« Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: « Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы» Мақсаты:  Білім алушыларға темекінің зиянды жақтарын түсіндіру  Салауатты өмір салтын насихаттау  Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету Көрнекіліктері: интерактивті тақта,бейне материалдар нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер Сабақтың барысы Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!» (білім алушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру) Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін! Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін! Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін! Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін! Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін! Мұғалім: Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Денсаулық және мен: Темекінің зияндылығы»


Мақсаты:

  • Білім алушыларға темекінің зиянды жақтарын түсіндіру

  • Салауатты өмір салтын насихаттау

  • Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету

Көрнекіліктері: интерактивті тақта,бейне материалдар нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер



Сабақтың барысы



Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!»
(білім алушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!

Мұғалім: Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі топ сағатында біз темекінің

шығу тарихына және адам ағзасына зиянды жақтарына тоқталамыз.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы, 15 қарашада Х.Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп жатқан шоқтар” туралы және олардың адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде. Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х.Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді. Шылым құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызыуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдарымен, асқазан қабығының нәзік жасушыларын күйдіреді.

слайд 1



1. Темекінің құрамы қандай ?

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу – зиян әдет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

слайд 2

Темекі түтініндегі зиянды заттар

Темекі түтінінде никотин иіс газыкөгерткіш қышқыламмиакформальдегид, т.б. зиянды заттар көп. Пәле (рак) ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады. Олардан басқа өкпенің созылмалы қабынутуберкулезтыныс демікпесі  ауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.

Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тарааған ауру- стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктіге әкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы- ұстамалы ақсастық (эндартериит). Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы. [3]











Денсаулыққа дұрыс әсер тигізетін факторлар

1. Дұрыс тамақтану

2. Қоршаған ортаны таза ұстау

3. Спорт түрлерімен айналасу

4. Денсулықты сақтау

5. Жеке басының тазалығын сақтау

6. Зиянды заттарды қолданбау


Денсаулыққа қазақтың ұлттық тағамдарының пайдасы


 Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар  адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды  жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген.  Сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май,  шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды дайындаған.  Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары, оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм сүт ағзаға 60-қа жуық килокалория береді екен. Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады. Айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Әсіресе, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
Қазақтың ұлттық сусындарының (айран, қымыз, сүт, шұбат) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сауадамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын Втобындағы В(1), В(2), В(3), оныңішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға,дифтерия бактерияларына тосқауыл қояды. «Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қоспаса керек. Ал Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.

Шұбат
Қазақ түйе малын да ерекше қастерлеген ғой. Сондықтан да түйе сүтінің емдік қасиеттері бағзы заманнан бері белгілі. Шұбатты бабаларымыз өкпе, асқазан ауруларымен қатар түрлі созылмалы дерттерге, жалпы ағза әлсірегенде, әрі уланғанда емдік қасиеті жоғары мал өнімі ретінде пайдаланған. Ең алдымен шұбаттың емдік қасиетіне тоқталатын болсақ, бір литр шұбат адам ағзасын тәуліктік қажет ететін дәрумендермен және басқа микроэлементтермен толық қамтамасыз ете алады. Шұбатта табиғи иммундық қасиеті адам денсаулығына пайдалы түйіршік белоктар бар. Отандық және батыс ғалымдарының мәліметтері бойынша, алты ай бойы күнделікті астан 30 минут бұрын бір литр шұбат ішкен жағдайда оның ісік, тыныс алу, ас қорыту жолдары және жүрек-қан тамыры сияқты ауруларды емдеуге ықпал жасайтындығы тұжырымдалған. Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлылығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2,3-2,9% болса, шұбаттағы ақуыз 2,91-4,93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1,3-2,5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8-9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0,13 -0,21%) мен фосфор (0,05-0,072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1,07-1,78%)гөрі қымыз (3,6-7,3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері де жетерлік.

Қорытынды

Темекі шегу – адам денсаулығына зор зиян келтіретін ең қауіпті әдеттердің бірі. Ол тыныс алу, жүрек-қан тамыр, ас қорыту және иммундық жүйелерге ауыр зардап әкеліп, түрлі созылмалы аурулар мен обырдың дамуына себеп болады. Сонымен қатар, темекі адамның сыртқы келбетіне, өмір сапасына және ұзақтығына да кері әсер етеді. Сондықтан, темекіден бас тарту – өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың саулығын қорғаудың ең тиімді жолы. Салауатты өмір салтын ұстану арқылы өміріңізді ұзақ әрі сапалы етуге болады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі