« Бабалар дауысы» көркемсөз шеберлері байқауының сценариі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Бабалар дауысы» көркемсөз шеберлері байқауының сценариі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘРІПТЕСТЕРГЕ, ЖАС МАМАНДАРҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ хандығына құрылғанына 550 жыл толуы құрметіне АСжДк студенттері арасында ұйымдастырылған « Бабалар дауысы» көркемсөз шеберлері байқауының сценариі.

Байқау мақсаттары

  • 1.Ата мұраны жатқа меңгеру;

  • 2.Поэзиялық мәтінді көркем оқу деңгейіне жеткізу;

Өткізу әдістері;

Сахыналық әдістер, композициялау мәтін көркемдеу, ұжымдық топтық өнер көрсетуге қалыптастыру командалық жарыс.

Залды безендіру -

Командалардың арнайы костюмдері, плакаттар портреттер,музыка.

Тақырып бөлу;

1.IX-XIII ғасырлар мұрасын насихаттау –ШС-15-5 тобы командасы.

2. Майқы би мұрасын насихаттау –А-15-8-командасы.

3. Қазақтың үш дана билерінің мұрасын насихаттау –СП15-1

тобының командасы.

4. Бабалар жырлаған «Ел мен Жер » тақырыбын насихаттаушылар СП15-2 тобының командасы.

Байқаудың әділ қазылар алқасы:

  1. Амирова Ләззат Еркешовна

  2. Нұрмановна Жамиля Рыстамбековна

  3. Омарова Күнімай Нұрлыбаевна

Байқауда командылар қамтыған мазмұн

ШС15-5

-I-


  1. Әбу Насыр Әл-Фараби

  2. Махмут Қашқари. XI ғасыр.

  3. Жүсіп Баласұғын. X ғасыр.

Ахмет Жүйнеки. XIII ғасыр.

  1. Иісі қазақтың ғана емес түркі жұртының әулие шайырлары .

  2. Бабалар білім туралы. І

  3. Құдай кімге ақыл, ой, білім берсе,

Мың сан ізгілікке қол созады.


-II-

Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте.

Бұл екеуі

Ақылды ұғады, білімді біледі

Білімді ұғымды тілегіне жетеді.

IV

Білімсіз кісілердің барлығы –ауру,

Аурыды емдемесе, адам тез өледі

V

Көрікті істердің барлығыда ақылменен істелген.

Бектер бұл дүниеде білімімен ерекше.

Сый құрметке бөленген

VI

Бақыт жолы білім арқылы білінеді

VII

Білімсіз надан- құны жоқ бақыр

VIII

Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді

IX

Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты

Бабалар тәрбие, ізгілік, адамгершілік хақында

І

Бауырым, қанша сүйгенмен ,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулан,

Пенделіктен бол аулақ.

ІІ

Әдептіліктің басы аузын бағыу.

ІІІ

Тәкаппарлық- барлық елде жеккөрінішті қылы.

-IV-

Мінездің ең жақсысы- жуас қылық.

V

Тегі асыл адамның мінезі де сүйкімді.

Сүйкімді қылық көңілді еріксіз тартады.

IV

Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте .

V

Қайырымсыз кісі жеміссіз ағаш сияқты,

Жеміссіз ағашты кесіп алып, өрте

VI

Тәуір асың болса, кісіге жегіз!

Жарамды киім тапсаң , жалаңашты бүтінде !

IX

Адамгершілік-үй, қарапайымдылық оның іргетасы сияқты.

X

Пайдасыз егес, орынсыз күлкіден сақтан.

Бабалар Тіл Хақында

I

Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл

Елдіің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл.

II

Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді,

Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады.

III

Мені тіл аса көп азапқа салды,

Басым кесілмес үшін тілімді кесейін.

IV

Сөзіңді күзет, басың кетпесін.

Тіліңді күзет - тісің сынбасын.

V

Сен өзіңе есендік қаласаң,

Керегі жоқ сөзді тіліңнен шығарма.

VI

Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады,

Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді.

VII

Тіліңді тарт, тісің сынбасын.

VIII

Тіл жарасы жазылмайды, оқ жарасы жазылады.


Майқы би мұрасы. А15-8 тобы.

Майқы би Мәнұлы. БДД 178 жылы туып, 89 жылы дүнйеден қайтқан.

Қазақ шежіресінде екі Майқы би бар.

Біз алғашқы Майқы би мұрасынан сөз қозғаймыз;

Түгел сөздің түбі бір

Түп атасы-Майқы би.

Береке түбі –бірлік ,

Жеңіліс түбі шерлік.

Жеңіс түбі ерлік.

Қуалай берсең шабанды адымын жазып құнығар .

Қуалай берсең жаманды

Батыр болып шынығар.

Қырдың гүлі азайса тікенге қонар бұлбұл құс

Тікен ада болған соң , құста көзден бұлбұл ұш

Ауыр қайғы бөлісу ,

Ағайынның парызы.

Ауыр жүкті көтеру ақ аттаның қарызы.

Сайрап жатқан шешеннің,

Салып кеткен сара ізі.

Бәрінен де жаманды ағайынның аразы.

І

Тұлпардан тұлпар туады .

Сұңқардан сұңқар туады.

Асылдан асыл туады.

Жалқаудан масыл туады.

Масылдан мал бақпас туады .

Тіл азардан қылжақпас туады.

Таздан жарғақбас туады.

Сараңнан бермес туады.

Соқырдан көрмес туады.

Мылжыңнан езбе туады.

Қыдырмадан кезбе туады.

ІІ

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса , төбедегі келеді.

ІІІ

Би екеу болса, дау төртеу болады.

Жаман еркек жар қадырын білмес.

Жайсыз әйел ер қадырын білмес.

Жалқау адам тер қадірін білмес.

Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Билер дауысы. СП15-1.

  1. Төле би .(ғұмыр дерегі ) .

  2. 2 Қазбек би. Ғұмыр дерегі.

  3. Әйтеке би. Ғұмыр дерегі.

Билер дауысы - « БОЛ» деп тур!

І

Асып тусаң керей бол.

Үш қазаққа мерей бол .

Уақ болсаң шоға бол.

Даулы істе жорға бол.

Арғың болса алтай бол .

Найман болсаң матай бол.

Байұлы болсаң адай бол.

Үйсің болсаң ботпай бол.

Бұл алтауы болмасаң

Қалай болсаң солай бол.

ІІ

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма;

Көп болдың ағасы бол !

Ақты ақ деп бағала.

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе,

Көпшілікті сағала.

Өзіңе өзің кәміл бол!

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол !

ІІІ

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Бай болып, елге пайдаң тимесе,

Батыр болып, жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін.

IV

Атасызға ата бол !

Батасызға бата бол!


Арып ашқан қарыптың

Жел жағына жота бол!

Панасызға пана бол!

Кек сақтамас бала бол!

Дос сүйініп қас сыйлар

Асу бермес дана бол !


Бабалар жырлаған « Ел мен Жер»

  1. Ақтамберді жырау.

«Еділ жайық –екі өзен».

2. Махамбет Өтемісұлы .

«Арқаның қызыл изені».

Дулат Бабатайұлы.

«Ақжайлау мен Сандықтас».

  1. Күдерқожа Көшекұлы.

«Қарқаралы, Қазылық».

  1. Мәди Бәпиұлы. «Қарқаралы».

  2. Бернияз Күлеев.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2020
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі