№ 2 «Үш қиян»толғауы. Туған жердің құдіреті.docx М.Мөңкеұлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 2 «Үш қиян»толғауы. Туған жердің құдіреті.docx М.Мөңкеұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

БӨЛІМ: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туған жердің құдіреті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Үш қиян»толғауымен танысу, көтерілген мәселені анықтау;

Көпшілігі: толғауды құрылымына талдау, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын анықтау;

Кейбір оқушылар: әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма композициясына талдау жасайды;

  • шығарма идеясын анықтайды;

  • идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды.

Алдыңғы білім

М. Мөңкеұлы шығармашылығы

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

І. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру

Топтарға Мұрат ақынның бала кезіндегі өлеңдері таратылады. Оқушылар оқып, келешекте Мұрат Мөңкеұлының қандай ақын болатынын сөзіне қарап болжап, кластер құрады:


Shape3 Shape1 Shape2

Мұрат

ақын Shape4 суырыпсалма


бShape8 Shape6 Shape7 Shape5 атыл талапты


тапқыр дарынды

1-топ

Берекетке айтқаны

Бірде ауылдың белді адамдарының бірі (біреулер Барақат дейді, біреулер Берекет дейді) жолдастарымен бір жақтан жолаушылап келе жатып, қой соңында жүрген Мұратты көріп серіктеріне:

Осы бала ептеп өлең айтады дейді, байқап көрелік, – деп Мұраттың жанына келіп, ат үстінде тұрып:

Ойнайды қара суда құты балық,

Жолықпай бұл баладан құтылалық.

Томпаңдап қой соңында жүгіресің,

Әкеңді жас басыңнан жұтып алып, – дейді.

Мұрат жасқанбастан:

Я, ойнайды қара суда құты балық,

Жолықпай біз де сізден құтылалық.

Алшаңдап ат үстінде сен де жүрсің,

Ағаңды алдындағы жұтып алып, – дейді.

Берекет тіл қатпастан аттың басын ауылға бұрып, Мұраттың ақындықпен аты шығып жүрген ағасы Матайды шақырып алып:

Ана балада бір желік бар, өзіңдей ақын болайын деп тұрған бала, – деп оны қойдан босатуға, сауатын ашыңқырауға, елдегі той-топырға қатыстырып, өлең айтуға машықтандыруға жол ашады.

Мұраттың «Ағаңды алдындағы жұтып алып» деуінде мынадай гәп бар екен. Берекеттің туған ағасы ел басқарушы азаматтардың бірі болса керек. Сол ағасы қайтыс болып, енді Берекет атқа мініпті. Сөйтіп, Мұрат бала да болса талма жерден ұстап, Берекеттің алдын байлап тастаған.

2-топ Ағайынға айтқаны

Мұраттың он екі жастағы кезі болса керек. Туыстас ағайынның бір үйір жылқысы ауа жайылып кетеді де, соны тауып келуге Мұратты жұмсайды, еңбегіне тай мінгізетін болады. Шаруаға онша қыры жоқ Мұрат үш-төрт күннен кейін:

Таба алмадым, – деп қайтып келеді.

Бұған ренжіген ағайын:

Әй, сорлы бала, сен бұл қырсыздығыңнан жарымассың, сенен күдерімді үздім, – дейді.

Сонда Мұрат қысылмай:

Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,

Онан да мінгізетін тайыңды ізде.

Инша Алла ризықтан кенде болман,

Келіппін дүнияға қоңыр күзде.

Кесірін қысырақтың айғырдан көр,

Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр.

Баланы қуантқаннан кемімессің,

Құдайым қабыл етсін, ақымды бер, – дейді.

Әрі құдайынан қорыққан, әрі Мұраттың сөзінен сескенген ағайыны тай мінгізіп құтылады. «Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр» деп отырғаны – жылқыны бақтырып қойғаны әлгі ағайын адамының туған інісі екен.

3-топ. Жеңгелеріне айтқаны

Мұраттың он үш жасар кезі екен. Бірде үйге келсе, былқып піскен етке тап болады. Матай ауылда жоқ болса керек, жеңгелері Мұраттың алдына табақ тартып:

Ал, қайным, осыған бірдеңе деп жіберші, – дейді. Мұрат жеңгелерінің көңілін қимай:

Ас берсе Сағира мен Қайша берсін,

Жей алмай май табағын қайта берсін.

Қонағы ат тұяғы жеткен жерде

Аузынан суы құрып айт аберсін, – дейді.

Жеңгелері дән риза болады. Сағира – өзінің туған жеңгесі, Матайдың әйелі, Қайша – көрші жеңгелерінің бірі.

4-топ. Қыз-келіншектерге айтқаны

Мұраттың он бес жастағы, елге ептеп таныла бастаған кезі болса керек. Ел жайлауға көшіп қоныстанып жатады. Мұрат тігіліп жатқан көрнектілеу бір үйдің жанына келіп, ат үстінен қоныс құтты болсынын айтады. Үй тігіп жатқан көңілді қыз-келіншектер Мұратты танып:

Құтты болсын қарасөзбен емес, өлеңмен айтылсын, – деп оны сөзге тартады.

Мұрат ат үстінде тұрып, сол бойда:

Өлеңнің мен айтамын өнегесін,

Жайықтың елім жайлайды кенересін.

Ақ отау әшекейлі тігіп шетке

Бастырды алты зермен дөдегесін.

Қыздары осы ауылдың қандай шандоз,

Қонғанда атпен жаяды керегесін.

Сапырып сары қымыз қойды жолға,

Дегендейақын-билеркелекетсін.

Өлеңге сен де жетік, мен де жетік,

Айтсаңшы жетік болсаң мендей етіп.

Мәсі,байпақ, жібек шұлғау, кестелі етік,

Ұштаптан киді көйлек күлтелі етіп.

Иығыңа екі үкінің жүнін тағып,

Жарасар жорға мінсең дөңгелентіп.

Шығасың қара қырға қолың сермеп.

Жиналған топ әлеумет бізді көр деп, – дегенде, риза болған қыз-келіншектер Мұратты аттан түсіріп, қымыз құйып, дәм таттырады.

Оқушыларға сабақ тақырыбы, мақсаттары таныстырылады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог,прологтерін анықтайды

*Оқушылар келешекте Мұрат Мөңкеұлының қандай ақын болатынын сөзіне қарап болжайды; *Кластер құрады.



Оқушылар назары сабаққа аударылады.




Топтарға Мұрат ақынның бала кезіндегі өлеңдері таратылады. Оқушылар оқып, келешекте Мұрат Мөңкеұлының қандай ақын болатынын сөзіне қарап болжап, кластер құрады:





























































Оқушыларға сабақ тақырыбы, мақсаттары таныстырылады.


ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.


































































ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.






Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

Сабақтың ортасы



ІІ. Мағынаны тану. 1-тапсырма. Миға шабуыл

1.Өлең неліктен «Үш қиян» деп аталған? Ақын қандай үш

қиян туралы жыр толғайды?

2. Өлеңде ақын заманның бұзылған себебін қайдан, неден

іздейді?

3. Ақын: Мал мен басты есептеп,

Баланың санын алғаны –

Аңғарсаңыз, жігіттер,

Замананы тағы да

Бір қырсықтың шалғаны! – деп нені меңзейді?

Дескриптор:

  • Сұраққа жауап береді;

  • Өз ойларын дәлелдейді;

ҚБ

Әдебиет теориясы.

2-тапсырма. Толғау идеясы мен пафосын анықтаңыз.

Шығарма идеясы

Шығарма пафосы



Дескриптор:

  • Шығарма идеясын ашады;

  • Пафосын анықтайды;

  • Өлең жолдарын негізге алып, маңызды мәселелерді анықтайды.

ҚБ

3-тапсырма. «ПОПС формуласы» арқылы толғау мазмұны туралы ойларыңмен бөлісіңдер:

«Менің ойымша …»

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»

«Оны мен мына мысалдар мен, фактілермен дәлелдей аламын…»

«Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...»

Дескриптор:

  • Толғау мазмұнына байланысты өз ойын білдіреді;

  • Себебін түсіндіреді;

  • мысалдар мен, фактілермен дәлелдейді;

  • қорытынды шешім шығарады.

ҚБ

Оқушылар сұраққа жауап береді, өз ойларын дәлелдейді.









Әдебиет теориясы бойынша білім алады.










Шығарма идеясын ашады;

Пафосын анықтайды;

Өлең жолдарын негізге алып, маңызды мәселелерді анықтайды.


Толғау мазмұнына байланысты өз ойын білдіреді;

Себебін түсіндіреді;

мысалдар мен, фактілермен дәлелдейді;

қорытынды шешім шығарады.





ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.










ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.







ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

ды.


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%97


anatili.kazgazeta.kz/?p=14987

Пролог (гр. prologos – кірісі) көркем шығарманың  оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі.

Эпилог – – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилепсия негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.








Сабақ соңы


«Өзін-өзі бағалау»








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі