Тақырыбы: « Алтын күз -
2017»
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі,
құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да,
адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін
себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады,
екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын
болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап
отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу
дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Алтын күз -
201» мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа
түсетін топтарымызды шақырайық.
Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Таныстыру, топтың аты, ұраны, эмблема қорғау, топтың киімі
бірыңғай болуы керек.
2. Өз өнерін ән айтса, күз туралы өлең шығару ал би болса, ат қойып
күз туралы қойылым көрсету.
3. Бейнебаян түсіру (клип)
4. Сән үлгісі (2 киім)
5. Көрме қолөнер
6.Берекелі күз (көкеністерден
салат) Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз
маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені
дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе
дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш
қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей
отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып
өтейін.
Директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары - Жанара Бейсебаева Қосымша білім беру педагог
– Камшат Бейсенбаева
Физика пәнінің мұғалімі:
Ләззат Нұрынбетова Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп « Алтын күз - 2017» татты
байқауымызға қатысатын сыныптардың топ жетекшілері келіп, жеребе
алыңыздар. Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілейміз
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Таныстыру» үміткерлеріміздің өздерін
таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға
жүгінейік.
«Таныстыру» бөліміне бағасын берсеңіздер
екен.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада
сайыскерлеріміздің «Өз
өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларының бағаларын біле
отырсақ.
Жүргізуші:
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Қатысушыларымызды өз өнерлерін көріп
болсақ,
Енді
кезекті «Бейнебаянға» берсек
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз
мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен
жасаған «Сән
үлгісін» ортаға шақырамыз. Олай болса,
қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған
киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз
берсек.
Жүргізуші: төртінші
бөлім.
«Көрмеге» кезек берейік.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Жүргізуші:
Ендеше қатысушы
топтарымыз «Берекелі
күз» көкеністерден салат
дайындаймын дегенше, бір әсем әнге кезек
берейік.
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме
дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге
дейміз,
Әдемі мен тәлімі
үндесетін,
Жастарды болашаққа
жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен
тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме
мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп
ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан
болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай
сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін,
қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен -
күнге
Өскен елдің жұртынан
қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі « Алтын күз -
2017» байқауының нағыз жеңімпаздарын
жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.
Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып,
қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен
аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!