жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
: «Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісі»
Сабақ жоспары
Пәні: Дене тәрбиесі
Сыныбы: 7 сынып
Өтетін жері: Спорт зал
Сабақ тақырыбы : «Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісі»
Сабақтың Мақсаты:
Білімділік: «Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісін» үйрету
Дамытушылық: Үйренген дағдыларды пайдаланып волейбол ойын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа
тәрбиелеу спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік құралдар: Волейбол доптары, волейбол сеткасы,жалауша ,
ысқырық, уақыт өлшеу
Р/с |
сабақтың мазмұны |
уақыты |
әдістемелік нұсқаулар
|
1 |
Дайындық бөлім: |
10-15' |
|
|
Оқушылардың сапқа тұрғызу, мәлімдеме алу, сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығулар орындату, «оңға,солға,айнала бұру». Бір саптан, екі сап құру, қайта тұру,саппен жүру,аяңдап жүру,өкшемен жүру т.б орташа екпінмен жүгірту.
|
1-2 |
Оқушының рапортын қабылдау,сабақ киімдерін тексеріп,берілген бұйрықтардың орындалуын қадағалау. Арақашықтықты сақтау. |
|
«Жан- жақты жетілдіру» жаттығулар Негізгі тұрыс: Қолды белге таянып басты 4 кезек солға, 4 кезек оңға айналдыру. |
5-6 рет |
Аяқты иықпен бірдей ашып тұрамыз жаттығу орындап жатқанда көзді жұмбау керек. |
|
Екі қолды екі иыққа қойып 1-2 санмен алға,3-4 санымен кері айналдыру |
5-6 рет |
Екі шынтақты жоғары көтеріп жауырының қозғалуын қадағалау |
|
Оң қолды жоғары көтеріп сол қол төменде 1-2 санымен артқа сермеу,3-4 санымен қолды ауыстыру. |
5-6 рет |
Қолды бүкпей тік ұстаймыз. |
|
Б.қ Қол желкеде 1-2 кеудені оңға бұру, 3-4 те кеудені солға бұру |
6-8 рет |
Басты жоғары көтеріп,денені түзу ұстау |
|
Жұппен орындалатын жаттығулар Б.қ Екі жұп бір-бірінің артына тұрып,бір-бірінің қолдарынан ұстайды.1-2 санға оңға иілу, 3-4 санға сол жаққа иілу. Жалпы дамыту жаттығулары 1 санында Екі қолды жоғары көтере шалқаю, 2 санында екі қолды еденге жеткізе еңкею,3 санында екі қолды алдыға соза отыру. 4 санында бастапқы қалыпқа келу.
|
5-6 рет
3-4 рет |
Аяқты кең қойып,тіземіз бүгілмейді.
Екі қолды еденге жеткізгенде тізе бүгілмеу керек. |
|
Секіру жаттығулары 1 санында секіріп аяқты алшақ қойып,алақан соғу.2 санында бастапқы қалыпқа келу,жаттығуды қайталау.
|
3-4 рет |
Аяқ бүгілмейді, жаттығуды қатесіз орындау. |
2
|
Негізгі бөлім Жаңа сабақ тақырыбымен мақсатымен таныстыру.
|
20-25' |
Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. |
|
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту 1-жаттығу. Бір-біріне бетпе-бет қарап 5-6 метр арақашықтықта тұрып допты жоғары лақтырып,қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру. 2-жаттығу.Бір оқушы допты жоғары көтеріп,қарама –қарсы құрбысына береді.Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап,қайта береді. Арақашықтық 4-6 м. 3-жаттығу. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап,ұстай қайта еденмен береді. |
8-10р
8-10р |
Допты жоғарыдан қабылдаған кезде ойыншының қолдары допты маңдай тұсынан қабылдап қайтарады.
Допты қарсыласының қолына дәл беру.
Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру |
|
Допты төменнен қабылдауды меңгерту 1-жаттығу. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. 2-жаттығу.Бір оқушы құрбысының қолына береді,ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. 3-жаттығу. Арақашықтық 6-8 м. Оқушылар қарама-қарсы тұрып, 1-нөмерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап,2-нөмерлі оқушылар допты төменнен қабылдау Допты жоғарыдан соғып ойынға қосуды меңгерту. 1-жаттығу.Оқушыларды бір қатар сапқа тұрғызып,оларды допты жоғарыдан соғып,ойынға қосуды үйрету. 2-жаттығу.Ережемен волейбол ойнау.
|
10' |
Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға. Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
Допты жоғарыдан соққан кезде денені түзу ұстау. |
3 |
Қорытынды. -Оқушыларды спорт залда жәй жүгірту, сапқа тұрғызу. -Өткен сабаққа қорытынды жасау. -Оқушыларды бағалау. -Үйге тапсырма беру. Үйде доппен жаттығулар жасау. -Оқушылармен қоштасып спорт залдан шығару.
|
5'
|
Жаттығуды жақсы орындаған оқушыларды мақтау. Сапта тыныштық сақтап тұру. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген