Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№ 1 Қ.Аманжолов және «Өзім туралы» өлеңі.docx 11-сынып.ҚГБ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: Пайым мен парасат |
Мектеп: |
|||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Қ.Аманжолов және «Өзім туралы» өлеңі |
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну. |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну. Көпшілігі: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау. Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну. |
|||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Жағымды психологиялық ахуал. «Мен - мақсат адамы» психологиялық дайындық Жігер деген - МЕН Күш деген - МЕН Махаббат деген -МЕН Кешірім деген - МЕН Жастық деген - МЕН Денсаулық деген - МЕН Жарқындық деген - МЕН Бар ғажайып деген - МЕН Бәрі маған байланысты - Бәрі менің қолымда! Қызығушылықты ояту. Айтылған пікірмен танысып, өз көзқарасын танытады. Арғы ата-бабалардан мұралықпен жететін тектілік, пайым-парасат, адамдық қасиеттерді ту етіп ұстағанда ғана адам баласының алмайтын қамалы, жеңбейтін қиындығы болмайды. Мұхтар Кәрібай «Тұлғаны таны» әдісі. Оқушыларға өлең жолдары ұсынылады, олар өлеңнің кім туралы екенін, өлеңді кім шығарғандығын анықтайды. Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
Аманжол — Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. |
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады. Оқушылар айтылған пікірмен танысып, өз көзқарасын танытады. Оқушылар айтылған пікірмен танысып, өз көзқарасын танытады. Оқушыларға өлең жолдары ұсынылады, олар өлеңнің кім туралы екенін, өлеңді кім шығарғандығын анықтайды. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. |
Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі ҚБ
|
11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы |
||||||||
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану. https://www.youtube.com/watch?v=5yo5gyRLRzM 1-тапсырма. Оқушыларға Қ. Аманжолов туралы бейнематериал ұсынылады. «Әдеби шеңбер» әдісімен оқушылар 5 топқа бөлініп, рөлдер беріледі. Әр топ өз рөлдері бойынша «Әдеби шеңбер» әдісімен бейнематериалдағы мәліметтерді өз рөліне лайық етіп, тапсырмаларды орындайды. 1-топ-талқылаушы 1. Қ. Аманжолов өмірі мен шығармашылығына байланысты 3-4 сұрақ құрастырады. 2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады. 2-топ-байланыстырушы 1. Қ. Аманжолов шығармашылығындағы автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады. Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады. 2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды. 4-топ-қорытындылаушы 1 Қ. Аманжолов шығармаларының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды. 2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады. 5-топ-суретші 1. Қ. Аманжолов шығармашылығы бойынша нақты оқиғаларға қатысты сурет салады. 2.Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады. (топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.) Дескриптор:
ҚБ 2-тапсырма. Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі тыңдалады. https://www.youtube.com/watch?v=M2HPHgbApG8 Тапсырма. Оқушылар өлеңнің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын анықтайды, құрылысына талдайды, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды. 1. Не себепті ақын өлеңін: «Өзім туралы» деп атаған? 2. Неліктен автор: Сондықтан әпкел бері домбырамды, Кеудеме күй қанатты қондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды-солды сол мұрамды, – деген? Үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, ақынның көзқарасын анықта. Сөздікпен
жұмыс: Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін Торқа – ең қымбат жібек мата Дескрипторлар:
ҚБ 3-тапсырма. Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін. Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанаттықондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды – солды сол мұрамды. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың! Дескрипторлар:
Бағалау Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. |
Оқушыларға Қ. Аманжолов туралы бейнематериал ұсынылады. «Әдеби шеңбер» әдісімен оқушылар 5 топқа бөлініп, рөлдер беріледі. Әр топ өз рөлдері бойынша «Әдеби шеңбер» әдісімен бейнематериалдағы мәліметтерді өз рөліне лайық етіп, тапсырмаларды орындайды. Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі тыңдалады. Оқушылар өлеңнің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын анықтайды, құрылысына талдайды, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды. Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады. |
ҚБ
ҚБ
ҚБ |
https://www.youtube.com/watch?v=5yo5gyRLRzM https://www.youtube.com/watch?v=M2HPHgbApG8 |
||||||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды. |
|
||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||
|
|
|
||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||
|
||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |