9-сыныптарға арналған жаттығу жұмыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

9-сыныптарға арналған жаттығу жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


1- жаттығу. Мәтіннен қарамен жазылған зат есімдердің мағыналарын анықтап, қандай құрамда тұрғанын анықтап,талдау жасаңдар.


Әнеугүні жаңбырдан кейін Жер-ана түлеп шыға келген. Мал тұяғына сүрініп жайылды. Қажыбек бозторғай ұясына көтерілгенде, жылқысын Сарышоқының желді бетіне қаптатып,ауылға оралды .Қуанныштан жер-көкке сыймай, түнімен өзі білетін әндерді айтып шыққан. Оның үстіне әке-шешеге қалай айтарын білмей қысылды.


2- жаттығу. Төмендегі туынды зат есімдердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын анықтап, дефис арқылы көшіріңдер.


Үлгі: қыр-ғыш,ки-ме-шек


Ілмек, ұшқыш, қысқыш, құймақ, белдік, үйшік, амандық, ботақан, қыстау, санақ, асқыш,діріл,құйын,тарамыс,орақ,ескілік,келешек.


3 - жаттығу. Мәтінді оқып,зат есімдердің сұрақтарын анықтап,олардың сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын түсіндіріңдер.


Далада жапалақтап қар жауып тұр.Көшенің қарсы бетінде қармен атысып ойнап жүрген балалар шуылы естіледі.Ағаш басынан шошына ұшып,қыстың келіп қалғанын хабарлап, ұзақтар қылғына шықылықтайды. Сұлтан осы ды-быстарға құлақ түреді. Дыбыстар ұзап кетеді.Ертең көзіне операция жасамақ.


4 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып,көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып,олардың қандай жалғаулар екенін айтыңдар.


Балалар Талғат.... күшігін жаман деп мазақтады.Мойнақ... өш алу... ойлады. Аула... ортасы... еркінсіп шауып жүрген күшік... ұстап алып,тоғанды су... апарып лақтырып жібереді. Қара күшік жаға... қанша талпынса да, ағы... қатты су ерік бермей ала жөнелді. Қанат көмек көрсетіп, әуре... түсіп жүр.


5 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған зат есімдердің мағыналарын анықтап, қандай тұлғаларда тұрғанын анықтаңдар.


Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ баланың ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көріністерге зер сала қарады.




6- жаттығу. Төмендегі сөздерді оқып, олардың сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.


Үлгі: Ұзын арқан.Ұсақ моншақ.


Қысқа.Аласа.Биік.Жеңіл.Қатты.Жұмсақ.Сұлу.Ащы.Тұщы.Лас.Таза.Нас.Ақ.


7- жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар. Олар қай сөздердің қандай сынын білдіріп тұрғанын айтыңдар.


Бетпақдаланың өзіне лайықты көркі бар.Оның қара қырлары сұр белдері қызыл шақа тепсеңдері, ақ тақырлары өзінше көз тартады. Мұндағы көкше қоян, жорға дуадақ, бурыл түлкі, кер киіктер де аңшыны ерекше еліктіреді. Ұзыннан ұзақ кең көшелер екпе ағаштарға бөленген.


8- жаттығу. Көп нүктенің орнына төменде берілген сын есімнің жұрнақтарының тиістісін қойып жазыңдар.


Үлгі: құмды жер, тасты жер.


Жаз... демалыс.Күз... бидай.Сұр...бұлт.Бала... үй.Шаруа... адам.Боз... мата.

Қыр... тас.Сүз... сиыр.Теб... бие.Бүр... көйлек.Үрк... ат.


9- жаттығу. Көп нүктенің орнына төменде берілген жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасап көшіріңдер.


Қажетті жұрнақтар: -и,-лы,-ды,-ті,-қор,-шең,-шыл,-сыз,-сіз,-кі,-паз.


Ол –намыс... адам.Тұз... тамақ дәм. Кеш... самал жел еседі. Алтай-тау..., орман..сая, шұрай..., алқап. Әсем... болма әрнеге, өнер... болсаң арқалан. Әдеп... бала-ар...бала, әдеп...бала-сор... бала. Тарих... жеңіс, мәден...орын, әдеб...тіл.


10- жаттығу. Сөйлемдерді оқып, туынды сын есімдерді табыңдар.Олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.


Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек. Кекшіл болма, епшіл бол. Мәуелі ағаш майысқақ. Ол шенқұмар, мансапқор, Жағымпаз болатын. Қияға айлашыл тазы шұбатылып жөнеле берді. Шөженің бағанағы мысқылшыл ойнақы, ащы күлкісі әлі Абайдың көз алдында тұр.


11- жаттығу.Мәтіннен сан есімдерді тауып,цифрмен жазылғанды сөзбен, сөзбен берілгенді цифрмен жазыңдар.


Бір киллограмм бал жинау үшін араға қанша еңбек ету керектігін білесің бе?Ол үшін он тоғыз миллион гүлге қонып, 300000 километр жерді шарлай-ды. Яғни Алматыдан Мәскеуге 30000 рет ұшып барып келуі керек деген сөз.

Жөке осы мерзімде-66, қайың-60, шырша-13, қарағай бар болғаны 9 литр су

сіміреді.


12- жаттығу. Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара,күрделі түріне ажыратыңдар.


Үлгі: дара сан есімдер: алты

Күрделі сан есім: он сегіз


6, 18, 1987, 50, 70, 2, 5, 0,5, 4892, 689, 254, 5,3.


13- жаттығу. Есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап,оларды сөзбен жазыңдар.


Үлгі: 10, 50, 17, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 10000


14- жаттығу. Сөйлемдерді оқып, топтау сан есімдерін тауып,олардың жасалу жолын анықтаңдар.


Әр совхоз 20-25 мың гектардан тың көтеріпті.Ұзын көшесі үшеу-төртеуден, көлденең көшесі бесеу-алтаудан аспайтын шағын поселкелер.Ең шағымды үлескілер бұл совхозда 30 центнерден астық берген.Осыған және бұрынғы тәжірибеге қарап, совхоз адамдары биыл жыртқан жердің гектарынан, ендігі жылы жаңбыр тамбаса 16-20 центнерден, жаңбыр болса, 30-40 центнерден аламыз деп отыр.


15- жаттығу. Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.


Москва 1147 жылы салынған. Абай 1845 жылы туып, 1904 жылы қайтыс болған. Жамбыл 1846 жылы туып,1945 жылы қайтыс болған. Шолпан күнді 225 күнде айналып шықса, Юпитер 12 жылда, Сатурн 29 жыл, 167 күнде, Нептун 165 жылда айналып шығады.


16- жаттығу. Төмендегі мақалдарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріңдер.


.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. .....сом ақшаң болғанша, ...жолдасың болсын. ...кісінің түсін білгенше, ...кісінің атын біл. ... саусақ бірдей емес.

Білікті ... жығар,білімді ...жығар.


Керекті сөздер: сексен, тоқсан, бір,мың, бес, жүз, он.

17-жаттығу. Төмендегі етістік сөздерге аударма жасап , олардың қандай тұлғада тұрғанын түсіндіріңдер.

Сескен. Баста. Дүрди. Ата. Ырси. Үйрен. Ұқса. Жанас. Ұмтыл. Шегеле. Аңғар. Үндеме. Жібер. Ақса. Бұрқыра. Қарғы.Созба. Бол. Келтір. Оқыт. Суғар. Ұшыр. Омбыла. Қымта. Өңгер. Байла. Кептір. Апар. Әкел. Бер. Аралас. Сүрткіз. Жылтыра. Күркіре. Қыжырай. Ұйықта. Батыр. Ой.


18-жаттығу. Төмендегі болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар.


Үлгі: қорық-қорықпа.


Қорық. Сөйле. Сүрін. Ұмыт. Көрін. Қара. Күй. Сүй. Тер. Байла. Төбелес. Ұрыс. Ти. Қи. Сыз. Жаса. Жосы.


19-жаттығу. Мәтінді оқып, қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қандай етістік екенін айтыңдар.


Әдептілік.


1. Үлкен кісімен кездескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма. 2. Біреумен сөйлескен кезде ,бетіне қадала қарап, тақалып тұрма. 3. Біреудің дүниелігіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 4. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 5. Сынған, жоғалған нәрселерді айтып, өкіне берме. 6. Көзіңді орынсыз ойнақтатып, жан-жаққа алақтама. 7. Есікті қатты серпіп жаппа, тарсылдатып қақпа. 8. Жоқтан өзгеге түйіле берме. 9. Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа. 10. Есікті тасаланып немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме. ( «Балдырған» журналынан.)


20- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып көшіріңдер де, олардың қандай жұрнақ екенін анықтаңдар.


1. Өзіңе тапсырылған міндетті қайталап айтқыз...й істеуге әрекеттен. 2. От саба..., отпен ойна... . 3. Жолда түсіп қалған нанды көрсең, адам бас...йтын жерге алып қой. 4. Аузыңды аңқитып ашып есіне... . 5. Біреуге жауап бергенде, таңдайыңды қағып, басыңды шайқа ... . 6. Ақыл аз...йды, білім тоз...йды. 7. Өнер білсең , өл...йсің. 8. Жауға жалын..., досқа тарыл... . 9. Малды басқа ұр... . 10. Кемтар адамға күл... , оларды келеке ет... . («Балдырған » журналынан.)


21-жаттығу. Оқып шығып, салт етістіктің астын бір, сабақты етістіктің астын екі сызықпен сызыңдар.


1. Бойыңа мақтанба, ойыңа мақтан. 2. Жақсылап жыртып жеріңді, кезінде ексең, егінді, аларсың мол өнімді. (Мақ.) 3. Қыс мал бақ , жаз шөп шап. 4. Олар үйлеріне кетті, біз кері қайттық. (Ә.Ә.) 5. Жау көрсе сасады, құйрығын тастай қашады. (Кесіртке.)


22-жаттығу. Төмендегі етістіктерден есімшелер жасап, жұрнақтардың түрлену себебін түсіндіріңдер.


Үлгі: ал, алған, алар, алатын, алмас.


Ал. Тоқы. Тер. Ойла. Тексер. Қаз. Күре.


23-жаттығу. Анықтаған, түсіретін, төкпес, сұрайтын есімшелерін септеңдер.


24-жаттығу. Төмендегі етістіктерден көсемше жасаңдар.


Үлгі : өсір-өсіріп, өсіре, өсіргелі.


Өсір. Шеш. Сүт. Киін. Таран. Жуын. Түзе. Жық.


25-жаттығу. Көсемшелерді тауып, олардың сұрағын анықтап, сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.


1.Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей

Алты малта ас болмай...

Ерлердің ісі біте ме?

(Махамбет)

2.

Құлын тайға жеткізеді,

Тай құнанға жеткізеді.

Құнан дөненге жеткізеді.

Дөнен атқа жеткізеді,

Ат мұратқа жеткізеді. (Мақал.)


26-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.


Үлгі: биыл-қашан алғаны?


Биыл Әлімнің Жарасов маслихаты бойынша машинаға алғаны -Қожақмет. (М.Ә) Ол ауыл жартылай көшіп, Шақпаққа қонған.(М.Ә) Еділден асып айқара , зулатты мені отарба, Жорғадайын шайқала (Ж.) Үй төбесінде Ушаковтың көрінуіен күтіп тұрған Байжан домалап төмен түсіп барады. (Ғ.М) Ара –кідік үйдегі бала –шағасын елестетіп, іші қан жылайды. (М.Сқ)


27- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулерінің қалай жасалғанын айтыңдар.


Үлгі : аз-аздап - қосарлану арқылы.


1.Кешеден ас жемей , аяздаған уақыт еді. 2.Бұдан бұрын Аққасқаны аз-аздап қоянға жүгіртіп, екі-үш суытып алған. 2.Бүгін таңертең аз ғана ас құйылған екен. 4. Күздігүні үй ішінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда, Қасенді де бір-екі рет қауып алған. 5. Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады, күн әзірше суықтау. Айналаға Аққасқа да анда-санда бойлап-бойлап жағалай қарайды. 6. Енді бір-бірінің босап кетуіне жол жоқ. 7. Қалың да емес, қыстың орта кезі болса да , биыл қар жұқа болатын. (М.Ә)


28-жаттығу. Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып, сөйлем құраңдар.


Кейін. Алда. Бері. Жоғары. Ілгері. Төмен.


29-жаттығу. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген үстеулердің қажеттісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Олар қай сөзбен тіркесетінін және үстеудің қай түріне жататынын ажыратыңдар.


Керекті сөздер: төмен, енді, алдары, ілгері, тұс-тұстан, анда-санда, әскерше, бүгін.


1. ... терең жыра. Қайролда атын бұрып, сайдан ... ұмтыла түсті. Сай кемеріндегі маса, сона : «Бізге жақындама , біздің мазамызды ... алма » деген тәрізді ... кеп ауыздан жабысқанда , есіңнен танғандай боласың. 2. Ала төбет ... үріп әлдеқайда ұзап барады. 3. Жәукенің қызы ... келіп комсомолдарға қосылды. Самсаған жастар ... тізіліп тұрып алақан ұрды. (Б.М)


30-жаттығу. Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеулерді тауып жазыңдар


Үлгі : ілгері – кейін.


Ілгері. Жоғары. Бұрын. Әрі. Мұнда. Алға. Ертеңгісін. Астыртын. Әрірек. Сыртқары. Жаздыгүні. Ерте. Күні. Жылдам.


31-жаттығу. Берілген сөздерге –лай , -лей, -дай,-дей, -тай, -тей, -ша,-ше жұрнақтарын жалғап туынды үстеу жасаңдар. Жасаған туынды үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.


Жаз. Күз. Қыс. Осы. Басқа. Түлкі. Қасқыр.


32-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.


Жаздыгүні. Қыстыгүні. Күздігүні. Ендігәрі. Әлдекімдерше. Құсша. Лезде. Ақырын. Әлсін-әлсін. Бей-берекет.


33-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген тиісті септеулікті қойып, сөйлемдерін көшіріп жазыңдар.


1.Адамзат жүрегіме үңілгенде әр уақыт сен ...мені білсін.(С.М) 2.Есінен танып қорыққан балапан бұдан ....көпке ...не болып, не қойғанын білген жоқ. 3.Балалар жиекке.... жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді.(С.Б) 4.Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, зарлап, еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып келе жатқанда, бұрыннан ойлап жүрген бір көмескі ниеті есіне түсті: ол ниеті-ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға ...жақындаған ..., сол қыстау маңында зираты бар әке-шешелерінің басына бармақшы еді.(М.Ә) 5. Өлкені өрлеп қонған он ... ауылдың көбі жатқан. Кішірек келген земленкенің есігінен төріне ... сықыған адам.


Септеуліктер: арқылы, қарай, дейін, соң, таман, кейін, шақты, шейін.


34 -тапсырма. Жақша ішінде берілген ма,ме,ба,бе,па,пе дегендерді шылау я, жұрнақ екенін ажыратып дұрыс көшіріңдер.


- Енді қашан елдің сәулесін көрем? Өткені (ме) осымен қу өмір? Кеткені (ме) ұшығына жеткізбей мол арман? Жұртым деуге ұялудан арылам (ба), жоқ (па)? (М.Ә). Ғылым таппай мақтан (ба), Орын таппай баптан (ба),Құмарланып шаттан (ба), Ойнап босқа күлуге. (А.)

- Қош,қош. Бұл кісімен жеке сөйлесіп көреміз.Сіздің өзіңіз тау жұмысына барар (ма) едіңіз?

-Барсам (ба) деп едім? (Ғ.С)


35-тапсырма. Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Үлгі: түу-көңіл күйін білдіретін одағай.


-Түу, есім жаңа жаңа кірді ғой, (М.Қаб.) –Ой ,обал-ай! Баласын да тоса алмады. (М.Сқ) – Уһ,кішкене бел жазайыншы...(М.Сқ) -Апыр-ай, мына дүлей тіршілік те көк мұздай тас бауыр екен-ау! (С.Ж.) -Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз! (Ғ.М.)


36-тапсырма. Сөйлемдердегі шылаулардың астын сызыңдар.


1. Ол күн сайын жаттығу жасап, алдағы сайысқа дайындалды. 2.Кешеден бері қауырт жұмыстар көбейді. 3.Ол анасының арқасында қиындық көрмей өсе берді. 4.Кейде төте жол іздеп аласұрсаң ғой. 5.Бұл ғылым туралы естіп отырғаным осы. 6.Бұрын естімеген соң мен қызығып та отырмын.


37-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып жазыңдар.


Әлиханның ойы бүгін өзгерді. Ол кешеден... дамыл алмай, ой үстінде жүр. Әлиханды мазалаған нәрсе...сұрағым да келеді. Бірақ біртүрлі ыңғайсыз ... . Оның қиналғанына ... күрделі мәселе болды ғой.


38-тапсырма. Берілген қыстырма сөздерді қолдана отырып, жауап беріңдер.


Өкінішті, амал қанша,бәлкім,сірә, қысқасы,демек.


39-тапсырма.Сөйлемдердегі қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қойыңдар.


1.Бақытыма орай мені ешкім байқамады. 2.Осы сен шынында сонша кітапты оқып шықтың ба? 3.Ұстаздың айтуынша бұл кездесуге жан-жақтан ғалымдар келу керек. 4.Олар мүмкін хабардар емес шығар. 5.Сонымен біз зерттеу жұмысын бастаймыз.


40-тапсырма. Берілген сөйлемдерден қыстырма сөздерді тауып,олардың түрлерін анықтаңдар.


1.Шынында да, сусыз өмір жоқ.

2.Меніңше, жер шарының көп бөлігін су алып жатыр.

3. Біздің елімізде,бақытымызға қарай, су қоймалары көптеп саналады.

4.Қазіргі кен металлургия комбинатының қалдықтары, меніңше, Балқашты ластап жатыр.

5.Рас, көлдің деңгейі төмендеген.

6.Өкінішке орай, табиғатқа қауіптің бәрі адамнан келіп жатыр.


41-тапсырма. Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, олардың білдіріп тұрған мағынасын көрсетіңдер.


Үлгі : бұл берем - сытылып шығып кету.


Дос айтады: бұл берем деп. (А.)

Құржаң-құржаң етеді.

Жер ұшық берген кісідей

Тоңқаңдай ма, не етеді?


Тиянақсыз байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың


42-жаттығу.Сөйлемдегі жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерін қойыңдар.


Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар Балқаш Алалкөл Сасықкөл.

Асан Мағаш Жандос үшеуі оңаша әңгімелесті.

Шымкент Алматы Қарағанды бәрі үлкен қала.


43-жаттығу.


  1. Сөйлемдегі айқындауыш сөздерді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.


Омардың үлкен ұлының,Асанның елге жасаған жақсылығы өте көп.

Біздің мектептің оқушылары ,әсіресе,11 сыныптар,әрдайым бірінші орын алады.

  1. Бірыңғай мүшелердің сөйлемдегі қызметін анықта.


Көктемде,жазда және күзде ауыр тікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді.


44-жаттығу.


  1. Оңашаланған айқындауышты қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.


Тұңғыш оқу орны,мыналар,соңғы күні,сенбі күні,нағыз аңыз адам,

екі дос,екі жұмыскер,өзеннің бұл жағында.


  1. Бірыңғай мүшелрдің астын сызып,талда.


Ағыстың жылдамдығына арнаның тереңдігі де,оның формасы да,өзеннің өз жолында кездестіретін бөгеттері де әсер етеді.


45-жаттығу.

1.Сөйлемдегі қосарлы айқындауышты тауып,талдаңдар.

Ақан серінің әндерін жаттадық.Асан мұғалімнің баласы әскерден келді.

Майра көшесінде авто-дүкен бар. Әнші Күләш,Біржан сал,Ақан серінің өмірі жәйлі мәлімет жинақтады


2. Бірыңғай мүшелердің сөйлемдегі қызметін анықта.

Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен де аса сүйсінген ажар танытты.

Алтын-жақсы әнші,әсем биші.


46-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі айқындауыш ,қосарлы айқындауыш сөздердің астын сыз.

Әсіресе,жаңбырлы желді түндерде,ай қараңғыда,ақ жауындарда Көксерек қатты құтырады. Біздің қалада автодүкен көп. Мақтайтын болсақ, әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді.


47-жаттығу. Айқындауыш қай сөйлем қызметін атқарып тұрғанын анықта.


Оның кіші қызының, Жамалдың ақындығы елге танымал.Мұражайға және пәтер –мұражайға келушілер бірнеше есе көбейді. Есімді білгелі , мен табиғатты әсіресе, тірі табиғатты сүйіп өскен кісімін.


48-жаттығу.

1.Төмендегі сөздерді қосарлы айқындауыш етіп сөйлем құраңдар.


Тракторшы,комбайншы,мұғалім,ғарышкер,биші,әнші,дәрігер.


2.Көшіріп жазып,бірыңғай мүшелердің астын сызып,тыныс белгісін қойыңдар.


Ал бала бүгіннен бастап мына болат сүңгі әрі қаруың әрі серігің.

Төзімділік сабырлық пен ептілік -балқытушының басты қасиеті.


49-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулық шылауларды қойып, жазыңдар.


Біз техниканы ....сақтап,.....баптап пайдаланамыз.

Қар суы.....,жаңбыр суы..... соның ырысы.

Үнемі ізденіп жүретін зерек.....сезімтал

Азамат пошта бөлімшесіне соққан еді.


50-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп,сөйлем құраңдар.


Сырдария, Ертіс, Жайық, Тобыл, Іле, Шу, Есіл

Жансұлтан, Бексұлтан, Асхат, Болат.

Қара торы, кең иықты, жылы жүзді



51 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, синоним сөздерді топ-тобымен жазыңдар.


Жойқын жұрт ерінбейді де,жалықпайды да.Осы бір достық,бауырмалдық

сезімдер Қайроштың жанын ерекше жадыратып,жігерлендіре,рухтандыра

түседі.Көп сәлемдесулер,амандасулар енді ғана қысқара бастады.Қарсы келе

жатқан жігіт қажырлы да қайратты көрінеді.


52- жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер жазыңдар.


Ауыр киім, ыстық жел, ұзақ жол, алыс жер, биік өкше, қысқа жіп, ерте ояну, қалың қар, жас жылқы.


53 - жаттығу. Өлеңнен омоним сөздерді тауып,астын сызыңдар.


Тоқсанға келген жасым бар,

Көпті көрген басым бар

Жасаулы жас қарағай

Жас өспірім баладай.


54- жаттығу. Сөйлемдерден синоним сөздерді топ-тобымен бөліп жазыңдар.


Қартқожаның үйі жайрап жатыр ,әбден бүлінген,шаруасы күйзелген.

Туысқандарының,ауылдың түрі мынау.Бұрынғы сенімі ,бұрынғы ынтасы, талабы,үміті-бәрі де жоққа шығып ,қарусыз ,құралсыз жапан түзде жалғыз қалғандай көрінді.Ауыл кісілері шақылдап сөйлесіп ,біреуді мінеп ,біреуді шенеп жатты.Қартқожа ешкімге тіл қатпады.


55 - жаттығу. Өлеңді көшіріп,антоним сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.


Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар, Саулық берсін жасыңа,кәріңе де

Жақсы да арасында жаман да бар Жазылмайтын дертім бар дәріңе де,

Бір күні жарлы отырып ойға қалды Сыртым бүтін болғанмен,ішім түтін

Байларға ең бір сараң көзін салды. Төзіп келем әйтеуір бәріне де

Соңы қалды өмірдің,басы кетіп,

Жаратқан ба табиғат жасық етіп?!


56-жаттығу. Мына кестені пайдаланып, сөйлем құраңдар.

А) «Төл сөз»,-автор сөзі.

Ә) Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.

Б) Автор сөзі : «Төл сөз».

В) «Төл сөз»,-автор сөзі,- «Төл сөз».



57- жаттығу. Берілген сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырыңдар.


Төл сөз

Төлеу сөз.

1

Бақыт менен : «Сен нешеде келесің?»- деп сұрады.


2

«Уақытыңды үнемде!» -деді мұғалім.


3

Арман аға былай деді: «Еш уақытта сабағыңнан қалма!».


4

Асқар: «Мен бос уақытымдағы ермегім туралы жазып отырмын.»,-деді.



58-жаттығу. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.


  1. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танытып білуге үйретеді дейді Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  2. Расул Ғамзатов Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек деп айтып кеткен.


59- жаттығу .Берілген сөйлемдерді толықтырыңдар.( автор сөзі,төл сөз)


  1. Белгіленген уақытта оянып үйрен.

  2. Сабаққа кешікпе.

  3. Оқу құралдарыңды таза ұста.

  4. Сабақтарға уақытында дайындал.

  5. Бүгінгі істейтін жұмысыңды еш уақытта ертеңге қалдырма.

  6. Жұмыс істеуге еренбе.


60- жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріңдер.


1. Жалқаудан жаман жоқ. 2. Еңбек сүйгенді ел сүйеді. 3. Батырға да жан керек. 4. Егін ексең тыңға, шықтым дей бер шыңға.5. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. 6. Татулық –табылмас бақыт. 7. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. 8.Көппен көрген ұлы той. 9.Шегірткеден қорыққан егін екпес. 10. Дананың ақылы – дария, халықтың ақылы-мұхит.


61-жаттығу. Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.


1. Білім арзан,білу... .2. Жақсыдан үйрен , .... жирен. 3. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, ... білер. 4. Жаманмен егескенше,... кеңес.5. Әкеге қарап, ұл өсер, ... қарап қыз өсер. 6. Ақылдыға жан қымбат, ... мал қымбат.7. Арқанның ұзыны, сөздің ... жақсы.


62-жаттығу.. Мына фразеологизмдердің мағынасын анықтаңдар.


Қас пен көздің арасында-

Төбе шашы тік тұрды-

Тілін жұтып қою-

Бес саусақтай білу-

Таяқ тастам жер-

Айды аспанға шығару-

Қыр соңынан қалмау-


63-жаттығу. Мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар.


1. Жеті рет өлшеп, ....

2. Аңдамай сөйлеген, ...

3. Екі кеменің басын ұстаған ....

4. Татулық -табылмас ....

5. Ынтымақ түбі ....

6. Білгеніңнен білмегенің .....

7.Досыңа достық ....


64-жаттығу. Мақалдардың қазақша баламасын тауып жазыңдар.


1. Большому кораблю- большое плавание.

2. Будет и на нашей улице праздник.

3. Долг платежом красен.

4. Игра не стоит свеч.

5. Нет худа без добра.


65-жаттығу. Мына сөйлемдерден мақал-мәтелдерді табыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.


1. Аустралия тұтас бір материкті алып жатыр.2. Оқу-білім бұлағы, білім -өмір шырағы. 3. Кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы- туған жері. 4. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.5. Қытайда халық саны милиардтан көп. 6.Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды. 7. Кісінің көркі киім емес-білім. 8. Еңбек етсең-емерсің.


66-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмаласқа айналдыр.


Қыруар уақыт өтті, жаңбыр басылмады.Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.Ферма жұмысының да жауапты кезеңі басталып қалды тапсырылған жұмысты аяқсыз қалдыруға болмайды.Олардың дауысы дауылдан да күшті тегеу-іріндері темірден де күшті . Есік тарс ашылды да , отырғандар түгел жалт қарасты.

Ол күні шаршап барғанбыз, жатып демалдық. Ауылдың қонған жері-көкорай, сондықтан малдың бәрі ауылдың қасында.


67-жаттығу. Берілген басыңқы сөйлемдерге өз ойларыңнан бағыныңқы сөйлем ойлап, сабақтас құрмалас сөйлем етіп құрастырыңдар.


.... жыл сайын бір жаңалық қосылды. ....Ермек телефонның құлағын қайта іліп қойды.

....,менде басқа сөз жоқ. ....,тояды қарның тіленбей. ....алыс –жақын тыңдайды. ....белгілі бір мезгілде тұрады. .....Абай шешіле сөйледі.

68-жаттығу. Көшіріп жазып, шартты бағыныңқылардың астын сызып, жасалу жолын айтыңдар.


Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Егер сен жалғыз болсаң, асқар тауға шыққаннан не пайда? Есім болмағанда, жұрт барақтарға, шынында,басып кірер еді. Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Егер сен жалғыз болсаң , асқар тауға шыққаннан не пайда? Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың. Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді.


69-жаттығу. Қарсылықты салалас сөйлемдерден,қарсылықты бағыныңқылы сабақтас жаса.


Үлгі: Қарсылықты салалас. Қазір бөгелген түйіні қалаған тұжырымы осы еді, бірақ оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.


Қарсылықты сабақтас: Қазір бөгелген түйіні,қалаған тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.


Ағаштың арасына кіре, өкпек желден құтылдым, сонда да тоңған денемнің түршігуі басыла қоймады. Ауылда, Баянда мектеп көргені бар, бірақ ресми түрде мектеп бітірмеген. Беккер жолдастың түсінігі еске алынсын, бірақ бұл оқиғаны аяқсыз қалдыруға болмайды.Ән басылып қалды,бірақ гитара сазы тоқталған жоқ. Күн жауып кетті, бірақ оны елеген ешкім жоқ. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбеді.


70-жаттығу. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдердің жасалу жолын ажырату.


Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім. Біз жөн сұрап, тез шүйіркелесіп кеттік. Сақалына бурыл кіргені болмаса, Майбасар баяғысынша қызыл күрең жүзді Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, сіздің ауылдан ек-үш шақырым шамасы бар. Екі ат терлегенше, бір ат терлесін. Менің соңғы қимылым бұрынғыдан әлдеқайда қиын болса да, апырып-жапырып тастадым.Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.Жастар білім жағынан артық бола тұра ,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.


71-жаттығу. Берілген сөйлемдерді талдап,сабақтастың түрін анықта.


Айтқандарым жаққан соң ,алыс-жақын тыңдайды.Қонақтар көптен бері Абаймен көріспегендіктен ғана, бүгін қонақша отыр. Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. Кезекшіден не екенін білместен бұрын, ол өз бөлмесіне кірді. Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды. Зұлқия аттанып кеткелі, бүгін төртінші күн. Әр сыныптың есігі ашылып,оқушылар сыртқа шығып жатты.Әңгімені басынан бастау үшін,

Сержанмен кездескен күндіесіме толық түсіріп көрейін.Сол жылдың көктемі жаңбырлы болғандықтан, шөптің биіктігі белуардан келеді.


72-жаттығу. Схема бойынша сабақтас сөйлем құрастыр.


1./.....оқығандықтан,/------------. 2./---------айтқан соң,/------------/ 3./----------кездесіп,/---------/

4./......орындамай, .../. 5. /.....кездесіп,/...../. 6. /........./шаршаса да , /........../

7./.........,оқыса,/......./. 8./............/ келгенде /............/.


73-жаттығу. Бағыныңқы сөйлемдердің ыңғайына қарай,басыңқы сөйлем ойлап, көп нүктенің орнына жазыңдар да, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас жасаңдар.


1.Хамит Кенжебекті Ақмолаға апарып салу үшін,........ 2.Өткен жазда бір жаңалық ашпақ болып,...... 3.Оны тезірек көргім келіп,.... 4.Үй дымқыл болмас үшін,....... 5.Ғылым таппай мақтанба, ......... 6.Кісі көп болғандықтан,........... 6.Ол сабақты жақсы оқығандықтан ........ 7. Асан күн шықпастан бұрын,.......


74- жаттығу.Сөйлемді көшіріп жазып, жақты не жақсыз екендігін ажыратыңдар.


Мен бірден тани кеттім. Бұл Рамазан Елебаев қой.Құшақтаса көрісіп жатырмыз.Сол жерде мен оны Балтабек пен Даниловқа таныстырдым. Өтінішіңізді тиісті орындарға айтайын. Ертең келіңіз. Партизандар ұйықтап кетті. Менің арзан сөзді айтқым келмеді. Бұл жерде суға түсуге жарамайды. Біздің ашық сөйлесуіміз керек. Бұдан еш нәрсе түсініп болмайды.


75- жаттығу. Мәтіннен жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіп,талдау.


Аңсар тысқа шықты. Аспан ашық. Күн жадырай жайнап тұр. Ауа желсіз. Аңсар кешікпей ұжымжар басқармасының үйіне келіп кірді. Ұзын бойлы ,ат жақты сары жігіт бір қағазға бірдемені жазып отыр. Аңсар баяндаманы оқи бастады. Кей жеріне қызыл қарындашпен белгі соға отырды. Қай жерін толық-тыру керек екені туралы пікір айта бастады. Сөйлемді сауатты құрастыруға көңіл бөлген жөн. Әр сөйлемде пікір,ой жатсын.


76- жаттығу. Мәтінмен танысып,жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.


Сынып іші тына қалған еді. Біз барамыз.Дауыстар шығып кетті. Мен қолдай-мын. Біз құрамыз. Оқушылар қарай қалып еді. Ол бұғып қалды.Мен қорықпаймын. Кімдер барады?


77- жаттығу.Мәтінді оқып, толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңдар.


Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады.Аудан орталығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз.

-Жақсы білетін бір жылқышың бар ма?

-Бар ғой.

-Кім еді ол ?

-Балғабай.

-Қай балғабай.

-Оспанов.


78- жаттығу. Сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратыңдар.


Апта өткен соң,Марат мотоцикл жарысын ұйымдастырды.

-Марат, мына мотокросс қайдан ойыңызға келді?

- Мұны да көрейік.Қазір техника заманы емес пе!Шұбатылған шаң көрін-ді.Сонау тақырдың үсті алай-түлей.Ең алдымен Бауыржан,одан соң Асан мен Есен келді. Жарыс жалғаса берді.


79- жаттығу. Берілген сөйлемдерді жақты және жақсыз,жалаң және жайылма, толымды және толымсыз түрлеріне талдаңдар.


Ол төсегінен аунап кете жаздады.Бұны байқаған дәрігер ақырын ғана тыныштандыра сөйледі.

-Сізге қатты қозғалуға болмайды.Әлі біраз күн емделесіз.Пойыз зулап келеді.

Есеннің көңілі одан да жүрдек.Биыл шабындықтың қалың боларын ағасы хатында жазып еді.Мынау дала келбеті де соны танытады.Қырдың таза ауасында денсаулығын әлі де бекіндіріп алғысы келді.


80 - жаттығу. Атаулы сөйлемдердің астын сызып,неше сөзден құралғандығын олардың қай сөз табынан екенін көрсетіңдер.


Құжынаған халық. Мың-мың жан. Ішінде мен. Орақ кезі. Айнала қараңғы. Қабырғада бір сурет. Дала. Егін даласы. Егін даласы рақат құшағында. Жаз. Түн. Айсыз аспан ашық.Кең зал.Жалпақ егін.Жазық дала.Ызғырық жел бар.Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан қимыл-бұрғылау ісі қызып жатыр.


81- жаттығу. Берілген сөздерді бастауыш етіп, жақты сөйлем құрастырыңдар.


Сіздер ,әркім , бұл , екеуміз , аспан, Нұрәлі, келгендер, біздер, олар.


82- жаттығу. Мәтіннен жақты және жақсыз сөйлемдерді тауып, талдаңдар.


Жәнібек жер астына жасаған саяхатын айтып берді. Біз аузымызды ашып, аңқидық та қалдық. Балаларын жетелеген өзге үлкен адамдар вагон ішіне орналасып жатыр.Оларды байқап тұрған Төлептің шыдамы таусылды.

-Жоқ ,балам ол вагонға отыруға болмайды.

-Сен Төлепсің бе? Алдыңғы вагонға отыруға біздің хақымыз жоқ қой.

-Неге ,әке ?


83- жаттығу. Атаулы сөйлемдерді теріп жазып,құрамына қарай қанша сөзден болғанын анықтаңдар.


Дала .Жомарт та кербез дала.Директордың кабинеті.Шаңға бөккен дала. Бар байлығын бауырына басқан ел.Шақырайған күн.Әр түрлі шаруамен кел-імді-кетімді кіс көп. Армысың кең дала!


84- жаттығу. Өлеңде кездесетін жай сөйлем түрлерін ажыратыңдар.


Өмір—көпір от үстіне салынған

Діңгектері зәндем отқа салынған

Қорқу білме,аяқтарың таймасын,

Ойнап қана өт,шарпу көрме жалыннан

Өмір-өзен сылқ-сылқ күлер,сылдырар,

Қайда ағады?Оның жөнін кім сұрар?

Аққан сумен біз де ағармыз,кетерміз,

Ағынға ермей жағасында кім тұрар ?

Тұрақты сөз тіркестері.


85- жаттығу. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып,сөз тіркестері мен тұрақты тіркес-терді бөлек-бөлек жазыңдар.


Шалқып жатқан Сайрамкөл жайлауы.Жұмахан текшесі.Үрімжіге шығар қасқа жолдың оң жағы.Шөбі шүйгін отты жер еді ғой шіркін.Қылша шатқалға ирелеңдей түскен жалғыз аяқ жол тұма бастауға апаратын. Үлкендер жіті қадағалап тұрады.Тентектік істеген балаға қатаң тыйым салады. Соның бәрі сабақ еді ғой.


86- жаттғыу. Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің түрін ажырату, сөйлем құрастыру.


Ешкімнің ала жібін аттамау, ашық ауыз адам, етек-жеңі жинақы ауыл, ұшып тұрып сәлемдесу, күлімсіреп қарсы алу, сыныпқа жетекшілік ету, тарс етіп жарылу, қоңыр ала сиыр, сөзге құлақ аспады, айтқанымды аяқсыз қалдырды.


87- жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркесінің құрылысына қарай топтап жазыңдар.


Үлгі: Зат есімді тіркес-жаңа мекен,сын есімді тіркес-балаға мейірімді,

етістікті-жұмысты жандандыру.


Халық қазынасы, ақталған сенім, малшыға қамқорлық, кенге бай, мерекеге ұласу, таудағы мұнаралар, үш нәресте, қаланың көмегі, дәрігерге алғыс, суыққа шыдамды, сыныпты безендіру, көруге құштар, бүгін жолығу, жусаннан аласа.


88- жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркесіне қарай топтап, тіркестің қай түрі екенін талдап,жазыңдар.


Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді.Адам баласын заман өсіреді.Адал еңбекпен мал іздемек-арлы адамның ісі. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Оның тұрған ауылы ат шаптырым жерде.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
2568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі