Материалдар / " Елімнің өркендегеніне қуанамын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Елімнің өркендегеніне қуанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел Тәуелсіздігі баға жетпес құндылық екенін білеміз. Еркіндік, елдік ұғымдар жүрекке жайлы тиіп, көңілді қандай қуанышты әсерге бөлейді, десеңізші! Осы қолымыз жеткен Тәуелсіз күнді бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы аңсап күткені шындық. Олар ат үстінде ғұмыр кешіп, елі мен жерін қорғағанда келешек ұрпақтардың жақсы өмірін, елдің еркіндігін ойлағаны анық. Сол еркіндік қазір салнанат құрып тұр. Сондықтан, менің замандастарым және бүгінгі жас ұрпақ өте бақытты деп ойлаймын. «Мен қазақпын, ғажаппын, байтақ елмін, қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мәңгілікке тірілдім қайта өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім» деп Жұбан Молдағалиев жырлағнадай, еркін күнім жанымды жадыратады. Қайран, Жұбан ақын елінің осындай азат, жақсы күнге жетерін сезді ме екен?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
225
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік -30

Елімнің өркендегеніне қуанамын

Ел Тәуелсіздігі баға жетпес құндылық екенін білеміз. Еркіндік, елдік ұғымдар жүрекке жайлы тиіп, көңілді қандай қуанышты әсерге бөлейді, десеңізші! Осы қолымыз жеткен Тәуелсіз күнді бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы аңсап күткені шындық. Олар ат үстінде ғұмыр кешіп, елі мен жерін қорғағанда келешек ұрпақтардың жақсы өмірін, елдің еркіндігін ойлағаны анық. Сол еркіндік қазір салнанат құрып тұр. Сондықтан, менің замандастарым және бүгінгі жас ұрпақ өте бақытты деп ойлаймын. «Мен қазақпын, ғажаппын, байтақ елмін, қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мәңгілікке тірілдім қайта өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім» деп Жұбан Молдағалиев жырлағнадай, еркін күнім жанымды жадыратады. Қайран, Жұбан ақын елінің осындай азат, жақсы күнге жетерін сезді ме екен?

Мен еліміз Тәуелсіздік алған жылы 11 сыныпта оқып жүрген едім. Сол кездегі қуанышымды, әсерлі көңіл күйімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Өз Отаның болғаны, өз Отаныңның еркін болғаны ғажайып нәрсе, құн жетпес байлық қой. Біз оны оқушы күнімізден сезініп, көңілге түйдік. Содан бері мүмкін болғанша төңірегімізге өз әсерімізді айтып, жастардың отаншыл болып өсуіне күш жұмсап келеміз. Себебі, біздің Қазақстан Республикасынан басқа отанымыз жоқ. Өз елімізбен, жерімізбен, ұлан байтақ төрімізбен мақтанамыз.

Тәуелсіздік ұғымы айтылғанда оны Ұлт Көшбасышысынан, Елбасынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елімізді қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз. Кейде осы тыныш елде, бейбіт аспанда отырып, кейбір таяз ойлы кісілер: «Отыз жыл босқа өтті. Не өзгерді?» деп кері тартпа сөз айтып жатады. Мен ондай пікірмен келіспеймін. Тәуелсіздігіміздің берген жақсылығы көп, отыз жылдың берген жемісі өте қомақты. Өзіңіз ойлаңызшы, Қазақстан осыдан отыз жыл бұрын қандай еді, қазір қандай? Ол кезде біздің республиканы әлемнің санаулы елдері ғана танитын. Онда да әрең –әрең. Ал бұл күнде Тәуелсіз Қазақстан төрткүл дүниені тегіс мойындатты. Әлемнің жүзден астам елдері бізбен тығыз байланыста. Елімізді танып ғана қоймай, өзара экономикалық байланыстарды тығайтуда. Еліміздің Астанасында қаншама әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өтті десеңізші. Мәселен, «ЭКСПО-2017» көрмесін ТМД елдері бойынша біз ғана өткізді. Қаншама Самиттер өтті. Оның барлығы мемлекеттіміздің абыройы, сол мемлекетті 30 жыл басқарған Елбасының беделі деп білемін. Қайта біздің маңдайымызға осындай іскер, майталман, беделді, көреген Президентті нәсіп еткені үшін Аллаға шүкірішілік еткеніміз дұрыс болар.

Қазіргі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бұрынғы ізгі сара жолды жалғап жатыр. Мәселен, ең төменгі жалақының 42,5 мыңнан 60 мың теңгеге жоғарылауы – елге деген өте жанашырлық дер едім. Педагогтар мен дәрігерлердің, мемлекеттік қызметшілердің, қорғаныс саласының жалақылары жақсы деңгейде өсуде. Болашаққта одан да жоғарылай береді деген болжам бар. Бұл жағдай барша елімізді, білім саласының қызметкерлерін өте қуантады. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы, еркін күннің жемісі деп есептеймін.

Сондықтан, мен Тәуелсіз елімменен мақтанамын. Өркендеген елім үшін қуанып, оның болашағына сенемін. Өзім де төрт перзентке ана болып, олардың еркін елдің жарқын болашағы болуын қадағалап, тәрбиемді беріп келемін. Өзім де Тәуелсіз елдің дамуына тамшыдай үлесімді қосып, еңбегімді абыройлы атқара бермекпін.

Бағдат Рүстемова,

Жамбыл облысы

Қаратау қаласы

«Үміт» мектеп-инnернатының тәрбиешісі

***

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!