9 саны мен цифры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
• натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; • заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 9 саны және цифры


Күні:


Сынып: «»

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Натурал сандардың алу жолын біледі;

  • 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орынын анықтайды;

  • Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;

  • Цифр мен сандарды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б. көрсетеді).

  • «+», «-», «=», « », «>», «<» таңбаларын қолданады.

Бағалау критерийлері

  • 9 санын, оны алу жолын және құрамын біледі;

  • 9 цифрын жаза алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: 9 саны нені білдіретінін түсінеді; 9 санын алу жолымен және құрамымен танысады; 9 цифрын жазып үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сандарды қоса алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Күрделілігі жоғары тапсырманы орындай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бір-біріне тапсырманы орындалу жолын түсіндіре алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тоғыз.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар

-Санау қандай саннан басталады?

-9 цифры сан қатарының қай жерінде орналасқан?

-6цифрын аударып көр. Қандай цифр шығады?

Не себепті......деп ойлайсыз?



Алдынғы оқу:

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар заттарды санау, сандарды салыстыру тәжірибесіне сүйенеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы

3 мин

Психологиялық дайындық

Балаларды реттеу

Жоғарыға қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға қарадым.

Егеменді ел көрдім.


  • Қалың қағаздан жасалған 9 жұлдызша;

  • Цифрлар жазылған парақшалар;

  • Белгі беретін тақтайшалар.

Топқа бөлу. Қызыл, жасыл және сары жұлдыздар тарату арқылы арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.



Ортасы

8 минут













3 мин








4 мин









4 мин












2 мин

1-тапсырма.

. Оқушыларға 8 жұлдыз таратылады.Сол оқушылар біртіндеп тақта алдыңа шығады. Оқушылар тағы бір жұлдыз тақта алдына шыққанда қанша жұлдыз болатынын анықтау керек.

Оқушыларға «9 санын қалай алдық?» деген сұрақ қойылады.

9 санына байланысты видеоларды, суреттерді көрсету.


2-тапсырма (Ұжымдық). Керілген жіпке тоғыз цифр ілінген. Оқушылар 9 саны қай саннан кейін орналасатынын анықтау керек.

Тура және кері санату

Дескриптор:

9 санының орынын натурал сандар қатарынан таба алады. Дәптермен жұмыс.

  • 9 цифрын ауада жазу;

  • 9 цифрын дәптерге жазу.

Дескриптор:

  • 9 цифрын таниды және атайды;

  • 9 цифрының баспа және жазба түрлерін біледі.

3-тапсырма «Көршісін тап» ойыны.Оқушыларға 9 цифр жазылған жұлдыздар беріледі. Қолдарындағы жұлдыз-дарды ретімен санап,әркім өз орнын тез табу керек.. Оқушылар тура және кері ретпен санауды қайталайды.

Дескриптор:

  • Сандарды ретпен орналастыра алады;

  • Тура және кері ретпен санай алады.

4-тапсырма (Жұптық жұмыс). «9 санын қалай алуға болады?». Оқушылар 9 санын алудың барлық нұсқаларын атау керек. Бірінші зымыранда көрсетілген сандардың көмегімен екінші зымыранда қалып қойған белгісіз сандарды тауып, атау керек.

Дескриптор:

  • 9 санын әртүрлі тәсілмен алуды біледі.

Сергіту сәті.

5 мин














3мин

5-тапсырма (Жеке жұмыс). «Сөз құра». Оқушыларға ғаламшарлардың күнді айнала қозғалатыны туралы айтылады. Зымыранның қай ғаламшарға қонатынын анықтау үшін мысалды орындайды. Сәйкес әріптерден сөз құрау керек.

Дескриптор:

  • Қосу нәтижесінде нәтижесі 9 шығатын санды анықтай алады;

  • Жасырылған сөзді таба алады.

6-тапсырма

«Ойлан,тап» ойыны(Топтық жұмыс).Берілген тапсырма бойынша түсіп қалған сандарды табу


7-тапсырма (Жұптық жұмыс). Оқушылар жұппен ғарышқа қай зымыранмен ұшатынын өзара талқылап, анықтайды. Неге солай жауап бергенін түсіндіреді.

Дескриптор:

  • Дұрыс жауапты таба алады;

  • Жауабын түсіндіре алады.

Соңы

3 мин

Р

  • Сабақ ұнаса - зымыранды жасыл түске;

  • Сабақта қиындық кездессе – зымыранды сары түске;

  • Тапсырманы орындау үшін мұғалім көмегі қажет болса – қызыл түске боя

ефлексия, кері байланыс «Зымыран»


Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТмен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)



Дүниетану (ғарыш)


Электронды оқулық

Ынтымақтастықта жұмыс жасау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі