Материалдар / " Балалық шаққа саяхат"

" Балалық шаққа саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2018
1284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалық шақ Ағылшын жазушысы  Майкл Муркок: «Балалық шақ өмірдің ең бақытты кезеңі, бірақ балалар үшін олай емес» деген.Бұл тек Майкл Муркоктың пікірі емес, көптеген адамдар шүбәсіз осылай ойлайды. Неге десеңіз бала күнде тезірек өскімізржеткіміз келеді.Алдымыздағы асқар таудай армандарымыз  алысқа жетелеп, қиялымыз шарықтаған сәтте қамсыз балалық  шағымызды  алдағы уақыттың қиындығы мен қуанышы қатарласа жүретін үлкен өмір ағысына қиып кете барамыз. Балалық шақтың бекетін ,                Қалдырдым өмір жолында,                Арман көп оған жететін,                Билет жоқ әттең қолымда ,- деп әндетеміз кейін. Балалық елінен  аттанған соң, қайта оралатын билет ешкімге де берілмейді. Қасым Аманжоловтың «Балалық шақ туралы » өлеңінде: Түседі еске жалаңаяқ күндерім, Ақсүйекті ала қашқан түндерім. Сол қашқаннан мол қашыпты балалық, Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім,- деп ой толғайды. Балалық шақты аңсамай, балалық кезді сағынбай тұру мүмкін емес. Сол бір балдәурен кезеңнің қызықты оқиғалары ақынның толғанысынан кейін еске оралады. Үшінші сынып оқып жүрген кезіміз болу керек. Сынып сағаты болып жатыр. Мұғалімнен қоярда  қоймай  дос қызым екеуіміз қалам сатып алып  келуге сұранып шықтық.Аларымызды алып, жайбарақат басып, сыныпқа келіп қалғанымызда алдымыздан оқу ісінің меңгерушісі шыға келді. Ал енді қайттік, деп тұрғанда апай: -         Сыныпқа кіруші болмаңдар, тексерушілер келіп жатыр,- деді. Құрбым екеуіміз ойласа келе бірінші қабаттағы бастауыш сынып бөлмесіне тексерушілер кетіп қалғанша бара тұруды жөн көрдік. Отырмыз. Бірде үлкен адамдар дауысы естілгендей болды. -          Құрбым, киім ілетін шкафқа жасырынайық,- деп  шкафтың ішіне кіріп алдық. Сол- ақ екен артымыздан мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі меңгеруші, және  біз танымайтын  екі кісі кіріп келеді екен. Шкафтан сығалап қарап, жүректеріміз дүрсілдей қағып біз отырмыз. Бір кезде көзілдірікті, ақ шашты ағай кішкентай ғана киім ілетін шкафтарды ашып қарай бастады. Бірінші, екінші, үшінші... Алтыншы шкафты ашып қалса, шалқасынан құлайтыны белгілі, себебі онда мен отырмын. Сол кездегі жүрегімнің  дүрсілін  әлгі кісілер естіп тұрғандай сезіндім. Мен жасырынып отырған шкаф есігі ашылған жоқ, тексерушілер кетіп қалған соң, сыртқа шықтық. Апайға бар жайды түсіндіріп айтқанда , біздің қылығымызға бір күліп алғаны бар. Осындай балалықпен істеген бал қылықтар адамның ой- санасында мәңгі сақталып қалады екен. Қазір өзіміз еске алып , күліп отырамыз. Түрлі ғажайып оқиғалар тек балалық шақта бастан өтеді. Мөлдір судай таза, кіршіксіз пәк, тәтті қылықтар тек балалық шақтың еншісінде қалады. Адам баласының бақыты балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені,-дейді қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев. Ендеше бүгінгі  жас ұрпақтың бақыты еліміздің жарқын болашағының баспалдағы десек қателеспейміз. 
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