9
мамыр - Ұлы Жеңіс күні
Міне,
Ұлы
Отан
соғысының
жеңіспен
аяқталғанына
да
75 жыл
өтті.
Биыл
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін тойлағалы
отырмыз. Ғұмырымыздағы аса қуанышпен
қарсы алатын мерекелеріміздің бірі -
Жеңіс күні.
9
мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын
ерекше, аса қастерлі де айтулы күн.
Бұл
мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс
бірде-бір жанұяны айналып өтпеді.
Сұрапыл
соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған
адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат
өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.
Бұл
Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен
халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып,
Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па
еді?
Ұлы
Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан
оралмай қалған жауынгерлердің рухына
бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс
ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен
қарап, олардың жауынгерлігіне және
ерліктеріне тағзым ететін күн.
Ардагерлер
- Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық,
береке, бақыт орнатқандар.
Сұрапыл
соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске
жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды,
сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы
ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен
Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды
да мақтан тұтамыз.
Соғыс
майдангерлері Отанға деген шын
сүйіспеншілігімен, ерліктерімен,
қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел
қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі
болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем
тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің
есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке
жазылып қалды.
Жалпы
тарих үшін бұл азғана уақыт болса,
адамзат өмірінде алатын орны ерекше.
Қан
майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан
үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен
шайқасқан,
Бүгінгі
күні санаулы қалған ардагерлеріміздің
ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету
бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес
парызы.
Сондай-ақ,
алда келіп қалған 7 мамыр – Қазақстан
Қарулы күштерінің құрылған күні.
Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған
бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе
жаның ашыса, адамзаттық намысың болса,
қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып-көркеюі жолында жан теріңді
сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің
де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген
еді.
Бұл
сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі
жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік
қасиет қандай деңгейде екен деген заңды
сұрақ туындайды.
Олай
болса, құрметті әріптестер, жерлестер!
Осы
сәтті пайдалана отырып, қасиетті де ұлы
мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңіс
күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен
шын жүректен құттықтаймын!
Аға
ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні
де бізді жетістіктерге жігерлендіреді,
жанымызға қуат береді, қиындықтарды
жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Баршаларыңызды және отбасыларыңызды
осындай тамаша мереке күндерімен шын
жүректен құтықтаймын!
Сіздерге
мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт,
бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!
Ақтау
қаласы
№ 10жалпы
білім беру орта мектебі КММ
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тураева
Дина Абдрашовна