|
Сабақ тақырыбы: |
9 саны және цифры |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
|
|||||
|
Тірек сөздер |
тоғыз. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
9 санымен, оны алу жолымен және құрамымен таныстыру, 9 цифрын жазып үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
9 саны — натурал сан, натурал сандық сәуледе 8 санынан кейін тұрады. 9 санын бірнеше тәсілмен: сегізге — бірді, жетіге — екіні, алтыға — үшті, беске төртті қосып алуға болады. Сабақта оқушыларды 9 санының сандық сәуледе орнымен, 9 санын алу жолымен, 9 цифрын жазу үлгісімен таныстыру керек. Сабаққа арналған ескертпелер Сабақты өткен материалды қайталаудан бас-таңыз. Қайталау мақсатында мына жаттығуларды жүр-гізіңіз: оқушылардан сандық сәуле бойынан 5 санын көрсетуді; 5-тен кем сандарды көрсетуді және атауды, 5-тен артық кез келген санды атап, көрсетуді сұраңыз. Ол сандар сандық сәуледе 5-тің қай жағында (оң жағында немесе сол жағында) орналасқанын сұраңыз; тақтаға 8 оқушыны шақырыңыз. Оларды сыныпқа теріс қаратып тұрғызып, басқа оқушыларға байқатпай, олардың біреуіне парақшаны беріңіз де, сыныпта отырғандарына мынадай сұрақтарды қойыңыз. — егер ол адам сол жақта бесінші тұрса, парақша кімде болуы мүмкін? (оң жақтан төртінші т.с.с.) (Жауаптарын тыңдаңыз). 3) оқушыларға парақшадағы санды көрсетіп, осы санның 8-ге нешеуі жетпейтінін алақандарын шапалақтау арқылы көрсету керектігін айтыңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға көрініс көр-сетуді ұсыныңыз. Интерактивті тақтаға түнгі аспан-ның суретін шығарып қойыңыз (егер интерактивті тақта жоқ болса, онда тақтаға суретті іліп қоюыңызға болады). Кейбір оқушыларға қатты қағаздан жасал-ған жұлдыздарды таратып беріңіз. Оқушыларға мәтінді оқыңыз да, олардан мәтіннің мазмұны бойынша тақтаның алдына біртіндеп шығуын сұраңыз. Түн болып, аспанда жұлдыздар пайда болды. Аспанда ең бірінші бір жұлдыз пайда болды (тақта-ға жұлдызы бар бір оқушы шығады), одан кейін тағы бір жұлдыз (тақтаға жұлдызы бар келесі оқушы шығады), одан кейін тағы біреу (тақтаға жұлдызы бар келесі оқушы шығады), осыдан кейін бірден екі жұлдыз пайда болады (тақтаға жұлдызы бар екі оқушы шығады), тағы екі жұлдыз (тақтаға жұлдызы бар екі оқушы шығады), одан кейін соңғы бір жұлдыз жанады (тақтаға жұлдызы бар бір оқушы шығады). Оқушыларға аспанда неше жұлдыз пайда болғанын санауды ұсыныңыз. (8 жұлдыз пайда болды.) Осыдан кейін тағы бір соңғы жұлдыз пайда болды. Қазір аспанда неше жұлдыз болды? (9 жұлдыз болды.) Олай болса, 9 санын қалай алдық? (Cегізге бірді қостық.) Осыдан кейін сан қатарына 9 саны жазылған парақшаны қойыңыз. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз: — Сандық сәуледегі қай саннан кейін 9 саны орналасады? (Тақтадағы және оқулықтағы сан қа-тарына сүйеніп айтады.) |
Жұлдыздарды сана. Оқушылармен тура және кері ретпен санауды қайталатыңыз. Тапсырманы орындау барысында сандардың ретін саусақтары-мен нұсқап көрсетіп отыруды ұсыныңыз. Жауабы: 1 < 9, 2 < 9, 3 < 9, 4 < 9, 5 < 9, 6 < 9, 7 < 9, 8 < 9; 9 = 9. 9 санын қалай алуға болады? Оқушыларға 9 санын алудың барлық нұсқаларын атауды ұсы-ныңыз. Бірінші зымыранда көрсетілген сан жұпта-рының көмегімен екінші зымыранда қалып қой-ған белгісіз сандарды тауып, атауды сұраңыз. Қиындық туғызған жағдайда қарындаштарын санау таяқшалары ретінде пайдаланып, жауап беруге болатынын ескертіңіз. Жауабы: бірінші зымыранда: 1, 2, 3, 4. екінші зымыранда: 8, 7, 6, 5. Сөз құра. Оқушылардан біздің ғаламшар-дың Жерді айналатыны туралы білетін/білмей-тінін сұраңыз. Оларға Күнді айнала көптеген ға-ламшарлар қозғалатыны туралы айтыңыз. Суретте салынған ғаламшарлардың ішіндегі 9 саны бар қан-дай ғаламшарлар Күнді айнала қозғалады? (9 бола-тын мысалдар). Оқушыларға ғаламшарларда жа-зылған мысалдарды есептеп шығарып, қайсысы Күннің маңайында айналатынын анықтатып, қо-рытындылатыңыз. Олардың кейбіреуінің ауызша есептеу дағдысы жақсы болса, тапсырманы ауызша орындауына болады, қалғандарына — нәтижелерін қағазға жазып отыруды ұсыныңыз немесе қарын-даштарды санау таяқшасы ретінде қолдансын. Жауабы: 1 + 8 = Ж; 4 + 5 = е; 6 + 3 = р. Шығарып көр. Ғарышкердің қай зымыранмен ұшатынын қалай анықтауға болатынын сұраңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардан неге осылай жауап бергенін түсіндіруді сұраңыз. Жауабы: екінші зымыранға. Орындап көр. Оқушылар тапсырманы ойша орындау арқылы жауабын таба алмаса, оларға 9 цифры жазылған парақшаны беріп орындатыңыз. Жауабы: 9 цифры аударылып тұрған 6 цифрына ұқсайды. Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 9 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қарастырыңыз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Сабақта “тоғыз” сөзін қайталап айтқызып жаттықтырыңыз. Оқушылармен ойын ойнатыңыз. Оларға іштей санауды ұсыныңыз. Санау барысында 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады. |
Суреттегі шыны құтыны тоғыз тастың суретімен толтыр. Бос шыны құтының ішіне тоғыз тастың суретін салуы керек. Әр қатарда 9 жұлдыз болатындай етіп, толықтырып сал. Тапсырма 9 санының құрамын бекітуге бағытталған. Әр қатардағы жұлдыз саны 9-ға жетпей тұрған жұлдыздарды салады. |
|||||
|
Бағалау |
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: — 9 саны сан қатарының қай жерінде орналасқан? — 9 санын қалай алуға болады? Қайталау жаттығуын орындатыңыз: 1-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған парақшаларды кезекпен көрсете отырып, берілген санды 9-ға дейін толық-тыруды сұраңыз. Егер оқушыларға тапсырманы орындау қиындық тудырса, көрнекілік құралдарын қолданыңыз. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз |
|||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
9 саны және цифры

шағым қалдыра аласыз