9 "А" сынып «Брейн – ринг» сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 "А" сынып «Брейн – ринг» сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының ой ұшқырлығын, өткен материалдарды еске ұстағыштық қабілетін, тапқырлығын, жалпы білім дәрежесінің қандай екендігін байқап білуге және өмірде кездесетін құбылыстарды дәлелдей білуге, оқушыға белгілі материалдарды, ол қызығып отырып ойлайтындай деңгейге жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Брейн – ринг» сайысының

ЖОСПАРЫ


Сыныбы: 9 «А» күні: 16.11.2017ж.


Сайыстың мақсаты: Оқушының ой ұшқырлығын, өткен материалдарды еске ұстағыштық қабілетін, тапқырлығын, жалпы білім дәрежесінің қандай екендігін байқап білуге және өмірде кездесетін құбылыстарды дәлелдей білуге, оқушыға белгілі материалдарды, ол қызығып отырып ойлайтындай деңгейге жеткізу.

Сайыс шарттары:

I. Топқа бөлу:

  1. топ - «Күш»

  2. топ - «Жылдамдық»

  3. топ- «Уақыт»

II. Полиглот: «Физика тілінде сөйлесек».

III. Миға шабуыл: «Сұрақ-жауап»

IV. Кім алғыр: «Логикалық сұрақтар»

V. Сайысты қортындылау


Сайыстың жүрісі:

  1. Кіріспе сөз. Пән мұғалімі - Бегелдиева Ұ.

Физика- информатика бірлестігінде мектепішілік семинар өтілуде. Соған байланысты сіздерге күнделікті сабақтан өзгеше сабақ «Брейн ринг» сайысын өткізгелі отырмын.

«Брейин - ринг» ағылшын сөзі, тікелей аудармасы, «миға қоңырау шалу» деген мағынаны білдіреді.



Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына,

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді

Табиғаттық тылым сырына.

  • дегендей сайсымызды бастау үшін сайысқа әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болайық.



Кім білімді, жүйрікті білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші,

Әділқазылар алқасына тек әділдікті

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші.

  1. Топтардың таныстырылуы. Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ жетекшілері өз тобының атауы, төсбелгісін неліктен және неге сүйеніп жасағандығын түсіндіреді және топ мүшелерін ретпен таныстырады. (5 ұпай)



  1. Полиглот: «Физика тілінде сөйлесек». Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша физика тілінде сөйлесе отырып, үш тілділікті қамтып көрейік. (әр дұрыс жауабы: қазақша-5 ұпай, орысша-5 ұпай, ағылшынша – 5 ұпай, жалпы 15 ұпай)


I топ «Күш»

1. Динамис – күш, сила, power

2. Фюзис – табиғат, природа , nature

3. Инерция – әрекетсіздік, бездействие, inactivity

4. Деформация - бұрмалану, искажение, distortion

5. Атом – бөлінбейтін, неделимый, indivisible


II топ «Жылдамдық»


1.Грамм - массаның ұсақ өлшемі, мелкая мера веса, small measure of weight

2. Атмос - бу, ауа, пар, воздух, air

3. Метрео – өлшеймін, измеряю, measure

4. Диффузия - жайылу, таралу, распространение, spread

5. Мензурка – өлшеуіш, измерительное устройство, measuring device1



III топ «Уақыт»


1. Траектория- қозғалу, жылжу, движение, переместить, motion, move

2. Вакуум – ауасыз кеңістік, бостық, пустота,
emptiness

3. Гравитация-ауырлық, тяжесть, heaviness

4. Гидро- су, ылғалдылық, вода, water

5. Молекула –кішкентай масса , уменьшит (малая масса), small mass


III. Миға шабуыл: «Сұрақ-жауап». Әр топқа он-оннан сұрақ дайындалған. Әр сұрақ 1 ұпайдан. Топқа берілген сұрақтың жауабын таба алмаса, келесі топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.

