9-мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
9-мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты 9-мамыр көрініс сценарий Жеңіс күні қойылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеңіс күніне арналған ««Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!» атты кештің сценарииі

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Сахна мерекеге сай безендірілген.

Көрініс: Ортаға шабық шабуға жиналған аналар шығады. Аналар ән айтып бір бірімен әңгімелесіп,шабық шабады Осы кезде соғыстың басталғаны туралы радиодан дауыс естіледі. Радиодағы дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс, соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады». Аналар жаман хабарды естіп, шулап ,абдырып, жылап , жоқ,жоққа басып жылап сықтайды (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады ) Соғысқа аттануға дайындалған ұлдары (солдаттар) Командирі мен бірге музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді. Қария :

Балаларым, қырандарым!

Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған,

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» – деген.

Отан үшін аттан, аттан, аттан!

Ұран: Отанды біз қорғаймыз (Видеоны қосып қою керек осы кезден)

Жаудың алдын ораймыз.

Командир: Отан үшін алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Осы кезде Солдаттар аналарымен қоштасады (Слайдттан Маржан Арапбаеваның әнімен видео қойылады .) Қоштасудан кейін Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.

Аналар шабындығымен айналысып жатады, өзара әңгіме айтып

Ана сөзі: Е, бұл соғыс бәрімізді де есеңгіретіп жіберді-ау.

Осы кезде таспадан почташы қыздың келе жатқаны хабарланады. Почташы қыз жүгіріп келеді. Почташы : Сүйінші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Почташы қыз Күләйша апаның баласына келген хатты беріп, басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді.

Ана баласынан келген хатты ашып оқиды. (Сахнаға ұл бала шығып хат оқиды)

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама.

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мені ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдағы жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді,

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

Майданнан келген хат тыңдалып, аналар қуанып, қауқылдасып тұрып сахнадан шығып кетеді.

Осы кезде (Соғыстың ,немістердің даусы шығып тұрады). саханаға 3-4 неміс әскері мен атысып Маншүк Маметова шығады да оларды қырып салып

«Мен Маншүкпін» монологын оқиды.

Ұзақты күн аңдастық,

Қулығыңды асыруға тырыстың

Ақырында көзін тауып құлаттым

Дәл түбіне тигізіппін құлақтың

Бұлда менің силасымның біреуі

Темір крест тағынған

Аңғардың ба кімнің атқыш екенін

Жата бер сен қалыпсың,енді кетпессің

Өлген жауға жерім менің жетеді

Сенде маған мәлімсің

Әрине сен, келген жоқсың қыз қолынан өлуге

Келгенсің сен біздің елге, күйрете бір жеңуге

Музыкалы салтанатпен өтуге ,Бірақ оны тәңірім маңдайыңа жазбапты

Оқып болған соң Немістің бір әскері Маншүкке оқ атады да ол құлайды осы кезде Совет әскерлері оқ атып сахнаға шығып Маншүктің қасына жүгіріп барып оның басын көтеріп қолдарына қояды сол кезде Маншүктің сөзі :

---Денем суып барады, жоқ ......

Елге айта барыңдар ,соғыста әйелдерде ерлік көрсете алады.......

.......Мен Мәншүк Маметова

Командир сізге өтінішім бар , мын хатты анама жеткізіңізші...

Деп анасына жазған хатын сарбаздардың бірінің қолына ұстатып тұрып хатты оқиды.

Анаға хат!

Қымбатты мама! Қалыңыз қалай? Мен жақсымын ! Қазір алғы шепте пулюметшімін, фашисттерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз.Міне, қолым қалт еткен сәтті пайдаланып, өзіңізге хат жазып отырмын. Мама.....! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатып едім, бірден ұйықтап кетіппін .Сізді түсімде көрдім . Жалпы жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп ақ....... Қолыңызды қатты қысып құшақтап сүйдім . Мама егер қаза болсам Отан үшін ! Әкем үшін! Және сіз үшін!

Деп құлайды.....................................................................................

Осы кезде Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні! Дауыс шығады. Осы кезде аналар, солдаттарда сахнаға шығып Ура –лап бір бірін құшақтап қуанысып жатады жәнеде қол ұстасып бас иіп сахандан шығып кетеді.

Ән қойылып тұрады : День победы ???

1-Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші:

Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлермен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге,бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлер құрметіне арналады. 1-Жүргізуші:

Сіздерді өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқты халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймыз. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты.

2-Жүргізуші:

Содан бері 75 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонақтары.

1-Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирада талай арман көңілге алған

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Б.Момышұлы,М .Маметова,Т.Бегельдинов т.б. жәнеде өз жерлестеріміз де бар.

2-Жүргізуші:

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін отқа тосқан боздақтарымызды ,осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз.

1-Жүргізуші:

---Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжемлеріміз ортамызда. Ардагерлерді құттықтау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Әбу Қалмұрат Әбенұлы беріледі.

2-Жүргізуші:

Құрметті ардагерлер ! бүінгі іс шараға уақыт бөліп келгендеріңізге,жас жүректерге ,халқымыздың ұлы ерлігіне жол табуға көмектескендеріңіз үшін алғыс білдіріп ,бас иіп гүл шоқтарын ұсынамыз.Біз сіздерге өмір бойы қарыздармыз.... (громко звучит музыка, ветеранам вручаются цветы)

Ән: « » Орындайтын

1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және

елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

Сахнаға оқушылар шығып тақпақтарын оқиды

1-Жүргізуші:

Талай жанды қиды ажал балтасы.

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.

Ел қорғаған батырлардың арқасы.

2- Жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні. Би Қазақ би 5 а сынып оқушыларының сұлу қыздары

1-Жүргізуші:

Жабады дала төсін нала, қайғы,

Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,

Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды

2-Жүргізуші: ХОР : « » орындайтын 5 А сынып оқушылар қарсы алыңыздар

1-Жүргізуші:

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 78 – көктемі де келіп жетті.

78 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,

78 жыл – шуақты күн таратты әнін.

78 рет – көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы қарсаныңда Республикамызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ата-бабаларымыздың батырлық істеріне құрмет білдіру күні.Осығын орай Қазақстан Республикасының және де мектебіміздің БАТЫР, ЕРЖҮРЕК, НАМЫСТЫ ҚАЙСАР ер азаматтарын айтулы мерекелерімен құттықтай отырып сіздерге зор денсаулық ,мол бақыт, қажымас қайрат тілейміз.

Келесі кезекте ӘН : « » Орындайтын

1-Жүргізуші:

Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

2-Жүргізуші:

Жігіт жастан қан майданға кеттің бе?

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде.

Зарықтырған Жеңіс туым-Жауынгер.

Байтақ елге аман-есен жеттің бе?

Ән:

1-Жүргізуші:

Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың, Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім. Жеңіс тойын жақындатып әкелген Төккен қаны, әке - аға, інінің.

2-Жүргізуші: Жеңіс деген шат күлкісі баланың, Тыныштығы жер мен жаһан даланың. Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән, Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

Би Катюша

1-Жүргізуші:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл

жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

2-Жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Ән : Сахнада әнімен



1-Жүргізуші: -Осымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты мерекеміз аяақталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

2-Жүргізуші:

Құрметті Майдангер ардагерлеріміз сіздерді мектебіміздің барлық ұстаздарының атынан және де оқушылардың атынан бүгінгі Жеңіс күнімен тағыда құттықтай отырып сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан тілейміз Өскелең ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман үшін сіздерге мың алғыс .

Сау саламат болыңыздар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2024
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі