Тақырып бойынша 11 материал табылды

. Бактериялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Биология

Класы: 6 «а»

Мерзімі: 19.04.18 ж

Сабақтың тақырыбы: § 57. Бактериялар

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бытыранықтарға (бактериялар) сипаттама беру және түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың білім – білікітілігін дамыту. өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды гигиеналық талаптарды орындауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Пәнаралық байланыс: биология, география, химия.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар зертханалық құрал-жабдықтар т.б.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру

Амандасу рәсімі:

«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Семантикалық карта

Вирустық аурулар

Өсімдіктерде

Жануарларда

Адамдарда

СПИД



+

Лейкоз



+

Аусыл


+


Бидай теңбілі

+



Ми құрты



+

Сары ауру



+

Құс тұмауы


+


Картоптың әжімді теңбілі

+



Шешек



+

Қызылша



+

Қызылша теңбілі

+



Шошқа тұмауы


+


Энцефалит кенесі



+

Тұмау



+

Темекі теңбілі

+



Мақта жапырақтарының ширатылуы

+



Құтыру


+


Ұшық



+

Жұлын параличі



+

Сары безгек



+

ІІІ.Жаңа сабақ. 57. Пішіндері, қоректенуі, тыныс алуы бойынша бактериялардың әртүрлілігі

Бактерия (грекше «бактерион» - таяқша) - біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар, цтір, оралма тәрізді болады. Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарыл, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар.Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.

Бактериялардың талшықты тобы болады. Олар өте тез қозғалады. Ылғалды орта мен +10+40оС температура аралығында жақсы дамиды және қолайсыз жағдайға ұзақ шыдай алады

Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы, қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт тәмендеп немесе көтеріліп кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора (грекше «спорос» - сеппе, екпе) - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмалы, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарыл, бактерияларды сыртқы орта жағдайына (қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т. б.) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп, бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін сақтайды.

Бірақ бактерия спораларының көбеюге ешқандай қатысы жоқ. Бактериялар барлық жерде: ауада, сула, тарамда, топырақта, өлі денелер мен тірі ағзаларда кездеседі. Суық болса да Арктика, Антарктида, өте ыстық Сахара шөлінде де, 80оС ыстық қайнарларда да, жерасты суларында да кездеседі.

Басқа ағзалар сияқты бактериялар да айналадағы сыртқы орталан қоректік заттарды сіңіру арқылы қоректенеді. Жасушасына енген қоректік заттардың бір бөлігі цитоплазманың құрамына енеді. Екінші бөлігі энергиялы қор заттарын құрайды.

Жасушасында хлорофилі болмағандықтан, бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Табиғатта бактерияларға қорек болмайтын зат жоқ десе де болады. Олар: асфальт, мұнай, ағаш, пластмасса және т. б. заттармен де қоректене береді.

Тек азғана түрлері бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді.

Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер - сапрофиттер. Сапрофит (грекше «сапрос» - шіріген, «фитон» - өсімдік). Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекенден, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер (грекше «параситос» - басқаның есебінен қоректену) деп аталады.

Барлық тірі ағзалар сияқты бактериялар да тыныс алады. Көптеген бактериялардың тыныс алуы жасыл өсімдіктерге өте ұқсас. Тынысалу кезінде ауалан оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл тазы мен химиялық энергияны бөліп шығарады. Табиғатта мұндай бактериялар топырақтың, судың, азықтардың үстіңгі қабаттарында тіршілік етеді.

Қолайлы жағдайда (ауа, су, қорек жеткілікті болғанда) бактериялар балту арқылы көбейеді. Мұндайда бір жасуша екіге бөлінеді. Пайда болған жас жасуша әрбір 20 минут сайын бөлініп отырады. Қанша жылдам бөлінгенімен, олардың қолайсыз жағдайға кездескендері тіршілігін тез жояды.

Әйгілі адамдар мен ғалымдар деректері микробиология ғылымын дамытуға үлес қосты. Солардың нәтижесінде бактериялардың пішіні, құрылымы және тіршілік әрекеті едәуір толық зерттелді. Қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер тобына бөлінеді. Қолайсыз жағдайда спора түзіп, қорғанады. Бөліну арқылы көбейеді.

Бактериялар табиғатта орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м2 ауасында 10-15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактериялар болады.

Антарктиканың 1г мұзынан 100-ге дейін бактерия табылған.

Жыртуға арналған жердің 1 г топырағында 1 миллиардтан 20 миллиардқа дейін микроағзалар болады.

Бактериялардың көпшілігі 0оС-де өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды

Бытыранықтылардың қоректену тәсілдері

Гетеротрофтар - дайын органикалық заттарды пайдаланады;
Сопрофиттер - өлі органикалық заттармен қоректенеді;
Паразиттер - тірі организмдердің органикалық заттарымен қоректенеді;
Автотрофтар - бейорганикалық заттармен органикалық заттарды синтездейді;
Хемо - автотрофтар (темір бактериялар, күкірт бактериялар);
Фото - автотрофтар (жасыл, қан, қызыл, күкірт бактериялар);

Бактериялардың оттегіге байланысты бөлінуі:
♦ Аэробты бактериялар
Жасыл өсімдіктер, жануарлар сияқты тыныс алғанда атмосферадағы оттегіні пайдаланады.
♦ Анаэробты бактериялар
Оттегісіз жерде тіршілік етеді.
♦ Факультативті бактериялар
Оттекті және оттегісіз ортада өмір сүреді.

ІV. Бектіу «Жуан-жіңшке» сұрақтар қою арқылы бекту.

31 зертханалық жұмыс.

Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын қарау.

Құрал-жабдықтар

Жұмыс барысы

Нәтижесі.




V. Қорытындылау. «Автор орындығы» яғни бір оқушы шығады тақтаның алдына орындық алып, сол оқушыға бүгін өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.

VІ.Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. § 57















  1. Тірі ағзалар қалай жіктеледі?

  2. Ядролыларға қандай ағзалар жатады?

  3. Бактериялар тірі ағзалардың қай тобына жатқызылады?

  4. Бактериялар қай жерлерде кездеседі?

  5. Бактерия жасушасының өсімдік жасышасынан қандай айырмашылығы бар?

  6. Атон Левенгуктың суреті беріледі. Сұрақ: ашқан жаңалығы.

  7. Луи Пастердің суреті беріледі. Сұрақ: қандай ғылымның дамуына үлес қосты?

  8. Микробиология нені зерттейтін ғылым?

  9. Цианобактериялар туралы баянда?

  10. Ішек таяқша батериясының құрлысын сипаттап айтып бер.

  11. Бактериялар дегеніміз не?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2018
1082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі