Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Жана жыл – Жаңа нұр! »

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмек болсын деп
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Жана жыл – Жаңа нұр! »


(Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.)


Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, мен балалар! Келе жатқан Доңыз жылы мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Ән: «Тамаша, тамаша»
(Шыршаның астында ақ матаның астында қоян жасырынып отырады.)

Жүргізуші: Балалар мұнда біреу бар сияқты? Матаны ашып қараса қоян шыға келеді.

Қоян: Кешіріңдер мерекелеріңді бұзсам бірақ менде сендермен бірге тойлағым келеді.

Жүргізуші: Балалар қоянда бізбен бірге мерекені тойласынба?

Балалар: Ия!

Жүргізуші:Жарайды ақ қоян бізбен бірге мерекені тойласаң болады.

Қоян: Олай болса мен достарымды шақырсам болама?
Жүргізуші: Ия,әрине!

Сол сәтте көңілді әуенмен залға қасқыр, аю, түлкі кіреді.

Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық!
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!

Жүргізуші:

Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге

Береке ырыс келсін жерімізге.

Доңыз жылын кең пейілмен қарсы алайық

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

(Залдың ішіне Ит пен Доңыз таласып кіреді.)

Жүргізуші: Ой Доңыз, Ит неге таласып жүрсіңдер қараңдаршы біз жаңа жылды тойлайындеп отырмыз сіздерде бізбен бірге жаңа жылды бірге тойлаңыз.

Доңыз: Жарайды- деп Итпен дос болады.

Ит: Балалар сендермен бірге болдым,сендер бір жасқа өстіңдер,балабақшаға келіп тақпақ өлеңдер үйрендіңдер.Енді менің қоштасатын уақытым болды.

Ит:

Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар.

Сау болыңдар! Кездескенше аман болыңдар!Ескі жыл Жаңа жылға өзінің берекелі жылын жылы сөзбен тапсырады.

Жүргізуші: Рахмет саған ескі жыл,Жыл бойы бізбен бірге болып,көп нәрсені үйреттіңіз,сау болыңыз.

Доңыз:

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себемін

Жырымды да себемін.

Қандай әсем шыршалар,қандай әсем балалар! Мен жаңа жыл Доңызбын менің жылым өте берекелі жыл болмак .Балалар мен сендермен бір жыл бірге боламын.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз жаңа жыл төрлетіңіз.Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Би: «Гномдар»

Жүргізуші:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді

Бұл кім балалар?
Аяз Ата
!!!

Жүргізуші:
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан:
Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?
(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.)
Жүргізуші:
Мыстан кемпір!
(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)

Біз «Жаңа жыл» мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді, Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.)
Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой.
Жұлынбаса жұлынбасын онда мен оның шамдарын өшіріп тастаймын.

Мыстан кемпір шыршаның шамдарын сөндіріп тастайды.

Жүргізуші: Мыстан әжей бұл нестегеніңіз? Балалар олай болса мерекеміздің және шыршамыздың сәнін келтіретін Аяз атамызбен Ақшақарымызды шақырайық!

Барлығы бірге: Аяз ата, Аяз ата!

Залға әуенмен Аяз ата мен ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Келгеніңіз қандай жақсы болды. Мұнда біздің көңіл күйіміз жоқ. Мыстан кемпір шырша шамдарын сөндіріп тастады.

Аяз ата: Мыстан кемпір мұның не? Жаңа жыл мерекесі саған ұнамайды ма?

Мыстан кемпір: Ұнайды ғой... бірақ мені ешкім бұл мерекеге шақырмайды.

Аяз ата: Олай болса мен сені осы жаңа жыл мерекесіне шақырамын. Балалар мыстан кемпір бізбен бірге мерекені тойласын жарайма?

Балалар: Ия.

Аяз ата: Шырша, шырша шамдарыңды жарқырат! 1,2,3 Суф, суф, суф!

Жүргізуші: Рахмет Аяз ата. Келіңіз отырыңыз, демалып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Би: «Қуыршақтар»

Ән: «Шыршаға бардық»

Келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Ерсұлтан:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршаның

Көптен күтіп сағынған.

Маханбет:

Ак сакалды таякты

Калын кырау кабакты

Аяз ата аямай

Бізге сыйлык таратты

Диас:

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың.

Олжас:

Дала нұр, қала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаскен:

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Жанібек:

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Әсемгүл:

Жаңа жыл мереке

Жаңа жыл береке

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл , жаңа жыл

Аңсар:

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

Анар:

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Нұралы:

Аппак кыстын бояуы

Аппак кыстын бораны

Ак корпеге орайды

Ак кар байтак даланы

Ұлболсын:

Жасыл шырша жанында

Айнала ойнап ән саламыз

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы аламыз.

Алинұр:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз!

Мадина:

Ақшақарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Сая:

Сақалының ұзын – ай

Саудыраған мұзын – ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы – ай.

Нұрислам:

Ақ қырауға малынып

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Нұрғали:

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Арман:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Жаннұр:

Без дедушки мороза

Снежинки не летят

Без дедушки мороза

Узоры не блестят.

Ақшақар: Меніңде билегім келіп тұр. Кішкентай ұлпақарлардарды ортаға шақырамын.
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсің - дер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Келесі кезекте балабақша меңгерушісі Нургалиева Роза Мұханқызыына береміз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2019 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

















































«Тексерілді»

«Ерке-Наз» балабақшасы

МКҚК әдіскері

__________Б.Ж.Муханова

«______»________ 2018ж





Мерекелік іс шара

Тақырыбы: « Жаңа жыл – Жаңа нұр! »


































Дайындаған: Таңатова А.Ж







2018 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12