Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
« Балабақшамен қоштасу кешінде сиқыршы Хоттабыч балалармен қонақта»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
« Балабақшамен қоштасу кешінде сиқыршы Хоттабыч балалармен қонақта»
/№1 ересек топ-2018ж/
Рөлдерде:Үлкендер:Жүргізуші,Хоттабыч,Білім ханшайымы.
Мақсаты:
1.Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар!
Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз.Көз алдымызда тәп-тәтті,сүйкімді қылықтары мен үйренген өнерлерін әрі қарай шыңдай түсіп,балабақшамен қоштасқалы отыр.Балабақшадан ұшырғалы отырған көгершіндерімді қарсы алыңыздар.
Бітіруші бүлдіршіндерімізді ортаға қошеметпен шақырайық.
«Ертегілер»әнімен балалар залға кіреді.
1.Әнші қызымызбен ұлымыз-И.Адина мен Мансур
2.Ақылды қызымызбен ұлымыз-С.Адина мен Амир
3.Сабырлы қызымызбен ұлыдмыз– М.Жангир мен Лайли
4.Талантты қызымызбен ұлымыз-Алима мен Қ.Жангир
5.Белсенді де қызымызбен ұлымыз-Айзара мен Бексұлтан
6.Зейінді қызымызбен ұлымыз-Айлин мен МухамедАли
7.Ерке қызымызбен ұлымыз – Карим мен С.Айша
8.Ұқыпты қызымызбен ұлымыз – Дамир мен М. Айша
9.Дарынды қызымызбен ұлымыз –Алдияр мен Карима
2. Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздерінде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің,әр айың.
Тақпақтар
И.Адина:Әріптерді үйреткен,
Жамандықтан жиреткен.
Ұстаз біздің анамыз,
Жарқыраймыз жанамыз.
Кітаппен дос болып
Жалқаулықпен өш болып
Өседі ой мен санамыз
Біз мектепке барамыз.
Бексұлтан: Тәрбие берген ұямыз.
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.
Гүлге толы жан жағым
Асыр салып жүгірдім
Өсті талап талғамым
Көп нәрсені ұғындым.
С.Адина:Балабақша,балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы.
Балғын сәби жастықтың,
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Мансур:Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Үлкен болып өссек те,
Бақшамызды қимаймыз.
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырады.
Қош бол,әсем бақшамыз.
1.Жүргізуші:Балалардың орындауында ән:
Ән: «Біз мектепке барамыз»
2.Жүргізуші:Балалар бүгін бізде керемет мереке.Естіп тұрсыңдар ма ғажайып әнді.
Бүгін бізге қонақ келе жатқан шығар.
(Шығыс әуенімен залға Хоттабыч ешкімге қарамай залға кіріп,Сим –салабим,Ахалай,Махалай деп айтады).
1.Жүргізуші: Балалар ,қараңдар мына ертегідегі сиқыршы шал – Хоттабыч!
Сәлеметсің бе құрметті,Хоттабыч!Сіз неге бізді сиқырлап жатырсыз.
Хоттабыч: Ох ,салем,салем! Мен сиқыр жасап,мекетепке барайын дегенмін ал мені мектепке алмай жатыр.Сен өте кәрісің ,ал мен жаспын.Менің жасым 534 –те ғана!
2.Жүргізуші: Ия шынымен жасыңыз біраз жерге барған екен,мектепке баруға кеш қалған сияқтысыз.Бірақ бұл қорқыныш емес.Білім алу ешқашанда кеш емес қой,білімді өзінде алуға болады.Мысалы: Мына біздің балалар мектепке әлі барған жоқ,бірақ мектепке баруға дайын.Балалар көп нәрсенә біледі.Өздері өте білімді.Балалар солай ма? Балалар: Ия.
Хоттабыч:Ох,мен сенбей тұрғаным,Бұл ертегі сияқты.Өздерің кіп кішкентай болып,көп нәрсені біледі дегенге сенбеймін.Сонда мектеп деген не өзі?Онда не істейді,немен шұғылданады?Сендер маған жауап бере аласыңдар ма?
1 Жүргізуші: Құрметті Хоттабыч,сіз отырып біздің балаларды тыңданыз,сізге бәрін де айтып береді,биде билеп береді
Би : «А ты меня любишь»
МухамедАли И.Адина
Алдияр Айзара
Дамир М.Айша
Тақпақтар:
С.Айша Балабақшам сенімен,
Достасып –ап жүрдім мен.
Енді уақыт басқаша,
Білім қажет бәрінен.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламын.
Достарымнан қалмаймын,
Мен мектепке барамын.
Амир: Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата- ананы,
Біз мектепке барамыз.
Ойыншықтарды жинаймыз.
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен,
Бақшамызды қимаймыз.
М.Айзара:Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
2.Жүргізуші: Хоттабыч ,сіз енді мектеп нені оқытатынды түсіндіңіз бе?
Хоттабыч: (Қолын арқасына қойып жүре бастайды).Ия ,мен түсінген сияқтымын,ал көрген одан да жақсы екен.Тегін айтылмаған ғой:Сөзбен айтқаннан,көзбен көрген дұрыс деп.Сендер бұған не дейсіңдер?
1. Жүргізуші: Ал жақсы ,Хоттабыч! Сен бізге сенбесен,саған көрсетуге тура келіп тұр....
Балалар,бүгін біз сендермен мектепті ойнаймыз,Хоттабыч бізге сенетін шығар.Бастаймыз ба балалар.Ия бастаймыз.
Хоттабыч: Ал енді мен көрейін сендердің қабілеттеріңді ха, ха,ха!!! (Хоттабыч отырады).
2 Жүргізуші: (Қоңырауды соғып) қоңырау соғылады.Бірінші сабағымызды бастаймыз.
Бірінші сабақ – Сауат ашу негізі!
2 Жүргізуші: Бізге оқулықтар қонаққа келіпті (залға әуен мен сауат ашу негізі кіреді).
Айлин: Жақсы кітап сауат ашу,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
А- дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.
Айлин: Алфавиттің «А» тұрады басында.
Қ .Жангир: Арқашанда «Ә» тұрады қасында.
Алима: Байқадын ба «Б» тұады үшінші.
2. Жүргізуші: Ал осының сыры неде,түсінші.
Айлин: «А» деген аналар ғой ардақты.
Қ.Жангир; «Ә» деген әкелер ғой салмақты.
Алима: «Б» деген ол балалар ғой әдемі.
Барлығы бірге : Алшақ кетпей сондықтанда расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
2.Жүргізуші: (Сауат ашуға қарап).Сауат ашу ал сенің бізге ұсынар ойын бар ма?
Айлин:Сауат ашу: Әрине ,бар
Ойын: «Сөз құрау»
Ойынның шарты: (Ата – аналар мен балалар екі топқа бөлініп Отан мен Қазақстан деген сөзді құрастырып қатар бойынша тұрып жазып шығу керек).
2.Жүргізуші: Қоңырау соғып,үзіліс жариялайды.
1.Жүргізуші: Балалар сендер өздерінің кішкентай топтағы кездеріңді білесіңдер ме?
(Балалар жауабы) Құрметті ата- аналар ,ал сіздер өз балаларыңыздың алғашқы балабақшаға келген кезі естеріңізде ме? Ендіше көріп тамашалайық.
1 Жүргізуші: Сіздерді шын жүректен құттықтауға кішкентай бүлдіршіндер келіпті.
Қабыл алыңыздар !
Әуенмен кішкентай топ балаларын қарсы аламыз.
Нұрали: Өсті міне бойларын,
Өсті ақыл ойларын.
Қуанышқа ортақпын.
Құтты болсын тойларын!
Илана:Күн шуағы шыққанда,
Қуаныш пен тұрыңдар.
Шынықтырып денені,
Мектепке сендер асығыңдар.
Адия: Кітап,даптер ,қарындаш,
Сендердің енді достарын,
Мұғалімді тыңдандар,
Жақсы оқындар сабақты.
Асанәли: Сендерге бақыт тілейміз,
Шаттық күлкі өмірде.
Тәрбиешілерді ұмытпай,
Балабақшаға келіп тұрыңдар.
2.Жүргізуші:Балалардың орындауында ән:
Ән: «Бөбектер»
И.Адина Нуралиге білім кілттін табыс етеді.
2.Жүргізуші:Жоғарғы топтың білім кілттін ортаңғы топқа табыс етеді.Сендерде жоғары топқа барғанда білімді болыңдар.Бұл білім кілтті.
(С.Адина,С Айша, Мансур,Дамир) сыйлықтарын бүлдірпшіндерге табыстап рақмет айтып шығарып салады.
2.Жүргізуші: (Қоңырауды соғып).Қоңырау соғылды келесі сабағымызды бастаймыз. Екінші сабақ математика.
Мансур (математика): Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз,
Төртке бірді қосамыз,
Жауабын тез табамыз....
Мансур: Салеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге тапсырмалар алып келдім.
Сендер тапсырманы мұқият орындаңдар.
1.Орманда кірпі келе жатып, түскі асына саңырауқұлақ тауып алды,екеуін қайынның түбінен,екеуін ағаштың түбінен тауып алды.Сонда барлығы нешеу саңырауқұлақ болды? Жауабы 4
2.Ағашта 10 алма өсіп тұр, оның 1-уі түсіп қалды.Ағашта неше алма қалды? Жауабы 9
3.3 итте неше құлақ бар? Жауабы 6
Ойын «Көрші санды тап»
( Он бала ортаға шығып,қолдарына 1 ден 10 дейін сан жазылған карточка таратылады.Әуен орындағанда билеп жүреді.Әуен тоқтағанда әр қайсысы өз орнына тұру керек.Тәрбиеші «3 санын»айтқанда.3 саны бар балаға алдыға шығып,көрші сандарды атайды.Менің көрші сандар 2 мен 4)
Ойын: «Бос орынға сандарды қойып шығу»
(1-10сандарды тақтаға қатар бойынша тура сандарды және кері сандарды орындарын ауыстырып қояды.Балалар ауыстырылып тұрған сандарды тура және кері іліп шығады.Ойынды екі бала шығып ойнайды)
1.Жүргізуші:Қыздардың орындауында би:
Би: «Гүлдер»
2.Жүргізуші:(қоңырауды соғып) қоңырау соғылады,келесі сабағымызды бастаймыз.
Үшінші сабақ-музыка!
-
Жүргізуші: Балалар,музыкада неше нота бар екенін білесіңдер ме?(Жеті нота бар)
1.Жүргізуші: Кім маған ноталарды айтып береді?
1. Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар!Олай болса нотамен ән айтып берейік:
1.Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.
1.Жүргізуші:Балалардың орындауында ән:
Ән:«Прощай детсад»
2.Жүргізуші:Соңғы сабақ-құрастыру сабағы!
2.Жүргізуші:Балалардан суық және жылы түстерді сұрау.(балалар жауабы)
2.Жүргізуші:Кемпірқосақта неше түс бар? (балалар жауабы)
Ойын: «Жылы түстерден гүл құрастыру»
(Ойынды екі бала ойнайды,жерде әр түрлі жылы түстер жатады.Содан бала гүл құрастырады.:2 ақ дөңгелек ортасы, 7 гүл жапырағы.Кім бірінші дұрыс гүл құрастырады.)
2.Жүргізуші:(қоңырау соғылады)Міне бүгінгі сабақтарымыз да аяқталды.Хоттабыч,сен енді мектептің не екенін,мектеп не беретінін түсінген шығарсың?
Хоттабыч:О,мейірімдінің балалары!Сендер қандай жақсы балаларсыңдар,сендер көп біледі екенсіңдер.Енді мен оқитын болам.Оқып,білім алу ешқашанда кеш емес екенін түсіндім.
-
Жүргізуші:Құрметті Хоттабыч,қалай сізге ұнады ма?
Хоттабыч:Иә,маған өте ұнады,мен сендерге арнайы сиқыр жасап,ғажайып сәт сыйлағым келіп тұр.Сендердің болашақтарыңа ақ тілеймін.Мен енді кетейін...Сим-салабим,Ахалай,Махалай ..(кетеді)
Әуен ойнап Білім ханшайымы келеді.
Білім ханшайымы:Сәлеметсіңдерме құрметті балалар!Мен білім ханшайымымын.Сендерді өзімнің білім шахарыма шақырамын.Сендер үшін білім шахары-ол мектеп,өйткені сендер тек қана мектепте кітаппен дос болмайсыңдар,мектептен көп білім алып,болашақ жолын ашасыңдар.
Білім ханшайымы: Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қоштасатын бақшамен,
Құтты болсын тойларың.
2.Жүргізуші:Білім ханшайымы балалардың орындауында ән мен биді қабыл алыңыз
Ән: «Ағылшын»
Білім ханшайымы: Балалар сендердің мектепке дайын екендеріңе көзім жетті.Сендер өте білімді екенсіңдер.Алда сендерді қызықты да,жаңа өмір күтіп тұр.Сендерге ақ жол тілеймін.Жолдарың ашық болсын құрметті түлектер.
1. Жүргізуші:Балалардың балабақша қызметкерлеріне арналған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Алима: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Меңгеруші апайға,
Ырза әке шешеде.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі- бәрі дап- дайын
Қамымызды ойлаған
Рамиля Хисметовнаға мың алғыс.
Карим:Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апай сізге де,
Алғыс айтып барамыз.
Мухамед-Али:Ақ төсекке жатқызған,
Тәтті тамақ ұсынған.
Бала болып ойнаған,
Тәрбиеші көмекшісі.
Зауреш апайға мың алғыс.
Дамир : Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы Гульжанат,Самал апайларға,
Сіздерге мың алғыс!
Қ.Жангир: Біздің Азиза апай,
Маманы оның музыкант.
Бұл апайға қарасақ,
Ақылыннан көркі сай.
Мақтан етем әр дайым,
Аман болшы апатай.
И.Адина: Бақшадағы күндерді
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиешілеріміз Дамели,Алуа апайлардың,
Еңбектерін ақтаймыз.
Күннен күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздердің біздер үшін сіңірген
«Еңбектеріңізге мың алғыс айтамыз»
(балалар жарты шеңберге тұрып гүлдер береді)
1.Жүргізуші:Ал балалар тұрмайық,
Би билейік жырлайық.
Қарап тұрмай жан жаққа,
Қоштасу вальсін билейік.
«Қоштасу вальсі» «Вальс»
Білім ханшайымы:Ал енді балаларды марапаттайтын да кез келді.
Сыйлығымды қабыл алыңдар.
(Балаларға сыйлық,диплом тарату)
Тәрбиешінің сөздері.
Алуа:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
Дамели:Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда,тірлік бар дегенбабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Мухаметканова Р.Х. береміз
Балабақша директорына,ата-аналарға сөз беру.