Материалдар / « Достық кеші » спорттық ойындары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Достық кеші » спорттық ойындары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға денсаулықтың қадірін,бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы; « Достық кеші » спорттық ойындары.

Мақсаты; Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке,сенімділікке,қайсарлыққа,батылдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1.Ойын кезінде әділдікке,жолдастық сезімге,ойында жетілдіруге тәрбиелеу.

2 Балаларға денсаулықтың қадірін,бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар; Доп,арқан,кедергілер,секірме жіп,тағы басқа заттар.

Барысы:

1 Кіріспе сөз

2 Спортық жарыс

3Қортынды сөз.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі « Достық кеші» жарысымызға қош келіпсіздер!Сайыстың негізгі мақсаты-жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ,денінің сау болып,келешекте өз елінің,қоғамның салауатты,өркенеттті,білімді азамат етіп қалыптастыру.Осы мақсатта біз бүгін даярлық топтың оқушылар арасында жарыс өткізілгелі отырмыз.

Жүргізуші.

Ал, құрметте халайық,

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасын сайлап,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап,таныстырып өту.

1 Кентау оқушылар үйінің директорының орынбасары А Мұсан.

2 Кентау оқушылар үйінің әдіскері А Байменова.

Бағалау жүйесі 5,4,3 балдармен бағалау.

Жүргізуші

Жарысқа қатысып,бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу,содан кейін 2-топ алдарыңызда өнер көрсетпекші.

1 топ Сұңқар.

2-топ Қыран.

Ал енді сайысымыздың шартарымен танысайық.

Сайыс шартары;

1.«Допты ойын »

2. « Ептілікті байқау»

3. « Кедергілерден өту»

4. « Арқан тарту»

5.«Қаппен секіру»

Жүргізуші

Денсаулық-шексіз бақыт,

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа.о

Өмірде бақыттысың денің сауда,

« Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда,-деп,келесі ойнымызға көшейік.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің талай бақыттарға.

1.«Допты ойын»

Шарты; бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді,қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанылады.

Бір,екі,үш дайындал алға!

« Ептілікті байқау»тенис шаригін қасыққа салып,кедергіні айналып қайта орнына келіп келесі оқушыға беру.

3. « Кедергілерден өту»

Ойынның шарты;

Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып көлден өтіп,үңгірден шығып, қисық жолдан өтеді. Осылайша екінші ойыншы ойынды жалғастырады.

4. « Арқан тарту»

Шарты; екі топтың оқушылары ортаға шығып,белгілеген жерден теңдей оқушы бөлініп, арқанды тартады.

5. « Қаппен секіру.»

Шарты; Сұңқар мен Қыран тобының балалары екіге бөлініп,межелеген жерге кезек-кезек қапты аяқтарына кейіп,қос аяқпен секіріп барады.

Жүргізуші.

Өнерге бейік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде ( марапаттау)

Жүргізуші

Құрметті оқушылар,жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі спорттық кездесуіміз өз мәресіне жетті.Рақмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!