Материалдар / № 1 БЖБ қазақ әдебиеті 7-сынып ІІІ тоқсан

№ 1 БЖБ қазақ әдебиеті 7-сынып ІІІ тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 1 БЖБ қазақ әдебиеті 7-сынып ІІІ тоқсан
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

7-сынып. № 1 БЖБ

Бөлім «Балалар мен үлкендер»

Оқылатын шығарма

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі


Оқу мақсаты

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады.


Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. «ТАЛҚЫЛАУ КЕСТЕСІ» әдісімен М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасына талдау жасаңыз.

Негізгі кейіпкерлер



Кейіпкерлердің әрекеті


Баян

Ноян

Қалмақ қызы








Осы әрекетке итермелеген не нәрсе?


Баян

Ноян

Қалмақ қызы









Кейіпкерлердің бойындағы қасиет


Баян

Ноян

Қалмақ қызы









Поэманың бір үзіндісін жатқа жазыңыз.




2-тапсырма. М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінен Көксеректің мінезін, тіршілігін танытатын жолдарды табыңыз. Көксеректің тағы табиғатына тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкер

Кейіпкер бейнесі

Ауылға келген бөлтірік.

Іс-әрекеті қандай?







Дала тағысы - Көксерек

Іс-әрекеті қандай?











Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

*Кейіпкер бейнесін ашады


1

Поэмадағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды;

1

1

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды;

1

1

Кейіпкерлердің іс-әрекетінің себебін анықтайды;

1

1

Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді анықтайды, мінездеме береді;

1

1

*Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады.

2

Көксеректің мінезін, тіршілігін танытатын іс-әрекеттерді талдайды, мінездеме жасайды:

а)Ауылға келген бөлтірік

ә)Дала тағысы - Көксерек




1

1

Барлығы – 10 балл



Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. «ТАЛҚЫЛАУ КЕСТЕСІ» әдісімен М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасына талдау жасаңыз.

Негізгі кейіпкерлер



Кейіпкерлердің әрекеті


Баян

Ноян

Қалмақ қызы

Қалмақ қызын және інісі Ноянды атып өлтіреді.


Қалмақ қызымен бірге қашып кетеді.

Ноянмен көңіл қосып, оны өзімен қашып кетуге көндіреді.

Осы әрекетке итермелеген не нәрсе?


Баян

Ноян

Қалмақ қызы

Қызғаныш әрі інісінің туған жеріне, еліне сатқындық жасағаны өзегін өртеді.

Ноян қалмақ қызына ессіз ғашық болады. Сол себепті оған қарсы келмей, ұсынысын қабыл алады.

Қалмақ қызының бар мақсаты – өз еліне қашып кету болды.

Кейіпкерлердің бойындағы қасиет


Баян

Ноян

Қалмақ қызы

Еліне адал, елі үшін жанын қиятын батыр. Отаншыл және өте намысқой.

Жас, жігерлі, махаббатына адал

Сұлу, өте әдемі, әрі қалмақ жауынгерінің қызы

Поэманың бір үзіндісін жатқа жазыңыз.




2-тапсырма. М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінен Көксеректің мінезін, тіршілігін танытатын жолдарды табыңыз. Көксеректің тағы табиғатына тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкер

Кейіпкер бейнесі

Ауылға келген бөлтірік.

Іс-әрекеті қандай?

Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес.

Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта "қыңқ" етіп ауыр-сынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.

Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, кәзір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны ашып кетсе, өзіне бермеген асты да жеп қояды. Көрнеу ши ішіне кіріп кетіп, керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт, қатық болса — барлығын да өзінің ыдысына құйып қойғандай көріп, иіскелеп жалап, жеп кетеді.

Дала тағысы - Көксерек

Іс-әрекеті қандай?

Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалындап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп семіріп кетті. Оның есебіне, белгілі атышулы екі қасқырдан Қараадырдың іші-тысындағы ел түгел көресіні көрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде үш-төрт түйе де желінді. "Кісіден қорықпайды. Әсіресе, бір көк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып жатқанда, қасына сойыл-салым жерге келгенше қашпайды.

Даладағы қойға тигенде, әуелі біреуі келіп шабады, соған қойшы алданып жүргенде, бір жақтан келіп, екіншісі шабады" десетін болды.















































Жариялаған:
автор
24 Ақпан 2025
115
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі