Материалдар / 9 кл емтиханға дайындау жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 кл емтиханға дайындау жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
9 кл емтиханға дайындау жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2023
1998
89 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Қазақ тілі,әдебиеті пәнінен негізгі орта мектепті бітіру емтиханына

дайындық жұмыстары

9-кластары. « » оқу жылы.











Пән мұғалімі ...........................................

қазақ тілі,әдебиеті пәні мұғалімі




























.......................................................................

......................................қазақ тілі,әдебиеті пәні мұғалімі

.................................................. негізгі орта мектепті бітіру

емтиханына 9а-класын дайындау жоспары.

(Әр аптаның жұмасы)


2022-23 оқу жылы.


Мақсаты: мәтіннің жанрлық ерекшелігін,мазмұнын терең түсінуге,өз ойын

жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп,ұтымды қолдана білуге

грамматикалық және лексикалық нормаларды түсіну қабілеттерін

дамыту.


Міндеттері: Білім,білік дағдысын,коммуникативтілігі мен тіл сапасын

арттыру;

Пән мұғалімі

Мазмұны

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1

Емтиханға байланысты әдістемелік ұсыныммен таныстыру.

Жұмысты рәсімдеу,бағалар кестесі т.б таныстыру.



2

Мәңгілік Ел – мұратым

мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;



3

Жаhандану мәселелері

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу; (аргументативті эссе)

мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;




4

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан

ЭКСПО -2017

тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;



5






Адам құқығы мен бостандығы

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;









Мазмұны

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

6

Отбасы және демогра-фиялық өзгеріс.

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу; (аргументативті эссе)

мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;



қаңтар

7

Биотехнология және гендік инженерия келешегі.

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;



ақпан

8

Бұқаралық ақпарат құралдары.

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу; (аргументативті эссе)

мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;



наурыз

9

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;



сәуір

10

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу;

(аргументативті эссе)

мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;



мамыр



















Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі


Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады. Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.


Ескерілетін жағдайлар:

  • эссе тақырыбы бірінші жолдың ортасына тырнақшаға алынбай жазылады;

  • эссе тақырыбы мен жұмыс мәтінінің арасында жол қалдырылмайды;

  • қателерді түземейміз, тек астын сызып көрсетеміз, қатені шартты белгімен қызыл жолақтың сыртына қызыл сиямен белгісін көрсетіледі (орфографиялық қате – /, пунктуациялық қате – ˅);

  • емтихан жұмысын тексеру кезінде қызыл түсті қалам қолданылады;

  • бала ең соңғы сөйлемін жазып болғанан кейін, оң жаққа сөз саны карандашпен жазылады;

  • балды бағаға «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау» («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті») спецификацияларына сай айналдырады;

  • бағалау міндеттері: коммуникативтік құзырлық және тілдік құзырлықты бағалау балл қою кестесіне (спецификациядағы) сай жүргізіледі:

  • балл қою кестесіне сәйкес балын қойып, сонда берілген шәкіл негізге алынып бағаға айналдырылады;

  • баға тырнақшасыз қойылады, баға араб санымен және жақшаның ішіне сөзбен жазылады, мысалы: 5 (өте жақсы);

  • пікір жазылмайды;

  • соңында емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады, мұғалімдердің аты-жөні жазылады;


  • шимайжазба (черновик) сақталады;

  • хаттама көк сиямен толтырылады,

  • хаттамада балл мен баға сан және жақшаның ішінде жазумен жазылады;

  • балды бағаға айналдыру (мысалы: 20+10=30, 85-100 %, 5 (өте жақсы)












Үлгі


Жұмысты рәсімдеу

Титул парағы


7 жол тастап, 8-жолға жазылады.

Мектептің мөрі







28.05.2022

1(2)-нұсқа

ШShape1 тамп ұшынан азат жолдан жазылады.



9 «А» сынып оқушысы

Балтабаева Алуаның

негізгі орта мектеп курсы үшін

қазақ тілі пәнінен жазған

емтихан (эссе, мақала, әңгіме) жұмысы



Оқушының жұмысынан кейін жол тасталмай бірден жазылады:

Коммуникативтік құзырлық – 10 балл

Тілдік құзырлық – 10 балл

Бағасы: 5 (өте жақсы)

Комиссия төрағасы (төрайымы) (қолы) С.И. Мұратова

Емтихан алушы мұғалім (қолы) С.И. Мұратова

Ассистенттер: 1. (қолы) С.И. Мұратова

2. (қолы) С.И. Мұратова

   




















Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қазақстандағы туризм

Қазақстан экономикасының дені қара алтынға, яғни мұнайға байланған. Қазіргі таңда мұнайдың бағасы бірде өсіп, бірде төмендеуде. Бұл тұрғыда, «Еліміздің экономикасын тұрақты ұстап, оны көтеру үшін басқа саланы да дамытып, соған басымдық беру қажет», - деген сарапшылардың пікіріне толыққанды келісуге болады.Қазақстан үшін ең ұтымды шешім – туризм саласын дамыту. Алайда бұл мәселеге толыққанды көңіл бөлінбей келеді. Әлем бойынша туризм саласында жақсы дамыған елдер қатары көп. Олардың көшін бастап тұрған - Түркия, Араб Әмірліктері, Египет, Тайланд, Үндістан елдері. Жыл сайын аталған елдерге туристер ағылып барып жатады.

Ал Қазақстанға ше? Біздің елімізге келетін туристер саны бұл елдермен салыстыруға келмейді.Еліміздегі демалыс орындарынан шетелдік қонақтар емес, өзіміздің қазақ азаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының арманы - шетелге шығу, мысалы, Гаваи, Маями аралдарында демалу, Түркияға барып, Қара теңізге шомылу. Қазіргі таңда көпшіліктің айтатыны: «Бурабайға демалуға барғанша, Түркияға барған дұрыс, екеуіне де бірдей қаражат жұмсалады,» - дейді. Мұндай пікірлер еліміздегі демалыс орындарының бағасының тым шарықтап кеткендігіне дәлел бола алады.Қазақстанда туристік агенттіктердің саны 600-ден астам. Алайда олардың басым көпшілігі қазақстандықтардың шетелге саяхаттау жоспарын жасаса, тек 14,5%-ы ғана елімізге келетін туристермен айналысады. Біздің елімізге келетін шетелдіктердің көбі іссапармен ғана келеді екен. Қазақстанға келетін туристерден түсетін пайда жалпы туризмнің 3%-ын ғана құрайды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өзге елдерде бұл көрсеткіш 50%ға дейін жетіп отырады.Елімізде туризмнің инфрақұрылымы өз дәрежесінде жасалмаған. Еліміздегі жол мәселесі сын көтермейді. Осы жолдармен жүрген турист екінші рет Қазақстанға оралғысы келетіндігіне үлкен күмән туғызуға болады. Демалыс орындарындағы қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасы да тым төмен. Қызметкерлердің басым көпшілігі ағылшын тілін меңгермегендіктен, шетелден келген қонақтарға қызмет көрсету қиынға соғады. Өздерінің ойын дұрыс жеткізе алмаған туристер екінші рет бұл жерге келуге зауқы да соқпасы анық...

Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді

«Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың БАҚ тілшісіне берген сұхбаты. — Қайрат Серікұлы, еліміздегі туристік саланың жалпы беталысы қандай?

Биылбұл салада қандай өзгерістер болады?

Туризм-көптеген елдерде басымдыққа ие сала. 2030 жылы 1,8 млрд.Aдам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем жұртшылығы Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы, туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы енді ғана біліп жатыр. Қазақстанда динамика жақсы. Келушілер туризмі бойынша,орта есеппен, жыл сайын 10%-ға өсіп келеміз. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамдар саны көбеюде. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді.Туризм салалары туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Біздің елде эко және этнотуризм 46%-ға дейін артуда. — Эко және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік келушілерарасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте аласыз?

Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңірде ең көп туристерді қабылдайтын «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны «Жетісу» деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, «Көлсай» көлін, «Қайыңды» көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар: адамдар табиғатта демалу үшін атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді.

Тапсырма. Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жауабын жазыңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.

Эссе үшін тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазақ жеріне туристердітартудың жолдары қандай?»деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.

[20]

Мақала үшін тапсырма:

Бүкіләлемдік туризм күніне орай, сізге БАҚ-қа «Қазақстандағы туризм және экология» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.

[20]

Әңгіме үшін тапсырма:

Еліміздегі демалыс орындарына шетелдік қонақтар емес, өзіміздің қазақ азаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының арманы - шетелге

шығу. Аталған мәселені негізге алып, туризм туралы әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 cөз.

[20]


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

250 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!