Материалдар / № 72 бұйрық 2 сәуір АТТЕСТАТЦИЯ БҰЙРЫҒЫ

№ 72 бұйрық 2 сәуір АТТЕСТАТЦИЯ БҰЙРЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 72 бұйрық 2 сәуір АТТЕСТАТЦИЯ БҰЙРЫҒЫ
Авторы:
13 Мамыр 2024
9024
500 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі

Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2024 жылғы 2
сәуірдегі № 72 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2024
жылғы 2 сәуірде № 34217 болып
тіркелді

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

Министерство просвещения Республики Казахстан

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым
саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын
және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс
істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27
қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код

ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту
туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру
комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының
Ұлттық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1тармақтың бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

Г. Бейсембаев

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 2 сәуірдегі
№ 72 бұйрығына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан
әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді
аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін
айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында
жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік
санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге
(растауға) («Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145
бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген)
үміткер педагог;

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін
уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен
бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын
аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық
технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын
педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган
құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары
бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының
(портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;
8) біліктілік санаты – «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022
жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына
(бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және «Педагог лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген
біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген)
сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің
дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін
бағалау рәсімі;
10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес
педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;
11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық
жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік
кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3)
тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет
аттестаттаудан өтеді.

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
4. Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің,
әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар)
бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын
портфолионы қарау арқылы жүргізеді.
Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер
(орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта
ПББ-дан өтеді.
5. ПББ аттестатталушының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға
сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
6. ПББ мынадай тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң,
лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология» – жиырма тапсырма;
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім» - отыз тапсырма;
«Оқыту әдістемесі» - жиырма тапсырма;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім» - отыз тапсырма;
«Оқыту әдістемесі» - жиырма тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

«Педагогика негіздері» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - жиырма тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың
тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар
берушілері, тәлімгерлері үшін:
«Педагогика негіздері» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - жиырма тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру
ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«Бейіні бойынша пәндік білім» - отыз тапсырма;
«Арнайы педагогика және психология» - жиырма тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
(оқу-өндірістік комбинаттары) үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы
гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар,
әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін:
«Пәндік білім» – отыз тапсырма;
«Оқыту әдістемесі» - жиырма тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика негіздері» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - жиырма тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
«Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім
саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу» - елу тапсырма.
7. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
«педагог» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90%.
2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%;
3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %;
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60 %;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %.
Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес бөлінеді.
8. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау
ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, «Математика», «Физика», «Химия»,
«Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер
(орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;
мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған)
тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут беріледі.
9. ПББ:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет –
білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет –
тегін;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар
немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар,
сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1
(бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен
сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.
Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл
бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып
табылмайды.
10. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет
нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші
басшылары, басшының орынбасарлары үшін қызмет нәтижелерін таныстыра
отырып, сондай-ақ Комиссия отырысында әңгімелесу өтеді.
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға болмай құрылымдық
бөлімше болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші
басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері
ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.
11. ПББ жүргізу кезінде:
тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап,
араласуға;
дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және
сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;
педагогтердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда,
аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 2 (екі)
реттен артық шықпауға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында
шығуға;
жанындағы адаммен сөйлесуға, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды:
мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad
(Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер,
модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер,
фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз,
микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS
(ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі
стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM
(ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF
(ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект)
енгізуге;
аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік
әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін,
калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге;
аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) түрлі форматтағы қағаздарды
шығаруға рұқсат етілмейді.
12. ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда
аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
ПББ өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог,
бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері,
білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары –
бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы
– үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
13. ПББ басталғанға дейін орнына отырғызылған соң тестілеу кезінде
нұсқаулық жүргізіледі.
14. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері
байқаушы ретінде қатысады.
Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді
өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу
тәртібін бұзған жағдайда бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.
15. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып
тіркелген) бұйрығымен бекітілген мүгедектікті анықтау туралы құжат болған
жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған)
тұлғалар мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда
көмекшіні ұсыну қажеттігі қосымша көрсетіледі.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен
туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер
педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін
меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды.
16. ПББ өткізген уақытында немесе тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің
бейнежазбасын қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.
17. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан
шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі,
тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік
тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан
шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.
Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме,
тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша
апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.
18. Апелляция мынадай жағдайларда:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
дұрыс жауап болмағанда;
бірден көп дұрыс жауап болғанда;
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында
техникалық себеп бойынша қаралады.

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

19. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган
компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды
қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.
20. Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен
білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның
мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды
құрайды.
21. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен
ұйымда бір жыл сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта
қарауға жатпайды.
Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін
құрайды.
22. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияны
ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу
жүйесіндегі педагогтің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Педагогтердің ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға
жарамды болып саналады.
23. ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық дерекқорын сақтау бес жыл
ішінде қамтамасыз етіледі.
24. ПББ өту кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын,
тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні,
уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.
25. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына
арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері
лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа
қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде
аттестаттау рәсімінен өткізбей:

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан
кем емес жұмыс өтілі болса – «педагог-модератор»;
жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан
астам жұмыс өтілі болса, «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарын береді.
Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп
түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
26. Комиссия өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау
рәсімінен өтпей:
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын
аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, «Болашақ»
бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, қолданыстағы Сэлта
CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг ту адалтс.
Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пас энд
эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне «педагог-модератор» біліктілік
санатын береді.
қолданыстағы Дэлта DELTA сертификаты (диплом ин инглш лэнгуидж
тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass
and above) бар шет тілі мұғалімдеріне «педагог-сарапшы» біліктілік санатын
береді.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
27. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз)
тілі мұғаліміне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде,
ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау
қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:
1) «педагог-модератор»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet
Based Test (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

2) «педагог-сарапшы»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet
Based Test (іBT)) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2;
3) «педагог-зерттеуші»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет
бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг
ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі)
бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд
лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс
TKT YL (йан лернерс Young Learners).
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1;
4) «педагог-шебер»:
ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет
бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT
(тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің
бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд
лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс
TKT YL (йан лернерс Young Learners);
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
28. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге
жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған
қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін
кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия:
В2 деңгейі - «педагог-модератор»;
С1 немесе С2 деңгейі - «педагог-сарапшы» біліктілік санатын береді.

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

29. «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау
шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнайы бағдарлама)»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390
қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге аттестаттау рәсімінен
өтпестен өтініші бойынша:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
түлектеріне – «педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтерге
– бір деңгейге жоғары біліктілік санаты беріледі.
Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагогтерге Арнайы
бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
30. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және
даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген
педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей «бірінші
санатты басшы» біліктілік санаты беріледі.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
31. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік
санатын беру (растау) туралы бұйрық шығарады және білім беру ұйымы осы
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау)
туралы куәлік береді.

1-параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызметінің тәртібі
32. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі –
аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін ағымдағы оқу
жылының 1 қыркүйегіне дейін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік
санаттары үшін комиссиялар құрылады:
1) білім беру ұйымдарында: «педагог-модератор»;

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару
органында: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары»,
«екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші
санаттағы басшы»;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім
беруді басқару органында:
«педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) әдіскерлері үшін, «бірінші санаттағы басшының орынбасары»,
«бірінші санаттағы басшы»;
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер
(орталықтар) үшін: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының
орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы
басшы», «екінші санаттағы басшы»;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:
«педагог-шебер»;
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер
(орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: «педагогсарапшы», «педагог-зерттеуші», «үшінші санаттағы басшының орынбасары»,
«екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының
орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші
санаттағы басшы».
33. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10
(он) жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші»
немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік
кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың
әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының
өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты
ұйымдардың мамандары кіреді.
34. Комиссияның өкілеттігі қолданыста болған кезеңде аттестаттауға
жататын педагогтер Комиссия құрамына кірмейді.
35. Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы
бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

36. Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия
төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері
Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы
Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды,
хаттаманы рәсімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі
болып табылмайды.
37. Комиссияның отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі
қатысса заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен
айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы
шешуші болып табылады.
38. Комиссия педагогтердің (ұйымның, әдістемелік кабинеттің
(орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа)
аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім
қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес
келеді.
39. Комиссия шешімі осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес хаттамамен
рәсімделеді. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамадан
үзінді көшірме педагогтің электрондық поштасына жіберіледі. Аттестаттаудан
өткен педагогтердің тізімі аттестаттаушы органның интернет-ресурсында
жарияланады.

2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
40. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 8-қосымшаға
сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
(бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде

Редакциялау күні
Сақтау күні
Дата редакции
Дата скачивания

02.04.2024
23.04.2024
02.04.2024
23.04.2024

Аттестаттаудан өту үшін педагог осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш береді.
41. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық
маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті,
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет
көрсетуші) көрсетеді.
42. Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет веб-порталы (бұдан әрі портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Құжаттарды портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберген
кезде бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан
бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы
Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет көрсетушінің уәкілетті
тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық
құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп
түседі.
Өтініш портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және
мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
Көрсетіле
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!