9 мамыр сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 мамыр сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
9 мамыр сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі

2-жүргізуші:

Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төккен көп

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғын

1-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар және оқушылар. Баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмірді аталарымыз қалыптастырған берік, бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.

2-жүргізуші. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ал құрметті ардагерлеріміз болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деп, бүгінгі «Қасірет шегіп, қан кешіп, жеңіске жеткен күн еді» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

Ән. Ана. Орындайтын Камалов Бекболат.

1-жүргізуші.Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанаты жеңістің міне 68-ші көктемі де келіп жетті.

2-жүргізуші.

68 жыл бейбіт көктем таң атқалы

68 жыл шуақты күн таратты әнін

68 рет көктемде содан бері

Ашылды Жеңіс күннің парақтары

1-жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда соғыс Ұлы жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 68 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы жеңістің 68 жылдығы.

2-жүргізуші. Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

1-жүргізуші.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы


2-жүргізуші.

Аз емес өшкен өмір төгілген қан

Қаза болды бұл соғыста мыңдаған жан

Кеудеге зілді қасірет соғыс салып

Қирады талай арман көңілғе алған

1-жүргізуші.Ұлы Отан соғысына Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн.870 мың қазақстандықтар болған.

2-жүргізуші. Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз бар.

Көрініс. Бауыржан Момышұлы.

1-жүргізуші.

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл көмей

Абзал досым, мүгедекті жүр демей

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

2-жүргізуші. Жеңіс туын желбіретеміз деп, қан кешіп, кеудесін оққа тосқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп бір сәт үнсіздікпен еске алайық. Рахмет.

1-жүгізуші.

Жеңіскерлер, ер елдің өрендері

Солар жұрттың айбарлы әлемдегі

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа

Мерей тапты солармен ел еңбегі


2-жүргізуші.

Ашу мен кек оятты ел намысын

Отан үшін жан пида болды үлкен сын

Ер азамат жауменен арпалыста

Әйелдер терін төкті майдан үшін


1-жүргізуші.

Аналар қоштасқанда асылымен

Арулар қош айтысты ғашығымен

Балалықтың базарын ерте жауып

Талай жұмыс істеді бала-өркен.


2-жүргізуші.

Үндетіп соғыс қайғы-мұңды

Төрт жыл өтті соғыс әлі бітпей қойды

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды



1-жүргізуші.

Солдаттың көкірегі толы арманы

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады

Отан мен анасы үшін «Алға» деді

Амал не көпшілігі оралмады

2-жүргізуші.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»

Шығамыз

Соңғы күшпен

Қорғаймыз байтақ елді

Өйткені оны

Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Ән. Катюша.

1-жүргізуші. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғасының әлемдің тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Кейбір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халықының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес одағының батыр қыздары, Шығыстың қос шынары әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған елдерін қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауды үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялаған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

2-жүргізуші.

Даласы кең осыншама салты бай

Өле сүйген сүйе алмаған жартылай

Қажет жерде батыр қыздар туатын

Қайран менің қазақ атты халқым-ай.

1-жүргізуші.

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың

Ерлігіне таңданамын ғажап тым

Солар төккен қызыл қанның арқасы

Қазақстан аспанында азат күн.

Көрініс. Әлия.

2-жүргізуші.

Желбірейді бейбітшілік жалауы

Орындалып жас ұрпақтың қалауы

Әлия, Мәншүк жүрегі жанып тұр

Мәңгілік от ескерткіші алауы

1-жүргізуші.

Көктем келіп гүлдегенде бар аспан

Кең жазира нұрға толар ғаламай

Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі

Балабақша, мектепті жүр аралап.

Ән. «Әлия».

2-жүргізуші,

Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар

Қос қарлығашардақталар қорғалар

Қазақ өткен ұмытпаса тарихын

Болашаққа егемендік жол болар

1-жүргізуші.

Әлия, Мәншүк гүлдей нәзік бірақ та

Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта

О, тәңірім, соғыс отын жандыртпа

О, тәңірім, балаларды жылатпа!

Көрініс. «Мәншүк».

2-жүргізуші.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған

Бозторғайы бол оның шырылдаған

Отан, Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем, - деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай әр қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады. Қаншама қандастарымыз өз отанын қорғаса да, ал қаншама ақын ағаларымыз өздерінің отанға деген сезімдерін жырлаған. Ендігі кезекті осы ағаларымыздың ізін қуушы жас ақындарымыздың өздерінің Отанға деген сезімдерінде жазған төл туындыларымен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні. Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистеріне тізе бүгіп, жеңіліпті! О, жасаған, шынымен қарғас атқыр соғыстың аяқталғаны ма!

Ән (Хор). «Жойылсын соғыс»

2-жүргізуші.

Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып

Жауды жойып батырлар елге оралды

Ата-анамен қауышты құшақ жайып

1-жүргізуші.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып

Бейбіт өмір оралды күні жарық

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықты

Ұшымен көздің жасын сығып алып

2-жүргізуші.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Орыс әні Родина.

1-жүргізуші.

Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрапқ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі естен шықпақ емес, Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді.

Ел алдындағы борыштарын өтеп еліміздің амандығын, жерімізідң тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.

Көрініс. «Ата мен немересі жеңіс алаңында»

2-жүргізуші. Біздің өз қолымызбен еркін өмір сүріп мектепте алаңсыз білім алып, жатқанымыз, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмай-ақ біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып өз жеріміздің патриоттары болуға тырысайық.

1-жүргізуші. 1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 1992 жылы 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Отан қорғаушылар күні деп бекітілді.

Ел- халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауды әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңбектеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

2-жүргізуші. Ән. «Біз Отанның ұланымыз». Орындайтын 7б оқушысы Тәжіхан Гүлназ.

1-жүргізуші.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймызалғыс пенен сәлем бүгін.

2-жүргізуші.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскерңмңздің айбыны арта берсін!

1-жүргізуші.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде

2-жүргізуші.

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,

Әнге толсын, күнге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестеріңіз – деп, Қадірхан ағай, Сапарғали, Мизамхан, Жәнібек ағайлар сіздердің құрметтеріңізге ән.

Ән. «Сарбаз»

1-жүргізуші.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке,

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

2-жүргізуші.

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан

Ту тіккен алаулаған арманыңнан

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап

Биіктен биіктерге самға, қыран. Ысқақ, Сәкен, Сәбит ағайлар.

Ән. «Туған жер»

2-жүргізуші.

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-жүргізуші.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы. Ардақ, Нұралы, Аязбек, Бақытжан ағайлардың құрметіне Би. Попури.

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтаймыз. Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ел алдындағы борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған атамыз, Ұлы Отан соғысының ардагері ________________________________ атамызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші.

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірді шексіз қолдауын тілейміз! Бізге

Өзбек биі.

1-жүргізуші.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.– дей келе келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі