Материалдар / 9-сынып .қазақ тілі. №2 бжб.3-тоқсан. 1,2 нұсқалы.«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

9-сынып .қазақ тілі. №2 бжб.3-тоқсан. 1,2 нұсқалы.«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып .қазақ тілі. №2 бжб.3-тоқсан. 1,2 нұсқалы.«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

9-сынып .қазақ тілі. №2 бжб.3-тоқсан. 1,2 нұсқалы.«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа


Оқу мақсаты:

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.

  • Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут


1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

А мәтіні

Қытай ғалымдары адам мүшелерін өсіріп шығарудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп, есту мүшелері кем балаларға көмектесті. Бұл зерттеу туралы «EBioMedicine» журналында жарияланған.

Пациенттер микротия ауруымен туған бес бала: олардың құлақ қалқаны дұрыс дамымаған немесе құлақ қалқаны мүлдем жоқ. Әдетте мұндай жағдай құлақта жиі кездеседі. Ғалымдар пациенттердің сау құлағының пішінін негізге ала отырып, 3D-принтерлі төсемеде басып шығарып, оған пациенттің жасушаларын сеуіп тастаған. Жасушалар үш ай ішінде өсіп шыққан соң, құлақ қалқанын балаларға отырғызады.

Операциядан кейін екі жыл өткенде бес пациенттің төртеуінің отырғызылған құлақтарында шеміршек пайда бола бастады, ал үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды, екі баланың құлағы біршама қисық болып қалады. Бірақ та мүшені қабылдамау бірде-бір балада байқалмады.

Адам мүшелерін өсіріп шығарудың бұл тәсілі айтарлықтай қымбат болғанымен, ғалымдар одан әрі дамытуды және оны қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді жоспарлап отыр. Олар: «Бұл жұмыс құлақ пен басқа да шеміршектен тұратын мүшелерді ұлпалық инженерия негізінде қайта қалпына келтіруге қатысты амалдардың өте жақын арада медициналық практикаға енетінін айқын дәлелдеді»,дейді.

(165 сөз)

kz/zha-aly-tar/gylymi-zhanalyktar/663

Ә мәтіні

Әдетте денесі қатты күйген адамның терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Жасанды тері арқылы осы қиындықтардан құтылуrа болады. Ғалымдар ең әуелі жануарларrа тәжірибе жүргізген.

ҚасымМұқанов,ҚРБҒМ Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары:

- Жасанды тері жасау бойынша жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары оң нәтиже көрсетті. Бірнеше клетканың жасанды штамдарын (ағзаның таза даyылы) алып, клиникалық сынақтан өткізіп, әрі қарай медициналық тәжірибеде қолдануға болады. Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Бұл жолы сынақ адамның өзіне жyргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады.Сосын оны арнайы зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған немесе басқа жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің жылдам қалпына келуіне көмектеседі.Астыңғы жараның беті қатқаннан кейін он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.

Ерлан Раманyyлов, ҚРБҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- Біз дені сау ересек адамдардың тері жасушаларымен жұмыс істейміз. Сол қарапайым жасушаларды керегінше түрлендіріп, қажетімізге жарататын боламыз. Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар екі жылдай уақыт керек екенін айтады. Осындай ғылыми жұмысты тоқтатпай жүргізу үшін биылғы жылға қаражат жеткілікті. Ал енді Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру үшін келесі жылы қыруар қаржы керек. (150 сөз)

kz/news/video/2011/01/25/41961/

Екі мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

1-мәтін

Мәтіннің тақырыбы

2-мәтін




Мәтіндердің қызметі





Мәтіндердің құрылымы





Мәтіндердің тілдік ерекшеліктері







2-тапсырма. Сіз оқылған мақалаға аннотация дайындамақшысыз. Төмендегі графиктік органайзер негізінде аннотацияның құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңыз.


Аннотация

«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси - идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.




І Кіріспе бөлім

ІІ Негізгі бөлім

1.

2.

ІІІ Қорытынды бөлім



«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.


1

Мәтіндердің ұқсастықтарын табады;

Тақырыбын,

қызметін,

құрылымын,

тілдік ерекшеліктерін салыстырады.


1

1

1

1

Мәтіндердің айырмашылықтарын салыстырады;

Тақырыбын, қызметін,

құрылымын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады.



1

1

1

1

Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.


2

Аннотация жазуға деректер мен ақпараттарды жинақтайды, жоспар құрады;


1

кіріспе бөлімнің тақырыбын жазады;

1

негізгі бөлім абзацтарының тақырыптарын жазады:

1.

2.

3.



1

1

1

қорытындының тақырыбын жазады.

1

Барлығы – 14 балл




«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа


Оқу мақсаты:

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.

  • Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

А мәтіні

Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.

Негізі мақсат – кибернетика, нанотехнология, биоинженерия, генетика сынды ғылым салаларының жетістіктерін пайдалана отырып, бүгінгі адамның басқа ғаламшарда өмір сүруіне кедергі келтіретін «табиғи олқылықтарды» қолдан реттеу, ғаламның болашақ қожайынына айналу.

(114 сөз)

Сәкен Есіркеп, Астана \Егеменді Қазақстан\ газеті

Ә мәтіні

Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы медицина мен биология. Бұл жобамен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары екі жылдан бері шұғылданып келеді.

Бүгінгі күні дүниежүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері импорттық орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Ерлан Раманyyлов,

Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз, олар топырақтың сортаңдануына, құрғаyшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады.

Тағы да бір басты міндеттерінің бірі осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру.

(95 сөз)

(Ұлттық биотехнология орталығы сайтынан)



















Тапсырма. Мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

А мәтіні

Ортақ белгісі

Ә мәтіні

Тақырыбы





Қызметі






Құрылымы







Тілдік ерекшелігі











2-тапсырма. Толтырған графиктік органайзер негізінде «Абайша «қолымызды мезгілінен кеш сермеп», сөздің емес, істің адамы болу» тақырыбында ойыңызды түйіндеп мақала жазу үшін мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңыз.


Мақаланың жоспары

Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер күрделі жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.

Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.



Мақала мәтінінің құрылымы:


Кіріспе


Эксперимент әдістері (әдістемесі).


Нәтижелері және талқылау.


Қорытынды (тұжырым қорытындылар және ұсыныстар)




















«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.


1

Мәтіндердің ұқсастықтарын табады;

Тақырыбын,

қызметін,

құрылымын,

тілдік ерекшеліктерін салыстырады.


1

1

1

1

Мәтіндердің айырмашылықтарын салыстырады;

Тақырыбын, қызметін,

құрылымын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады.



1

1

1

1

Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.


2

Мақала жазуға деректер мен ақпараттарды жинақтайды, жоспар құрады;


1

кіріспе бөлімнің тақырыбын жазады;

1

негізгі бөлім абзацтарының тақырыптарын жазады:

1.

2.

3.



1

1

1

қорытындының тақырыбын жазады.

1

Барлығы – 14 балл











ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
.
11 Ақпан 2025
286
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі