№ 6 М.Мөңкеұлы "Сарыарқа" өлеңнің идеялық мазмұны.docx

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 6 М.Мөңкеұлы "Сарыарқа" өлеңнің идеялық мазмұны.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңінің идеялық мазмұны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңінің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;

  • Үзінділерді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелдейді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту





Оқушылар Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа» өлеңіне жазған әнін Бекболат Тілеуханның орындауында тыңдайды. Мұрат Мөңкеұлының өлеңімен үндестігі жайлы өз пікірлерін айтады.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа» өлеңіне жазған әнін Бекболат Тілеуханның орындауында тыңдайды. Мұрат Мөңкеұлының өлеңімен үндестігі жайлы өз пікірлерін айтады.

ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап


h ttp://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=

Сабақтың ортасы



































































































































































































Мағынаны тану. 1-тапсырма. «Әдеби шеңбер»

1. Талқы себепшісі – «Сарыарқа» өлеңінің мазмұны бойынша

3 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы т.б. бойынша)

2. Белгілеуші – өлеңнің ең маңызды бөлімін анықтап, маңыздылығын дәлелдейді.

3. Байланыстырушы – өлеңде көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Суреттеуші мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; оның орнына мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеген маңызды. Таяқшалар, мультфильм бейнелері, диаграмма немесе сызбанұсқа қолдануға болады.

5. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

«Әдеби шеңбер» кезінде мұғалім оқушыларды аралап жүріп, жауаптарын стикермен бағалап кетеді.

Дескриптор:

  • шығарма мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады;

  • шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді;

  • тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді;

  • мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады.

  • автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

ҚБ

2- тапсырма «Қазына іздеу»

Өлеңнің көлемділігіне байланысты мұғалім оқушыларды алты топқа бөледі. Оқушыларға өлең мазмұны бойынша үзінділер беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын түйінді сөздер мен жер-су атаулары бар үзінділер алынады. Оқушылар ноутбуктерді пайдалана отырып, өз үзінділеріндегі тарихи тұлғалар мен жер-су атауларына байланысты қазыналарды іздейді, яғни сол атауларға қатысты тың деректер табады, презентация дайындайды.

1-топ. Сарыарқа

1.Біз көштік Сарыарқадан бермен асып,

Көлденең Сағыз бенен Жемді басып,

Ат мініп, киім киіп, тұқым алдық,

Сүйектес жақын жұртқа араласып.

Сыртымнан бір қыстамай сын тағыпсыз,

Қонаққа сүйте ме екен келген сасып.

Қонаққа сүйте ме екен сасып келген,

Алыстан жақын жұрт деп асып келген.

Тәңір айдап, Маңғыстауға еріксіз қуды,

Ісім жоқ кісі өлтіріп, қашып келген.

Сөз айтқан өздеріңе сын емес пе,

Ел едік – Беріш, Адай бірге жүрген.

2

Бұ қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.

Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,

Біз түгілі, солардан да қалған қоныс.

Бұ қоныс – жеті жұрттың кеткен қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ еткен қоныс.

Кәмелсіз қонған елін көп тоздырған,

Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?

Әуелде құтты болса неге кетті,

Еңіреп Қазтуғанның көшкен қоныс.

3

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды.

Артынан Еділден соң Нарынды алды,

Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.

Ар жақтан Қайыпалды, Науша қашып,

Тарлықтың содан бері қабынғаны.

Тәмамын су мен нудың орыс ұстап,

Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны.

Орта жүз Арғын, Найман мұны да алды,

Үш жүздің енді бар ма қалынғаны?

Қуалап Исатайды өлтірген соң,

Заманның содан бері тарылғаны.

4

Ойды алды үш Оймауыт, тоғыз Тортай,

Кең қоныс мұсылманға қалынбады.

Үш қиян – жеті жұртты тоздырған жер,

Жер үшін қайыры жоқ тарылмады.

Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап,

Ерлерге ерегіскен не қылмады?!

Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,

Мұны да аңсыз күні жазымдады.

2-топ

5

Замана, қауіп етемін қырланғаннан,

Қазақты айналдырды Сырды алғаннан.

Ақыртып асау таудай Орал суы,

Кешегі Бекқожа мен Тұрланды алған.

Ерлігі ер жігіттің Өтендей-ақ,

Мұны да қате қылды бұлғаңдаған.

Бұрынғы кеткен жұрттың әдетінше

Адыра, құтсыз қоныс кімді алмаған?!

6

Бұ сөзді бәйіт еттім мұңданғаннан,

Заманға тура билік тыңдалмаған.

Қажы қашты Жалмұхамбет, Беркінменен

Өзінің кетем деген сертіменен.

Кіндігін, кірін жуып кескен жерден

Қысылмай ер кете ме еркіменен?!

Бұрын да адыра қалғыр, құтсыз еді,

Егескен ердің бәрі жер тіреген.

Қонысқа таласасыз бұ заманда,

Біз түгіл Асан Қайғы тентіреген.

7

Бұл сөзі бәйіт еттім мұңданғаннан,

Заманға тура билік тыңдалмаған.

Шұбырып сексен үймен Алдаш кетті,

Кәпірдің қорлығына тұлданғаннан.

Шұбырып сексен үймен Алдаш кетті,

Тоздырды Сырда шауып Қаныбекті.

Ерлігі бір жігіттің Дәуіттей-ақ,

Өлтіртті ол да орысқа ер Бөлекті.

Мақтанса үш алшынның салмағындай,

Сырттағы тілеу, қабақ, қалың шекті.

Артынан көп әскермен Мәмбет қуып,

Әкелді Орынборға ер Есетті.

Күш қалды мұсылманның қай жерінде,

Көзіміз көріп туды сол өсекті.

8

Әуелі Әлім менен Табынды алды,

Тоздырып ақсүйектің тағын да алды.

Әленді Күсеппенен Сібірге айдап,

Бұ жұрттың қара түгіл ханын да алды.

Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы,

Тағынан хан тайған соң бақыты қалды.

Ұршықты, Қарашоқы, Бәкі, Балқы,

Машырық, Теке, Сарық, Мәрі халықты да алды.

Баласы мұсылманның нашарланды.

Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?

3-топ

9

Бұ жерден дін мұсылман жеті кетті,

Біреуі екі келіп, екі кетті.

Кеткен жұрт жетеу емес, алтау еді,

Біреуін екі санап жеті депті.

Әуелі осы жерден ноғай кетті,

Баласы мұсылманның нобай кетті.

Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,

Әрі өтіп, Тесіктаудан солай кетті.

Артынан Телағыс пен Нәрік кетті,

Өзіне ерген жұртын алып кетті.

Жер қарап, он екі жыл желмаямен,

Асан би жердің үстін танып кетті.

Ақыр да қыл жалаулы қалмақ кетті,

Қуалап Дәулеткерей солдат кетті.

Су қарап он екі жыл қайықпенен,

Асан би жердің үстін барлап кетті.

10

Жылады көшерінде шайқыларың,

Қайғының сонда біліп айтыларын.

Қонысты жұрттан қалған «менікі» деп,

Бұ күнде ие болған қайсыларың?!

11

Артынан қазақ жұрты кетем деген,

Соңынан Асан бидің жетем деген.

Айтса да кетем деп ол кете алмаған,

Соңынан Асан бидің жете алмаған.

Саураннан Тезен тауы қайта көшіп,

Әрі өтіп, Тесіктаудан өте алмаған.

12

Бұ жерге сонан қайтып қазақ қонған,

Әдіре талай жұртқа азап болған.

Бас қосып Кіші жүздің ақсақалы,

Бойынан Үш қиянның қарап қонған.

Екі адам қарай шыққан ауылынан,

Кеңесіп Әлімұлы, Байұлынан.

Көзіммен көргенім жоқ ешбіреуін,

Есітемін бұрынғының дабылынан.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар:

Көркем шығармадан алған үзінділерге сай ақпараттар жинайды;

өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

үзінділерге сай ақпараттар жинайды;

өз көзқарасына үзінділерден дәлелдер келтіреді;

Өз ойын еркін жеткізеді.

3- тапсырма. «Диаманта»

«Мен ақынша толғаймын» қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып диаманта құрастыру.

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.

1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;

2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

3 – бірінші зат есімге үш етістік;

4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

5 – екінші зат есімге үш етістік;

6 – екінші зат есімге екі сын есім;

Мысалы:

қала

үлкен, көне

салынады, өседі, гүлденеді

танымал қала, кішкентай ауыл

асырайды, дамиды, қалыптасады

ыстық, туған

ауыл

Дескриптор:

  • «Мен ақынша толғаймын» қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып диаманта құрастырады;

  • жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет;

  • автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

ҚБ

Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісімен жұмыс жүргізеді.

Шығарма мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады;

шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді;

тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді;

автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.








Оқушылар ноутбуктерді пайдалана отырып, өз үзінділеріндегі тарихи тұлғалар мен жер-су атауларына байланысты қазыналарды іздейді, яғни сол атауларға қатысты тың деректер табады, презентация дайындайды.
















































































Үзінділерге сай ақпараттар жинайды;


Өз көзқарасына үзінділерден дәлелдер келтіреді;


Өз ойын еркін жеткізеді.













«Мен ақынша толғаймын» қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып диаманта құрастырады;



жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет;



автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.



















ҚБ «Түстер»



































































































































ҚБ «Түстер»

























ҚБ «Түстер»



https://www.youtube.com/watch?v=8lEVCzKb6W0












8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы












Сабақтың соңы






Қосымша ақпарат





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі