|
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
10.1.4.1 көркем шығармалардан
алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен
байланыстыру;
10.2.4.1 көркем
шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік
пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін
тақырыптарға шығарма) жазу.
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Барлық
оқушылар: Шығармадағы өзекті мәселелерді
анықтау, ғаламдық тақырыптармен
байланыстыру;
Көптеген
оқушылар: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстыру, көтерілген
мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс
жазу;
Кейбір
оқушылар: көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы
өзекті мәселелермен байланыстыру, шығармадағы көтерілген
мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық
жұмыс жазу.
|
|
Сабақтың
басы
|
1.
Ұйымдастыру
кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылар назарын
сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту.
Берілген суреттерді «Аңыздың ақыры» романының идеясымен
байланыстырыңдар. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беріңдер.

- Неліктен автор
шығармасының атауын «Аңыздың ақыры» деп
алған?
- Жазушы не себепті
әлеуметтік статусы әртүрлі ейіпкерлерді
жинақтаған?
- Шығармадағы тарихи тұлға
кім?
- Романдағы мұнара ненің
символы?
Оқушылар сұрақтарға жауап
беріп, талқылап береді, өз пікірлерін
айтады.
Сабақтың тақырыбы
мен мақсаты анықталады.
|
Оқушыларды түгендеп, назарын
сабаққа аудару.
Оқушылар ұсынылған сызбаны
талдап, талқылап береді, өз пікірлерін
айтады.
Сабақтың тақырыбы
мен мақсаты анықталады.
|
Қалыптастырушы
бағалау.
ҚБ

|
10-сынып «Қазақ
әдебиеті» оқулығы
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Мағынаны тану.
1-тапсырма. Берілген сызбадағы кейіпкерлер
мен тірек сөздерді шығарма мазмұнымен байланыстырып айтып
беріңіз.

Дескриптор:
ҚБ
2-тапсырма. «Аңыздың ақыры»
романынан алынған үзіндідегі әмірші психологиясын ғаламдық
тақырыптағы өзекті мәселемен байланыстырыңыз. Мәселеге қатысты өз
ойыңызды білдіріңіз.
«Иә, көк мұнараның өне
бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып
тұр. Бірақ сол кімнің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы
еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, жоқ алыстан қол созған
ғашық жүректі «мен мұндалап» қасына шақырған сиқыр сұлу
ма,
қайсысы? Мана бұл қасынан
көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара
өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген
болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе,
қасына барғанда, асқақтап аспанға
қарап жатып алатыны несі, сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіне
баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ,
шебер мұнараны салдырған ханымның алыс жорықтағы жарына деген
пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін
бейнелеген...».
|
Үзіндідегі
ой
|
Ғаламдық
мәселемен
байланысы
|
Менің
ойым
|
|
|
|
|
Дескриптор:
ҚБ
Тапсырма. «Аңыздың ақыры» романы –
жазушының адам жөніндегі көркем-философиялық концепциясын барынша
ашып көрсеткен ұлы туынды» тақырыбында шағын эссе жазыңыз. Эсседе
шығармада көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша көзқараспен сыни
тұрғыдан баға беріңіз.
Дескриптор:
-
шығармада көтерілген
мәселенің жаңашылдығына пікір
білдіреді;
-
шығармадан мысал
келтіріп, мәселені талдайды;
-
мәселенің
өміршеңдігін қазіргі өмірмен
байланыстырады;
-
ғаламдық өзекті
тақырыптармен
байланыстырады;
-
мәселеге сыни
тұрғыдан баға береді.
ҚБ
|
Натурализм туралы
мәлімет алады.
«Аңыздың ақыры»
романынан алынған үзіндідегі әмірші психологиясын ғаламдық
тақырыптағы өзекті мәселемен байланыстырыңыз. Мәселеге қатысты өз
ойыңызды білдіріңіз.
«Аңыздың ақыры»
романы – жазушының адам жөніндегі көркем-философиялық концепциясын
барынша ашып көрсеткен ұлы туынды» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
Эсседе шығармада көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша
көзқараспен сыни тұрғыдан баға
беріңіз.
|
ҚБ

ҚБ

ҚБ

|
Ә. Кекілбаев
«Аңыздың ақыры» романы
|