Ана біздің күніміз, ана біздің гүліміз!...
Жүргізуші: -Армысыздар, аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8-Наурыз Халқыаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана біздің күніміз, ана біздің гүліміз!» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Олай болса, «Айжұлдыз» II кіші тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық!
(Музыка ойнап, ішке балалар кіріп, орындарына жайғасады)
Жүргізуші:
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары
( Ән: Айналайын мама)
Жүргізуші:
Баласы үшін анашым,
Күндері аз ғой көз ілген.
Анашым менің, саған қарызбын,
Көзіңнен нұрың төгілген,-дей отырып бүлдіршіндеріміздің анасына деген ыстық махаббатын тақпақтар арқылы тыңдайық.
Тақпақтар
Арсен: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын анашым
Айша: Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі
Мейірімді ғой керемет!
Ернар: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті аналар!
Анель: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Нұрайым: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң аналар.
Аянат: Апатайым анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Жүргізуші: (Балаларға жұмбақ жасырады)
Ақ қар еріп, су көбейіп.
Сай салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы:
-Көктемде
(Музыкамен залға гүлдер шашып, Көктем кіреді)
Көктем:Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Жүргізуші:-Рахмет! Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер
толады
Би
«Гүлдер»
(барлық қыздар билейді.)
Жүргізуші: -Жарайсыңдар , Көктем біздің бүлдіршін қыздарымыздың билері қандай тамаша, солай ғой?! Ал ендеше, Көктем өзіңмен бірге ойын ойнасақ қайтеді?
(Осы кезде ішке Джерри кіреді музыкамен)
Джерри:-Балалар, ооййй бұл қай жер? Мен қайда келдім өзі?
Балалар:-Балабақша!
Жүргізуші: -Джерри, біздің балабақшамызда аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өтіп жатыр, сен өзің қайдан келесің?
Джерри: -Ааа, түсіндім, кешіріңдерші мені! Мені Том қуып келе жатыр еді, біз ірімшікке таласып қалып едік, ол менің ірімшігімді тартып алғысы келеді, ал мен болсам Томға бермеймін!
Көктем:- Қазір Томды күтейік. Балалардың ертеңгілігін бұзбайық жарайма?
Джерри: -Жоқжоқ. Әне Том келе жатыр, дауысы естілді, сезіп тұрмын! (Балалардың артына тығылады)
(Музыка ойнап, залға Том кіреді, Джерриді іздейді)
Том:-Балалар, сендер Джерриді көрдіңдер ма?
Балалар:-Жоооқ!
Том: -Жоооқ, ол осы жерде, иісін сезіп тұрмын, әсіресе ірімшіктің!!!
(Осы кезде Джерриді байқап қалады да, оған тап береді, музыка ойналады, екеуі ірімшікке таласады)
Көктем:-Бұл не деген бейбастық, қараңдаршы бұл жерде аналар мерекесіне арналған ертеңгілік өтіп жатыр. Ал сендер ірімшікке бола таласып жатырсыңдар, бұл ұят нәрсе! Қане, дереу достасыңдар!!!
Жүргізуші:- Ия дұрыс айтады, достаса қойыңдар. Ендеше, Көктем, Том, Джерри барлығымыз бірге ойнасақ қайтеді?
Том мен Джерри: -Жарайды, алақай бізде ойын ойнайық!
Жүргізуші:-Ендеше, ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
(Ортаға 6 ата – ана шығады, 2 топқа үш – үштен бөлініп 1 адам шеңбер айналдырғышты алып, кедергілерден айналып өтіп 2 ші адамды алып кету керек. Ойын жылдам ойналуы керек. Кім бірінші мәреге жетеді сол топ жеңіпаз болады).
Музыка ойнап, ойын басталады.
Том мен Джерри: -Қандай тамаша, біздер де өте жақсы демалып, көңіліміз көтерілді.
Жүргізуші:
Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған жайнаған.
Шашыраған сәулесімен,
Жасыл көктем сайраған. – демекші Көктем ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміз сізге арналған ән шашуы бар. Соны қабыл алыныз.
( Ән:Көктем келді)
Көктем:-Ия, өте тамаша, жарайсыңдар.Ал балалар, менің басқа ертеңгіліктерге баратын уақытым болыпты. Қасыма Том мен Джерриді ерте кетейін, жарай ма, ендеше сау болыңыздар, жақсылықта жүздесіп, көріскенше!
(Қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші:
Аялаған, баптаған, асыраған,
Сақтандырып күнде еккен.
Айтып бәрін үйреткен,
Анамызға мың алғыс!
-Ортаға балалардың аналарына арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Бибарыс: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды
Қуантам деп келемін.
Нұрғиса: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан мамам.
Көкте күнің батса да,
Өзің күнсің баланың
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз.
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Алихан: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.
Бақдаулет: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түземіз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Айдана: Жанымызды жайнатқан,
Өзіңіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Дильназ: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін.
Алыстасаң сағынам
Жүргізуші:
Сеніміңді
ақтайды
Еркелеткен
балашың.
Аман жүріп
әрқашан
Мұңаймашы
анашым.
-
Дей отырып бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.
Би «Кішкентай көмекшілер би»
(Нұрғиса, Ернар, Арсен, Алихан, Бағдаулет)
Жүргізуші:- Керемет, жарайсыңдар! Балалар, аналар қане барлығымыз орнымыздан тұрайық, бойымызды бір сергітіп алайық!
Сергіту би ойыны: «Телевизор»
Жүргізуші: -Рахмет балалар, ата – аналар өнерлерің өрге жүзсін!
Жүргізуші: Құрметті Анал бүгінгі ертеңгілігімізге бүлдіршіндеріміз әндерінде шыркады, билерінде биледі, аналарына арнап тақпақтарында паш етті. Алайда тағы бір сыйлығымыз табысталмай қалды
-Ендеше, балалар барлығымыз аналарымызға арнап жасаған сыйлыөтарымызды сыйлайықшы.
(Музыка ойнап тұрады, балалар барлығы аналарына арнаған гүлдерін сыйлайды)
Жүргізуші:-Жарайсыңдар, тамаша!
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңізді қадамыңа-дей отырып, балабақша басшысы Айжан Ерланқызы мен балабақша әдіскері Ақшагүл Аманбекқызына және ата –анаға сөз кезегі беріледі. Ардақты аналар, мейрамдарыңыз тағы да құтты болсын, сау-саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Ана біздің күніміз, ана біздің гүліміз!..."

шағым қалдыра аласыз