Материалдар / « БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС ҰСТАЗДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК РЕТІНДЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаттары:


1) Логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;

2) Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін,

сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту;

3) Жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;

4) Тілге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін сіңіру.


« БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»


Құрал-жабдықтар:



Интербелсенді тақта, сценарий, бағалау парақтары, сыйлықтар, мадақтамалар, шарлар


 

Ойын жоспары:


Ойынға 9 ойыншы қатысады. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.

1) 1-айналым «Бәйге»

Әр қатысушыға 12 сұрақтан тұратын тапсырма интербелсенді тақтада беріледі. Ойыншылар тапсырманың сұрақтарына ұсынылған жауаптардың бірін таңдайды. Тапсырма соңында екі ойыншы ойыннан шығады. Келесі айналымға 7 ойыншы өтеді.





2) 2-айналым «Жорға»

Ойыншыларға 4 сұрақтан тұратын, жауаптар нұсқалары берілмеген 3 тақырып ұсынылады. Әр сұрақтың күрделіленуіне қарай өсу ретімен орналасқан ұпайлары болады (20, 30, 40, 50-ұпайлары). Сұрақты 1 айналымда бірінші орында келе жатқан ойыншы тандайды. Егер ол сұраққа жауап бере алмаса, оған қарсылас ойыншылар жауап бере алады. Айналым қорытындысында жартылай финалға 3 ойыншы өтеді.


3-айналым «ДОДА»

Ойыншыларға 16 сұрақ ұсынылады. Сұрақтарға үшінші айналымның жеңімпазы жауап береді, содан кейін екінші орындағы ойыншы, соңында – үшінші. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Олар 1 минут уақыт беріледі. Сол уақытта олар мейлінше көп сұраққа жауап беріп үлгерулері керек. Ойын соңында 1 жеңімпаз анықталады.




 

 

Ексерту: егер екі немесе үш ойыншы бірдей ұпай жинаса, оларға қосымша тапсырмалар беріледі.


 


5) Қосымша айналым «Чемпион»

Әр ойыншыға бір парақ қағаз бен қаламсап беріледі. 1 минут уақыт беріледі. Содан кейін ойыншылар өз жұмыстарын қазыларға тапсырады.


 








 Жүргізуші: 

-Қайырлы күн! Құрметті оқушылар мен қонақтар!


 Жүргізуші: 

-Бүгінгі ойнымызға қатысушыларды таныстырып өтейін.

5 «а» – сынып оқушысы –

5«а» - сынып оқушысы -

5«а» - сынып оқушысы –

6«а» – сынып оқушысы –

6«а» - сынып оқушысы -

6«а» - сынып оқушысы –

7«а» – сынып оқушысы –

7«а» - сынып оқушысы -

7«а» - сынып оқушысы –


Жүргізуші: 

  • Қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар:

  1. Абенова Назым Кайнаровна

  2. Айткумарова Аяулым Айткумаркызы

  3. Касенов Қанат



 Жүргізуші:  Ойынның айналымдары балдық жүйеде бағаланады.


Жүргізуші:

Ал, енді ойынымызды бастайық. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Бірінші айналым «БӘЙГЕ». Интербелсенді тақтада 3 жауабы бар 12 сұрақ берілген. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі. Әр сұраққа ойлануға 5 секунд уақыт беріледі.

 Жүргізуші:

Кезекпен сендерге сұрақ қоямын, егер 5 сек ішінде жауап бере алмасаңдар мен «қарсыластар» деген кезде тек 2 қатысушы жауап бере алады.


 1-айналым «БӘЙГЕ»

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздігін алды?

А. 1992 жыл, 16 желтоқсан

Ә. 1990жыл,16 желтоқсан

Б. 1991 жыл, 16 желтоқсан

 

2) Әліппидегі алтыншы әріп қандай?

А. Ә

Ә. Ғ

Б. Г

 

3. Гимннің екінші шумағы қалай басталады?

А. Ұрпаққа жол ашқан

Ә. Алтын күн аспаны

Б. Менің елім,менің елім,

 

4. Фараб қаласында дүниеге келген шығыстың ғұлама ғалымы

А.  Әл Фараби

Ә. Қожа Ахмет Яссауи

Б. Абай

 

 

 

 

5. Мамамның мамасы маған кім болады? 

А. тәте

Ә. әже

Б. әпке

 

6. Мемлекеттік тудың авторы?

А. Н.Шәкенов

Ә. Ш.Ниязбеков

Б. Ж.Нәжмеденов

 

7. Қазақ тілінде неше әріп бар?

А. 43

Ә. 41

Б. 42


8. 22 қыркүйек қандай күн?

А. Республика күні

Ә. Тілдер күні

Б. Астана күні


9. Шота – Аман Уәлиханов еліміздің қай рәмізінің авторы?

А. Гимн

Ә. Ту

Б.Елтаңба


10.Жамбылдың ұстазы?

А. Жапа

Ә. Сүйінбай

Б. Шоқан


11.2016 жылы еліміз қандай мерейтойды атап өтті?

А. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Ә. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы

Б. Астананың 20 жылдығы


12. Тұңғыш Президент күні?

А. 6 шілде

Ә. 1 желтоқсан

Б. 31 тамыз


Жүргізуші:

-Осы ойынның шарты бойынша ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады.


 Жүргізуші:

- Құрметті әділқазылар! 1-ші айналымының нәтижесін жариялауыңызды сұраймын. Ойыннан шығатын екі оқушы кім?

 Жүргізуші: 

-Өкінішке орай, сіздер келесі айналымға өтпейсіздер. Сіздерге жақсылық тілеймін. Ал, енді келесі 2-ші айналым « Жорғаға» өтеміз. Бұл айналымның да шарты бойынша 2 оқушы кем ұпай жинаса ойыннан шығады. Сіздердің назарларыңызға 4 сұрақтан тұратын  қазақ тілі, мақал-мәтелдер, қазақ әдебиеті салаларына қатысты әртүрлі тапсырмалар беріледі. Әр ойыншы кез келген саланы таңдай алады. Әркімге екі рет таңдауға рұқсат беріледі.

 

 2-ші айналым «ЖОРҒА»

 Қазақ тілі:

10 ұпай;

Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым? «фонетика»

20 ұпай;

Жалғаулар неше түрге бөлінеді?Атап бер. (4 – жіктік,тәуелдік,септік,көптік)

30 ұпай;

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы? «етістік»

40 ұпай;

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемнің түрі қалай аталады? «құрмалас»


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР:

10 ұпай;

Күш - білімде, білім - . . . «кітапта»

20 ұпай;

Денсаулық — . . . «зор байлық»

30 ұпай;

Көз – қорқақ, қол – . . . «батыр».

40 ұпай;

Жақсы туса – елдің ырысы,
Жаңбыр жауса–...«жердің ырысы»

Қазақ әдебиеті:

10 ұпай

«Жаз», «Қыс», «Жазғытұрым», « Күз» кімнің шығармасы (Абай Құнанбаев) 

20 ұпай;

Халық ауыз әдебиетіне не жатады? (мақал-мәтелдер,ертегі,жыр,эпостар,тұрмыс-салт жырлары)

30 ұпай;

Абылай ханның шөбересі? (Шоқан Уәлиханов)

40 ұпай;

1876 жылы Орынборда басылып шыққан кітабы? «Киргизкая хрестоматия» 

Жүргізуші:

Міне екінші айналым да аяқталды. Сөз кезегін қазыларға берейік. Біз осы ойыншыларымен қоштасамыз, оларға ойынға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 Жүргізуші: 

3- ші айналым «Дода». Әр ойыншы 1 минутта сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Қазылардың мұқият болуын сұраймыз.

 3- айналым «ДОДА»

 1-ші ОЙЫНШЫ:

Күздің алғашқы айы? (қыркүйек?)

Ұлттық валюта күні?

Қазақстан туының түсі? (көк)

Әкемнің әкесі? (ата)

1845-1904 жылдары өмір сүрген кім? (Абай)

Биыл Астанамыз нешеге толмақ? (20)

Қазақтың төл дыбыстарын ата? (ә,і,ң,ұ,ү,қ,ө,һ,ы,ғ,)

Қазақтың ғарышқа тұңғыш ұшқан адам (Т.Әубәкіров)

Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр 1998 жыл)

Қазақстанның ең ірі қаласы (Алматы)

Тұңғыш Президенттің күні (1 желтоқсан)

Ғылым патшасы (математика)

Қорқыт жасап шығарған аспабы? (қобыз)

«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы? (М.Әуезов)

«Кел балалар оқылық» авторы (Ы.Алтынсарин)

 2-ші ОЙЫНШЫ:

Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды? (1991)

Қазақстанда неше облыс бар? (14)

Жамбыл Жабаев неше жасында айтысқа қатыса бастады? «17 жасында)

Ежелгі түрік жазуы? (руна)

Қыстың соңғы айы? (ақпан)

Шоқанның шын аты? (Мұхамедханафия)

«Бақша ағаштары», «Мейірімді бала» кімнің шығармасы ? (Ыбырай Алтынсариннің)

Жамбыл неншінші жылы қайтыс болды? (1945)

30 жасында қайтқан қандай ірі тұлға? (Шоқан)

Биыл Мағжан Жұмабаевтың неше жылдығын тойлаймыз? (125)

Шоқан кімнің шөбересі? (Абылайхан)

Абайдың анасы? (Зере)

Қазақстан Республикасының рәміздері? (ту,елтаңба,гимн)

Анамның ұлы маған кім? (аға)

6 шілде қандай күн? (Астана күні)

«Медеу» мұзайдыны қай қалада орналасқан? (Алматы)

 

Жүргізуші: Міне, соңғы 3-ші айналым өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін әділқазы ларға берейік.

 

Жүргізуші: Жеңімпаздарды құтықтаймыз!

 


«№ 1 ТҮЗЕУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ » КММ













Сабақтың тақырыбы:


« БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ,

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»


(Интеллектуалды ойын)






770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!