I топ «Күш»

1. Сыртқы күштер әсерінен дененің пішінінің өзгеруі? (Деформация)

2. Күш бірлігі халықаралық бірліктер жүйесінде қалай аталады? (Ньютон)

3. Дененің қалдырған ізі? (Траектория)

4. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығы? (Үдеу)

5. Күштің өлшейтін құрал? (Динамометр)

6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым? (И.Ньютон)

7. Еркін түсу үдерісінің сан мәні, өлшем бірлігі? (g=9,8 )

8. Ньютонның екінші заңының формуласы? )

9. Секунд бірлігімен өлшенетін шама? (Уақыт)

10. Дененің жерге тартылуы салдарынан пайда болатын күш? (Ауырлық күші)



II топ «Жылдамдық»

1. Дене массасы мен үдеудің көбейтіндісі тең шама? (Күш)

2. Дене массасын өлшейтін қүрал. (Таразы)

3. Тіреуге немесе аспаға әсер ететін куш. (Салмақ)

4. 1 кН –да неше Ньютон бар? (1000 Н)

5. Дененіқ жүріп өткен ара қашықтығы. (Жол)

6. Бір дене екінші денемен жанасқанда, қозғалганда пайда болатын күш. (Үйкеліс күші)

7. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең? ( )

8.Тректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан дене салмағының артуы? (Асқын салмақ)

9. Ғ1= - Ғ2 кімнің заңы? (Нюьтонның III заңы)

10. Денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механика бөлімі? (Динамика)




III топ «Уақыт»


1. Белгілі бір уақыт ішінде жылдамдықтың өзгерісін көрсететін шама? (Үдеу)

2.Спидометр – нені өлшейтін құрал. (Жылдамдық)

3.Дененің пішімі мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш? (Серпімділік)

4.Үдеудің өлшем бірлігі? (м/с2 )

5.Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді? (Орын ауыстыру)

6.Қозғалыстың өзгеру шапшаңдығы. (Жылдамдық)

7.Салмағы нөлге тең болатын дененің күйі. (Салмақсыздық)

8.Инерция заңын ашқан ғалым? (Г.Галилеи)

9.Серпімділік күшін анықтайтын заң? (Гук заңы)

10. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы? (Инерция)


  1. Кім алғыр: «Логикалық сұрақтар». Әр топқа екі-екіден сұрақ қойылады. Сәл ойланып, ақылдаса отырып жауап береді. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпай.


  1. Жақындап келе жатқан көліктің алдынан көшені неліктен кесіп өтуге болмайды?

Жауабы: себебі, инерцияға байланысты жүріп келе жатқан көлік бірден тоқтай алмайды, өзінің алып келе жатқан жылдамдығын сақтайды.


  1. Көктайғақта неге жолға құм себеді?

Жауабы: себебі, үйкелісті арттыру үшін немесе үйкеліске байланысты.


  1. Нелітен аяқ астына түсіп қалған қарбыз қалдығынан тайып кету оңай?

Жауабы: себебі үйкеліс аз.


  1. Шелектегі судың массасын екі есе азайтқанда,оның салмағы өзгере ме? Өзгерсе қалай өзгереді?

Жауабы: өзгереді, массасы екі есе азайса, салмақта екі есе азаяды.


  1. Сұйықтар мен газдардың салмағы бола ма?

Жауабы: сұйық пен газ қатты денелер сияқты жердің тартылыс күші салдарынан тіреуішке әсер етеді, сондықтан салмағы болады.


  1. Қыстыгүні кейбір жүк таситын автомобильдің артқы дөңгелектеріне неге шынжыр байлайды

Жауабы: тіреу ауданын үлкейту үшін. Себебі қысым азаяды.


  1. Ыстық шай мен салқын судағы молеулалар бірдей ме?

Жауабы: Бірдей. Бір заттың молекулалары бірдей. Айырмашывлық молекулалардың қалай орналасуында

  1. Аузы тығындаған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған. Бөтелкенің жоғарғы жартысында су жоқ деуге болама?

Жауабы: Су буы бар. (газ)

9. Ашық ыдыс көлемінің 50%-ін газбен толтыруға бола ма?


Жауабы: Жоқ, себебі газ өзі тұрған ыдыстың көлемін түгел алады.





V. Қорытынды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
1039
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі