Тақырыбы: «Ана
бақыты»
Мақсаты: 8 наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; анаңа деген мейірімді,
сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге
үйрету; оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты
қазақтың ұл-қыздарына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысыздар
бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап
отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық
әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз !
Адам
бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан ананың ақ сүтінен жаралған.
Сондықтан, құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, апайлар. Бүгін
«Ана бақыты» атты тәрбие сағатымыз сіздердің құрметтеріңізге
арналады.
1-оқушы:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп еркелеттің, аяладың
Өзіңе зор алғысын айта келе
Ән жыры арналады балалардың
2-оқушы:
Қош келіпсіз құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар
3-оқушы:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
4-оқушы:
Анам менің сүйікті,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам
Бейне ролик Сәкен
Майғазиев «Асыл анам»
5-оқушы:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Ана деген қашанда асыл жан ғой
Ойлауменен істеліп әр қадамды
Тәрбиеші: Дұрыс
айтасың.Бірде
-Үйдегі алытн қазық кім ?-депті қарт
-Ата, үйдегі алтын қазық-бала, -депті жігіт
-Жоқ,
балам, үйдегі алтын қазық-ана, Ана ақылды болса, бала дана болады.
Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана ақылшың, әкең
қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйінішің, қарындасың қанатың
екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі
көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде,-депті қарт.
Бейнеролик: Бақытжан Мустапаев «Ана
жүрегі»
6-оқушы:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз !
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз !
7-оқушы:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам !
Әлдилейді, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Тәрбиеші: Әр адам көзін
ашыа дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол-Ана
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін
жан ұшыра шырылдайтын да –Ана. Ана-бұл жел жағымызға пана, біріміз
үшін дара, дана тұлға Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл
қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ.Әрбір ана Отының өшпеуін,
бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм
соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Бейнеролик: «Соқыр ана» монологі желісі
бойынша
8-оқушы:
Жан анам құттықтаймын,
Мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің ақ күнінен.
9-оқушы:
«Ана» дейміз бәрімізде аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
10-оқушы:
Ана деген –асыл жандар болаттай,
Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.
11-оқушы: Аналарды
құрметтейміз, елейміз
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, Аналар, сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.
Бейнеролик: Гауһар Әлімбекова «Перзент сыры»
клип
Тәрбиеші: Сен бақытты
ұлансың
Дүниедегі ең сұлу қазақ әйелі
Қазақ
әйелі- бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.
Қазақ әйелі-бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең
мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. Бізге қажымас
қайрат беретін әйел анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдауси, Жәнібек
пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали –
сол аналардың ұрпағы, бәрі ананың ақ сүтінен жаралған. Эпостағы
Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана,
Айша бибі, Абайды туған Ұлжан ана, ел билеген айғаным, қол бастаған
Бопай, ел қорғаған Гауһар ана–бәрі бір ғана тауға ие, ол Ана.
Ендеше сол аналарды мадақтайық, осыларды жылатпайық. Алайда болашақ
ана болатын қыздарымыз аяғын шалыс басып өз балаларына пана бола
алмай жүрген, өз анасының көңіліне қаяу түсіріп жүрген қыздарымызды
көреміз, естиміз.
Бейнеролик: Ұлықпан Жолдасовтың «Сәби бақыты»
әні
Тәрбиеші:
Кім сендерді, балалар, сүйтұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
«Ана»
деген сөздің өзінде бір жылылық сезіледі. Балалар осы сөздің
қадіріне жетейік. Аналарымызды сыйлайық, құрметтейік. Отбасымыздың
ұйытқысы. Үйде анаң болмаса суық болып кетеді, үйге анаң кірсе үй
жылып кетеді. Аналарымыздың құдыреті міне осы.
Анаң
болса қасыңда
Басқа бақыт не керек ?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет !
Ән:
Музарт тобы «Анаға сәлем» клип
1-оқушы:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп еркелеттің, аяладың
Өзіңе зор алғысын айта келе
Ән жыры арналады балалардың
2-оқушы:
Қош келіпсіз құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар
3-оқушы:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
4-оқушы:
Анам менің сүйікті,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам
5-оқушы:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Ана деген қашанда асыл жан ғой
Ойлауменен істеліп әр қадамды
6-оқушы: Ақ сүтінен
жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз !
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз !
7-оқушы:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам !
Әлдилейді, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
8-оқушы:
Жан анам құттықтаймын,
Мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің ақ күнінен.
9-оқушы:
«Ана» дейміз бәрімізде аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
10-оқушы:
Ана деген –асыл жандар болаттай,
Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.
11-оқушы:
Аналарды құрметтейміз, елейміз
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, Аналар, сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.