Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

9-сынып. Ашық сабақ Ф.Оңғарсынова. "Өлең,мен сені аялап өтем"

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағайлы кенті ЖББ №16 орта мектебі КММ-сі

9-сынып Мұғалімнің аты-жөні: Кошенова Жанар Кусайновна

Сабақ тақырыбы

Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.1.1. шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақ мақсаты

1 «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің мазмұнын меңгеру;

2. Шығарманы осы мазмұндас туындылармен салыстыру;

3. Тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Бағалау критерийі

шығарманы осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;

Тілдік мақсаттар

Қажетті лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын мақсат: дара күндерім, нала түндерім,серігі болу, сенімі болу, мен сені саялаймын, жүрегі мұздау, жаны сыздау, ажалмен айқасқан, өткінші сезім, кінә тағу, өш алу, от басу, өзіммен қоштасу, қайғы-мұңды бөлісу, қиын тағдыр.

Негізгі: Өмір, өлең, серік, тағдыр, аялау.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...., мынадай мысалмен дәлелдеймін, былай қорытынды жасаймын...

Құндылықтарға баулу

Жалпы адами құндылық, ұлтжандылық, рухани-адамгершілік, моральдік қасиеттерін қалыптастыру, ақынның нәзік болмысын тану, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттану, өзін-өзі тану, психалогия.

Алдыңғы білім

Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал орнату.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» тренингі

Жаттығудың сипаттамасы:

Сынып оқушылары шеңберге тұрып, «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі... ».


Топтарға бөлу.

Сынып оқушыларын «Өз жұбыңды тап» әдісі арқылы топқа бөлемін. Өлең жолдарын құрастыру арқылы.


«А,В,С» әдісі. Үй жұмысы бойынша білімдерін жинақтайды.

Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына байланысты А- сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Топтағы оқушылар үшеуден бірігіп отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы тыңдайды, қажетті жерлерін түртіп алып, соңында қорытынды жасайды. Ақын шығармашылығының құндылығына баға береді. (бұл жердің өзінде саралау бар емес пе?)

«Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады.









Ақынның өлең жолдары жазылған қима қағаздар.







Сабақтың ортасы

ТЖ. «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі бойынша болжау.

Тақырып бойынша терминдерді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырамын:

(Өлең, жыр, ән, толғау)

  • Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда кездестіріп едіңіз?

  • Қалай? осы атауларды қалай және қандай мағынада қолданылатындығына мысалдар келтіре аласыз ба?

  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Бұл жұмысты оқушылар топпен ауызша немесе жазбаша орындайды.

Бағалау критерийі: Оқушылар берілген атауларға байланысты сұрақтарға жауап береді;

Дискриптор:

- термин сөздерді қайда кездестіргенін айтады;

  • қандай мағынада қолданатындығына мысалдар келтіреді.

  • Бұл атаулардың бүгінгі сабақта қандай қолданыста болатынын анықтайды.


1. Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді.

ЖЖ: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша топтағы жұптар:

1. мәтіннен сұрақ құрастырады.

2. бір-біріне сұрақ қою арқылы ой бөліседі.

3. мәтін мазмұнын ашады.

Дискриптор:

- мәтіннен сұрақ құрастырады.

- бір-біріне сұрақ қою арқылы ой бөліседі.


Қ.Б. «Бес бармақ» әдісі


2. ТЖ: «Венн» диаграммасы.

Шығарманы осы мазмұндас ақындардың туындыларымен салыстырыңыз.

Shape2 Shape1

А.Бақтыгерееваның өлеңі

М. Мақатаев

тің өлеңі




Shape3

Ф.Оңғарсынованың өлеңі











Нәтиже арқылы саралау тапсырмалары:

А-д: Ақын шығармаларындағы мазмұнынды ажыратыңыз.

В-д: Идеясының өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

С-д: Өлеңдеріндегі идеяны өмірмен байланыстырып, құндылығына баға беріңіз.


Бағалау критерийі: Шығарманы осы мазмұндас ақындардың туындыларымен салыстырады.


Дискриптор:

  • Ақын шығармаларындағы мазмұнынды ажыратады.

  • Идеясының өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын мысалдар арқылы дәлелдейді.

  • Өлеңдеріндегі идеяны өмірмен байланыстырып, құндылығына баға береді.

Қ.Б. «Өзара бағалау» әдісі


Сергіту сәті. «Батискаф»

Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.


3. ТЖ: «Әдеби шеңбер» әдісі. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.

1-топ: Шығарманың тарихилығына байланысты 3 сұрақ дайындайды.

1. Поэзия мен мәдениет ұғымының тарихқа қатысы қандай? (Х.а.ә.)

2. «Бабалар жыры» тіркесінің мағынасын аш.

3. «Ұлағат» сөзінің тарихтағы маңызы қандай?


2-топ: «Поэзия шын мәніндегі мәдениетті тәрбиелейді» деген тақырыпта шығарманың көркемдік құндылығын ашатындай 10 сөз тіркесін дайындаңыз.

Бағалау критерийі: Тарихи және көркемдік құндылығын баға береді.

Дискриптор:

  • Шығарманың тарихилығына байланысты 3 сұрақ дайындайды.

  • Шығарманың көркемдік құндылығын ашатындай 10 сөз тіркесін жазады.

Қ.Б. «Өзін-өзі бағалау» әдісі




Оқулық









Интер белсенді тақта.







Слайдтар

Сабақтың соңы

Кері байланыс. «ПОПС» формуласы» әдісі.

Ақын шығармасына өз көзқарасын білдіреді, қорытынды шығарады.

П-ұстаным: Менің ойымша...

О-талқылау: себебі...

П-мысал: оған дәлел...

С-ой-пікір: орытындылай келе...

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі



Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырмаларды іріктеу, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, материалдар мен ресурстарды әзірлеуде оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруді қамтиды.

Барлық оқушылар үшін

Оқушылардың көпшілігі үшін

Кейбір оқушылар үшін

Бағалау критерийлері мен дискрипторларға негізделеді.

Сабақта топтық, жұптық жұмыс формаларында өзара бағалау және бағалау парақшалары қолданылды.

Денсаулық сақтау технологиялары

Сабақтағы сергіту сәттері мен белсенді жаттығу түрлері

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
1821
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12