Материалдар / • Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

• Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары.Конспект
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
1421
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

08.04.2021ж.8-сынып

  • Сабақ тақырыбы : Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • шаруашылықтағы өңдеуші және өндіруші салалар.

Сенің меңгеретінің:

  • шаруашылықтағы өндіруші және өңдеуші шаруашылық салаларды жіктеу.

Сабақтың мазмұны

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсетуші кешендері көптеген саланы қамтиды. Металлургия, энергетика, машина жасау, химия өнеркәсібі және тұтыну заттары мен өндірістік, өндірістік емес қызмет көрсету салалары бірлесе отырып шаруашылықты құрайды.

  • Металлургия өнеркәсіпті қажет шикізаттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өзіне қызмет көрсетуші салалармен қатар дамиды. Таралуы әлемде түрліше. Мысалы, Аустралия мен Гвинеяда – алюминий, АҚШ пен Ресейде тазартылған мыс, ал Чили мен Канадада тазартылмаған мыс концентраттарын өндіреді. Өндіріс салаларының орналасуы әртүрлі. Темір өндірісі көмірі көп (кокстелетін), алюминий өндірісі электр энергиясы арзан аудандарға орналасса, болат өндірісі негізінен экономикасы, технологиясы дамыған елдерде орналасады.

  • Энергетика шаруашылықтың басты қозғаушы күші. Өндіріс дамыған сайын қажеттілік те арта түседі. Соның ішінде жаңа баламалы көздердің үлесін арттыру өзекті мәлесе. Сондықтан да Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» болды.

  • 1-кесте. Электрэнергияның түрлері мен олардың қолданылуы

  • Машина жасау кешенінің шаруашылықта маңызы жоғары. Атап айтқанда еңбек өнімділігін арттырады, экономиканың алға басуын қамтамасыз етеді, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді арттырады. Машиналар – адамға түсетін жүктемені азайту үшін немесе оны толықтай алмастыру үшін белгілі бір жұмысты орындайтын техникалар. Машина жасау кешені өнімдерінің қолданылуына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалы, құрылыс саласы – шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бульдозерлер, ауыл шаруашылық – тракторлар, комбайндар жер жырту, тұқым себу техникалары, көлік – ауыр жүк тасымалдаушы көліктер, жеңіл автомобильдер және т.б.

  • Химия өнеркәсібі шаруашылықтың барлық саласын химиялық технологиялармен және материалдармен қамтамасыз етеді. Салалары мен өнімдері: кен химиясы – гипс, әктас, негізгі химия – минералдық тыңайтқыштар, полимерлерді өңдеу – шина, пластмасса өнімдері және фармацевтика – дәрі жасайды. Химияның шығаратын өнімдері – минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер және сода жатады. Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерге этилен, полиэтилен, пластмасса, химиялық талшықтар мен синтетикалық каучук жатады.

  • 1-сурет

  • Өндірістік қызмет өндіріске және халыққа қызмет болып бөлінеді. Жүк көлігі, материалдық-техникалық жабдықтау өндірістік болса, сауда, қоғамдық тамақтану орындары халықтық түрге жатады. Ал көлік, байланыс, ақпарат қызметтері екі салаға да қызмет ете береді. Өндірістік емес қызметтің негізгі топтары: жеке, тұрмысты жақсартуға қатысты, рухани қажеттіліктерді дамытуға қатысты, ғылыми және әлеуметтік қызметтер.

  • Тұтыну заттары өндірісінің салаларына үйде тұтыну мақсатында шығарылған, өндірістік және өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіпте тікелей тұтынуға арналған заттар болып бөлінеді.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Жауабын жасыру

Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбын анықта.

Өнеркәсіптің өркендеуі

Болашақтың энергиясы

Өркениеттің дамуы

Әлемнің болашағы

Білгенің жөн!

Қазіргі таңда дүниежүзі елдері балама энергия көздерін дамыта бастады. Оған күн, жел, судың көтерілуі мен қайтуы, Жер қойнауының жылуы және тағы басқалар жатады.

Түсіндіру

Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болды.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Жауабын жасыру

Судың құлау күші мен өзен бойларына салынатын электр станциясының түрін анықта.

АЭС

ЖЭС

СЭС

Күн ЭС

Білгенің жөн!

Әлемдік электр энергетикасының 18%-ы су электр станцияларына тиесілі. Ірі СЭС-тер Янцызы, Хуанхэ, Объ, Енисей, Колумбия, Теннеси және т.б. өзендер бойында орналасқан.

Түсіндіру

Судың құлау күші негізінде өзен бойларына орналасатын электр станциясының түрі – СЭС.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Жауабын жасыру

Энергетика жүйесінде экологиялық тұрғыдан ең таза, ең қауіпті, әлемдік энергетиканың 17%-ын беретін энергия көзін анықта.

СЭС

АЭС

КЭС

ЖЭС

Білгенің жөн!

1 кг уран 2500 тонна көмірдің жылуын бере алады. Тасымалдауда ең арзан шикізат көзі. Қазіргі таңда атом электр станцияларында қолданылады. Өзіне қоршаған ортаға ешқандай зиянды қалдықтар шығармайды, тек су буы ғана бөлініп шығады. Бірақ апатты жағдай орын алған жағдайда қоршаған орта үшін өте қауіпті.

Түсіндіру

Энергетика жүйесінде экологиялық тұрғыдан ең таза, ең қауіпті, әлемдік энергетиканың 17%-ын беретін энергия көзі – АЭС.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Жауабын жасыру

Энергетика кешенінің негізгі салаларын анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

СЭС

АЭС

КүнЭС

теңіз ағысы энергетикасы

ТолысуЭС

ЖЭС

гейзер энергетикасы

ЖелЭС

Білгенің жөн!

Электр энергетика салаларының баламалы көздеріне КүнЭС, ЖелЭС, Толысу электр станциялары мен өзге де электр көздерін беретін салалар кіреді.

Түсіндіру

Энергетика кешенінің негізі салаларына ЖЭС, СЭС және АЭС кіреді.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Жауабын жасыру

Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерді анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

күкірт қышқылы

медициналық дәрі-дәрмектер

азот тыңайтқыштары

фосфатты тыңайтқыштар

этилен, полиэтилен

пластмасса мен полипропилен

химиялық талшықтар мен синтетикалық каучук

азот қышқылы мен сілтілер

Білгенің жөн!

Полимерлер химиясының негізгі ерекшелігі – пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастырады.

Түсіндіру

Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерге этилен, полиэтилен, пластмасса, химиялық талшықтар мен синтетикалық каучик жата


































09.04.2021ж 8-сынып

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісі қызмет салалары.

Сенің меңгеретінің:

  • ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттау.

Сабақтың мазмұны

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын ферма, ал субтропиктік аудандардағы өсімдік шаруашылығының фермалары плантация деп аталады. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында ауылшаруашылық фермалары сипатына қарай түрліше аталады. Мысалы, Аустралиядағы қой шаруашылығы фермалары шипстейшнз, Бразилиядағы кез келген ірі ауылшаруашылық фермалары фазенда, Солтүстік Америдағы малшаруашылық фермалары ранчо, Қытайдағы балықты қолдан өсіру шаруашылығы мариферма деп аталады.

  • Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың «фабрика» және «зауыт» деген атаулары бар. Бұлар қызмет көрсету кәсіпорындарына жатады. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының ерекшеліктері түрліше болып келеді. Көбіне кішігірім аумақты алады, сонымен қатар цехтық және цехсыз болып бөлінеді. Цехтық құрылымдағы қызмет көрсету кешені үлкен болады, мысалы банктер, байланыс желілері. Цехсыз құрылымдағы кәсіпорындарда тек жұмысшылар болады, мысалы, шаштараздар.

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мамандану, кооперативтендіру, құрамдастыру жатады. Мамандану кәсіпорында немесе оның әрбір бөлімшесінде болуы мүмкін. Кәсіпорынның, кәсіпорын цехының бір ғана операция түрін орындауға немесе бір ғана салаға қызмет көрсетуі оның сол салаға мамандануын білдіреді. Бұл салада маңызды бірнеше термин жиі қолданылады. Мысалы, кооперация – дайын өнім шығаруға бірнеше кәсіпорынның қатысуы, өндірісті шоғырландыру – өнім шығаруда ірі кәсіпорындарға бірігу, интенсивті даму – сапаға басымдық беретін өндірістік даму және т.б. Өндірісті тиімді ұйымдастыру шығарылған өнімнің тиімділігін арттырады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен қосымша құнының жоғары болуы және өнімнің өзіндік құнының төмен болуы қалыптасады. Өнеркәсіп түрлерін орналастыру барысында ең басты ескерілетін факторлар болады. Мысалы, нан пісіру – тұтынушыға, цемент – шикізатқа, машина жасау – еңбек күшіне жақын орналасады.

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі қамту салаларына өндіріс құралдарын жеткізу, өнімдерді өндіретін өсімдік және мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, тасымалдау салалары жатады. Еліміздегі өсімдік шаруашылығының салаларына егін, бақша және жүзім өсіру шаруашылықтары кіреді. Еліміздің өсімдік шаруашылығының географиялық таралуы түрліше. Бидай Қостанай, Ақмола, СҚО-да, күнбағыс Павлодар мен ШҚО-да, ал қант қызылшасы Алматы мен Жамбыл облыстарында таралған. Еліміз өңірлерінде мал шаруашылығын ұйымдастыруда климаттық жағдайлар ескеріледі. Мысалы, ыстық, шөлді, шөлейтті зоналарда түйе, астықты және картопты аудандарда шошқа, ірі қалалар маңында құс өсіру шаруашылықтары дамыған.

  • Еліміздегі көлік кешені өндіріске, экономикаға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету ерекшеліктері түрліше. Мысалы, есіктен-есікке дейінгі көлік түрі – автокөлік, газ және сұйық заттарды құбыр, ең қымбат және жылдам көлік түріне әуе көлігі кіреді. Ал халыққа тікелей қызмет көрсететін салаға рекреациялық қорлар жатады. Халықтың демалысын ұйымдастырудағы рекрекцияға қажет жағдайларға өркениетті демалыс, рекреациялық ресурс пен рекреациялық шаруашылық кіреді.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын қалай аталады?

  • фабрика

  • ферма

  • зауыт

  • мекеме

  • Білгенің жөн!

  • Ереже бойынша бұл кәсіпорын бір меншік иесіне тиесілі болады. Жер бетінің түрлі бөліктерінде мамандануына байланысты осындай кәсіпорындардың түрлі атауларға ие болады.

  • Түсіндіру

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын ферма деп аталады.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорынды анықта.

  • комбинат

  • ЖШС

  • зауыт

  • компания

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықта.

  • Дұрыс жауап саны: 3

  • экстенсивті даму

  • кооперативтендіру

  • жекешелендіру

  • аймақтандыру

  • құрамдастыру

  • интенсивті даму

  • әртараптандыру

  • мамандану

  • Білгенің жөн!

  • Өндірісті ұйымдастыру – қолда бар ресурстарды, жағдай мен түрткіжайттарды есепке ала отырып, нақты бір жерде және белгілі уақыт ішінде өнім шығаруға бағытталған еңбек түрі мен тәртібі.

  • Түсіндіру

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мамандану, кооперативтендіру, құрамдастыру жатады.

  • Артқа

  • Алға

  • Бұл кәсіпорындарда ет өнімдерін, сонымен қатар тұрмысқа қажет түрлі бұйымдар, мата-мақта шығарылады.

  • Түсіндіру

  • Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атауларын анықта.

  • Дұрыс жауап саны: 2

  • компания

  • фабрика

  • мекеме

  • зауыт

  • цех

  • Білгенің жөн!

  • Өнеркәсіптік кәсіпорынның атауының бірі жеңіл және өндіруші өнеркәсіпте (мақта-мата фабрикасы, кен байыту фабрикасы) қолданылады.

  • Түсіндіру

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың «фабрика» және «зауыт» деген атаулары бар.














8-сынып. 15.04.2021ж

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, қызметтердің орналасу факторлары.

Сенің меңгеретінің:

  • қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісінің, қызмет саласын орналастыру факторларын талдау.

Сабақтың мазмұны

  • Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

Әлемде өндіріс салалары үшін ерекше шарттар немесе себептер ескеріледі. Экономика салаларын қалыптастыру кезінде ескеру қажет жағдайларды фактор деп атайды. Шарттар табиғи, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, техникалық-экономикалық, нарықтық және инфрақұрылымдық сипатта болуы мүмкін. Өндірісті орналастырудың табиғи жағдайларына табиғи ресурстардың сандық және сапалық құрамы, климаттық, рельефті түрлері жатады. Олар тау-кен, металлургия, отын өндірісінде, яғни өндірісте табиғи компоненттерді қажет ететін салаларда қолданылады. Дәл осы табиғи компоненттердің арқасында алғашқы шаруашылық түрлері пайда болған. Мысалы, пайдалы қазбалардың немесе құнарлы топырақтың қорына бай ел металлургия өндірісін немесе ауыл шаруашылығын дамытты. Әлеуметтік-экономикалық факторларға халықтың сапалық және сандық сипаттамаларымен байланысты факторлар жатады. Техникалық-экономикалық факторлар өнімді өндіру мен оны сатуға кететін шығындарды анықтайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!