|
Сабақтың
басы
5 мин
|
Ынтымақтастық ахуал
қалыптастыру.
«Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігі туралы әңгімелесеміз.
Тәуелсіздік – біздің теңдесі жоқ
байлығымыз.
Ол үшін ата-бабаларымыз үлкен
еңбек сіңірді. Біз олардың ерлігін әрдайым құрметтеп, тәуелсіздікті
бағалауымыз керек».
- Сабақтың мақсаты мен жоспарын
түсіндіреді.
|
- Оқушылар
мұғалімнің кіріспесін тыңдап, сабақтың мақсатына қызығушылық
танытады.
|
Презентация, Қазақстан туының
суреті

|
|
Сабақтың
ортасы
30 мин
|
Мұғалімнің сөзі:
«Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы ұзақ әрі күрделі болды.
Тәуелсіздікке жету үшін ата-бабаларымыздың күресі, 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасы және басқа да маңызды оқиғалар шешуші рөл
атқарды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет
ретінде жарияланды».
Тәуелсіздік жолы оңай жол
емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке
түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты
жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні
өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан
биік болсын. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау
кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз
тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Иә, бұл күн - Қазақстан
тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды.
Мұғалім видео
қосады.
Мұғалімнің
сұрақтары:
1. Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай қиындықтарды
бастан өткерді?
2. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай?
3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін
атаңыздар. Мұғалім: Оқушылардың жауаптарын тыңдап,
негізгі ойды қорытындылайды.
Тапсырма:
«Тәуелсіздік біз үшін нені білдіреді?» тақырыбында қысқаша эссе
жазыңыз.
- Оқушыларға эссе жазуға 5 минут беріледі. Кейін 1-2 оқушы өз
эссесін сынып алдында оқиды.
Мұғалімнің
көмегі: Қажет болған жағдайда
бағыт-бағдар береді.
|
Оқушылар тақырыпқа байланысты
видео қарайды
Оқушылар сұрақтарға
жауап беріп, өз ойларын
айтады.
Оқушылар өз эсселерін жазады
және жұмыстарын сынып алдында оқып, өз ойларымен
бөліседі.
|
https://www.youtube.com/watch?v=XvQhEcxsTtg
Ақ қағаз,
маркерлер
|
|
Сабақтың
соңы
5мин
|
Сабақты
қорытындылау:
Тәуелсіздік туралы
сұрақ-жауаптар:
-
Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда.
-
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
қандай? Жауап: Ол қазақ жастарының еркіндікке, әділдікке
ұмтылғанын көрсететін маңызды оқиға болды.
-
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қандай
жетістіктерге жетті? Жауап: Қазақстан өз астанасын салды (Астана),
экономикасын дамытты, әлемдік қауымдастықта өз орнын
алды.
-
Тәуелсіздік сіз үшін қандай құндылықтарды
білдіреді? Жауап: Еркіндік, ұлттық бірлік, бейбіт өмір және жарқын
болашақ.
-
Сіз
тәуелсіздікті нығайту үшін қандай үлес қоса аласыз?
Жауап: Білім алып, елдің дамуына қызмет ету, заңдарды
сақтау, отансүйгіштік көрсету.
«Бүгін біз тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығын,
оған жету жолындағы халықтың ерлігін талқыладық. Тәуелсіздік – бұл
болашаққа деген сенім, еркіндік және бейбіт өмір. Біздің міндетіміз
– оны сақтау және нығайту. Әрқайсымыз өз білімімізбен, еңбегімізбен
еліміздің дамуына үлес қосуымыз
керек».
|
- Оқушылар сабақта алған білімдерін
қорытындылайды және өз ойларымен бөліседі.
- Мұғалімнің қорытындысын тыңдайды.
|
Стикерлер, тақырыпқа сай
жазбалар
|