Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
9 сынып қазақ тілі мен əдебиет ктж үйден оқыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) сәйкес әзірленген.
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдебитеориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
4. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1)қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2)қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3)түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4)заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2)әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3)көркем шығармадағы образ;
4)шығарма үзінділерімен жұмыс.
9. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)әдеби шығарманың композициясы;
2)автор бейнесі;
3)көркем шығарманың тілі;
4)шығармашылық жұмыс.
10. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)тарихи және көркемдік құндылығы;
2)заманауилығы мен жаңашылдығы;
3)әдеби эссе;
4)әдеби сын.
19. 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау, әдеби шығармадағы психологизм, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
2) анализ және интерпретация: эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар, автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі, шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.
20. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Ж. Баласағұн «Құтты білік»;
2) Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»;
3) Төле би «Ердің бақыты –әйел», Әйтеке би «Қасқакөл дауы», Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»;
4) Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым»;
5) Бұқар жырау «Тілек», «Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені»;
6) «Біржан-Сара» айтысы;
7) Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»;
8) Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»;
9) Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»;
10) І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы;
11) Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаят;
12) Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы;
13) Т. Айбергенов «Сағыныш», Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»;
14) Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы;
15) Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
9-сынып
Жалпы орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.
Жылдық жүктеме 34 сағат, аптасына 1 сағат.
І тоқсан (8 сағат) |
|||||||||||
р/с |
Бөлім/ тақырыптар |
Сабақтардың тақырыбы |
Оқудың мақсаттары |
Сағаттар саны |
Мерзімі |
Ескертпе |
|||||
1 |
Ж. Баласағұн "Құтты білік" дастаны |
Ж. Баласағұн "Құтты білік" |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
|
1 |
|
|
|||||
2 |
Шешендік өнер. Майқы би |
Шешендік өнер. Майқы, Мөңке бидің, Әнет бабаның шешендік сөздері |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
|||||
3 |
Төле би "Ердің бақыты –әйел" |
Төле би "Ердің бақыты –әйел" |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
|||||
4 |
Қазыбек би "Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?" |
Қазыбек би "Кім жақын?Не қымбат? Не қиын?", Әйтекеби "Қасқакөл дауы" |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
|||||
5 |
Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым" |
Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым" |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
|||||
6 |
Бұқар жырау "Тілек" |
Бұқар жырау "Тілек, «Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені»" |
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу |
1 |
|
|
|||||
7 |
"Біржан-Сара" айтысы |
Айтыс өнері. "Біржан-Сара" айтысы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
|||||
8 |
|
"Біржан-Сара" айтысы |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
|
1 |
|
|
|||||
ІІ тоқсан (8 сағат) |
|||||||||||
р/с |
Ауыспалы тақырыптар |
Сабақтардың тақырыбы |
Оқудың мақсаттары |
Сағаттар саны |
Мерзімі |
Ескертпе |
|||||
1 |
Нысанбай жырау "Кенесары – Наурызбай" дастаны |
Нысанбай жырау өмірі мен шығармашылығы |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
|
1 |
|
|
|||||
2 |
|
Нысанбай жырау "Кенесары – Наурызбай" дастанының тақырыбы мен идеясы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
|||||
3 |
|
"Кенесары – Наурызбай" поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
|||||
4 |
Махамбет Өтемісұлы "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны" |
Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; |
1 |
|
|
|||||
5 |
|
"Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны" поэмасы. Құрылымы, кейіпкерлерге талдау жасау |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
|||||
6 |
|
№1 БЖБ Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы. Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі" шығармасы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
|
1 |
|
|
|||||
7 |
|
Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі" шығармасы |
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу |
1 |
|
|
|||||
8 |
|
Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі" шығармасы |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
|
1 |
|
|
ІІІ тоқсан (10 сағат) |
||||||||
р/с |
Бөлім/ тақырыптар |
Сабақтардың тақырыбы |
Оқу мақсаттары |
Сағаттар саны |
Мерзімі |
Ескертпе |
||
1 |
І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы |
І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы."Құлагер" поэмасы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
||
2 |
|
І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
||
3 |
|
«Құлагер – еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы» |
9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби
эссе жазу; |
1 |
|
|
||
4 |
Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаяты |
Б. Майлин. "Шұғаның белгісі" хикаяты сюжеті мен композициясы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
||
5 |
|
"Шұғаның белгісі" хикаятындағы кейіпкерлер әлемі |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
||
6 |
|
"Шұғаның белгісі" хикаяты. Үзінділермен шығармашылық жұмыс. |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
||
7 |
Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романы |
Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан» романы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
||
8 |
|
"Ұлпан" романындағы кейіпкерлер әлемі |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
||
9 |
Т. Айбергенов "Сағыныш" өлеңі |
Т. Айбергенов "Сағыныш" өлеңі |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
||
10 |
Ф. Оңғарсынова "Өлең, мен сені аялап өтем" өлеңі |
Ф. Оңғарсынова"Өлең, мен сені аялап өтем" |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
||
ІV тоқсан (8 сағат) |
||||||||
р/с |
Бөлім/ тақырыптар |
Сабақтардың тақырыбы |
Оқу мақсаттары |
Сағаттар саны |
Мерзімі |
Ескертпе |
||
1 |
Н. Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы |
Н. Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы. |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
|
1 |
|
|
||
2 |
|
"Бәйтерек" поэмасына сюжеттік талдау |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін
анықтау; |
1 |
|
|
||
3 |
|
Үзінділермен жұмыс |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
||
4 |
Қажығали |
Қажығали Мұхамбетқалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Тар кезең» романы |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
1 |
|
|
||
5 |
|
«Тар кезең» романындағы кейіпкерлер жүйесі |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; |
1 |
|
|
||
6 |
|
Сырым би- Сырым батыр |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|
||
7 |
|
№ 2 БЖБ Ұлы жиын . |
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу |
1 |
|
|
||
8 |
|
Глоссарий |
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
1 |
|
|