын қосады. Оқушылар мұқият тыңдайды Қауіпсіздік шараларын құрастырады Топтық жұмыс орындайды. Ситуациялық сұрақтарды шешеді. Сұрақтарға жауап береді. |
|
Презентация Әзілдер мен жағдайлар жазылған карточкалар Қауіпсіздік ережелері туралы парақшалар. |
|
Сабақтың соңы |
Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . |
Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген