№ 6 Ж.аймауытов. "Ақбілек" Патша өкіметінің державалық-империялық саясатының қазақ ауылына ықпалы.docx

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 6 Ж.аймауытов. "Ақбілек" Патша өкіметінің державалық-империялық саясатының қазақ ауылына ықпалы.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау; 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Патша өкіметінің державалық-империялық саясатының қазақ ауылына ықпалы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы авторлық идеяны анықтау;

Көпшілігі: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

Кейбір оқушылар: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау, шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады.

Қызығушылықты ояту. Балалар, уақыт пен кеңістік дегеніміз не? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады.

«Байланыс тізбегі» әдісімен төмендегі сызбадағы байланысты ашып түсіндіреді.


ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап


10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы












































Мағынаны тану. 1-тапсырма.

Сұрақтарға жауап бере отырып, шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдаңыз.

Сұрақ

Уақыт пен кеңістік

(шығармадан дәлел)

Қорытынды ой

Шығармада жазушы тарихи нақтылық арқылы уақыт пен кеңістікті қалай берген?



Дескрипторлар:

  • шығармадағы уақыт пен кеңістік;

  • қорытынды ойын білдіреді.

Өзара бағалау «Мадақтау сэндвичі» арқылы дескрипторларға сүйене отырып жүргізіледі.

2-тапсырма. ТЖ

«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және рөлдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Романдағы авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра талдайды, композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау жасайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.

Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, шығарманың мазмұнын баяндау.

Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.

Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе шығарманың жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.

Сілтемелер табушы – оның міндеті романның тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.

Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті шығармадағы кейіпкерге немесе роман мазмұны бойынша суреттеу.

Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дескрипторлар:

  • Роман мазмұнын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;

  • Рөл бойынша тапсырмаларды орындай алады;

  • Өз ойларын еркін жеткізеді.

Бағалау.

Сұрақтарға жауап бере отырып, шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдаңыз.

Шығармадағы уақыт пен кеңістікке байланысты

қорытынды ойын білдіреді.


Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және рөлдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Романдағы авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра талдайды, композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау жасайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.







ҚБ



















Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі

Ж. Аймауытұлы «Ақбілек» романы

Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгін мен . . . білдім.

Мен үшін қызықты болды, себебі . . .

Мен үшін қиындық туындады, ол . . .

Мен тапсырманың барлығын орындадым, өйткені . . .

Мен . . . түсіндім.

Мен . . . сезіндім.

Мен үшін . . . сәтті болды.

Мені . . . таң қалдырды.

. . . менің қолымнан келеді.

Сабақ менің өмірім үшін . . . болды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
47
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі