Материалдар / " Алаш идеясы- Мәңгілік Ел"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Алаш идеясы- Мәңгілік Ел"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қозғалысы. Әлейхан Бөкейханновтың жетекшілігімен құрылған Алаш партиясы туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2018
1413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аманжолова Балжан Аманжоловна "Б. Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп " КММ тарих пәнінің мұғалімі Семей қаласы. Прииртышский ауылы.

«Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады.

Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет».

 Назарбаев Н.Ә. Сабақтың тақырыбы: " Алаш идеясы- Мәңгілік Ел" 9- сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру. Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
Көрнекілік: Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. алаш қайраткерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды   өткен тақырыпты пысықтау әрі үй тапсырмасын тексеру мақсатында екі әдіс-тәсіл таңдап алдым.
1.
Терминологиялық шырғалаң. Берілген термин сөздің әріптерін дұрыс орналастыру арқылы нақты термин сөзді тауып, түсінік беру. Мысалы: аярсмионжх (монархия)
- Император билігі, монархия.
- Халық қарсылығы.
- Төңкерістер.
- Кеңестер билігі.
- Азамат соғысы.
- Автономиялық және одақтас мемлекет.
2. Тарихи жылдар сөйлейді. Жылдардың артындағы оқиғаларды табу. 1918-1920ж.ж. 1917 жыл 27 ақпан 1917 қазан 1914 жыл 1916 жыл
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсат пен міндетті, жоспары және де басқада керекті көрнекіліктер презентация арқылы көрсетіліп, оқушыларға таныстырылады.
Сабақтың жоспары 3 кезеңнен тұрады:
1. Алаш партиясының құрылу тарихы.  
2.  Алаш қайраткерлері. 3. Алашорда үкіметі. 4. Қорытынды кезең .
"Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты" Сабақтың бірінші кезеңі бойынша   «Алаш» ұғымына түсінік беремін. «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым. 1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады. Сабақтың екінші кезеңі бойынша оқулықты пайдалана отырып, алаш қайраткерлеріне танып-білу үшін "Тұлғаны таны " атты әдіс-тәсілмен оқушылардың ойларымен бөлісу.






"Тұлғаны таны" тірек сызбамен жұмыс



ӘShape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 лихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсынов







Туған жылы Туған жері Білім алуы Қызметі Қайтыс болған жылы

Тірек сызба арқылы оқушылар негізінен Алаш қайраткерлерінің қызметіне баға беріп, бірлесе отырып олардың тарихта алатын орнын анықтаймыз.
Сабақтың 3 кезеңі бойынша "Джигсо" әдіс-тәсілін қолдана отырып, сыныпты екі топқа жіктеп, 2 түрлі тапсырма беріп, оқулықтың көмегіне сүйене отырып түсінгендерін плакатқа түсіріп, қорғату. Ал үлгерімі төмен оқушыларға карточка арқылы тапсырма ұйымдастырамын.

І топ Алаш ІІ топ: Алашорда:

Мақсаты.
Іс-әрекеті.
Қайраткерлері.
Бағдарламасы.
Тағдыры.
Тарихи маңызы.

Ал сабақтың қорытынды кезең: "Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты" деп аталады. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі –Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды. Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясының, сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттың рухани құндылығы.Қазақстанның бүгінгі алатын орны,халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың нақты нәтижесі болып табылады. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ,осыдан мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз,абыройлы міндет екенің баса айтты Мәңгілік ел – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық идея.Мәңгілік ел – Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.Көреген хандарымыз бен дана билеріміз,кешегі өткен Алаш арыстары қазақ елін қайырымды қоғамға, Жерұйыққа, Мәңгілік елге айналдыруды арман еткен,сол үшін күрескен,қан төккен,еңбек еткен.

Сабақты бекіту мақсатында "Баскетбол " ойын- әдісін қолдану арқылы оқушыларға тапсырма беріп, Алаш қайраткерлері туралы сұрақ тапсырмалар жасатып, бір-біріне қойғызып өздеріне бағалатамын.
Жоспар бойынша оқушылар арасында өзара пікір алысамыз. Проблемалық сұрақтар қойып оқушылардың білімін пысықтаймын. Соңында   негізгі мәселеге тоқтала отырып, өткен тақырыпты жалпылама қорытындылап  өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1.  46-параграфты оқу.
2. Тақырып соңындағы  сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Шығармашылық тапсырма: "Тұлғалар айдары" бойынша реферат жазу













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!