: Жаңа тас дәуірі (неолит) Қыш құмыралар дәуірі және еңбек құралдарының жетілдіруі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Жаңа тас дәуірі (неолит) Қыш құмыралар дәуірі және еңбек құралдарының жетілдіруі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні-18.10.17ж Пәні- Ежелгі Қазақстан тарихы

Сыныбы-6

Пән мұғалімі-Туремуратова А.



Сабақтың тақырыбыЖаңа тас дәуірі (неолит) Қыш құмыралар дәуірі және еңбек құралдарының жетілдіруі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тас ғасырының ерекшеліктеріне тоқталу, неолиттің басты жаңалықтарын, табылған мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін, шаруашылық пен рухани өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру.

Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек, адамгершілік, өнер туындыларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Қазақстан» картасы, сызба, кесте, суреттер «қыш құмыралар», «еңбек құралдары», «неолиттік адам тіршіліктері», тест, т.б.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, әңгімелеу,жеке жұмыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Неолит тұрғындары   малды қолға ұстау үшін, шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді.

2. Алғашқы адамдар  жіңішке шыбықтарды  бір-біріне  сабақтастырып тоқу арқылы  шағын ғана себет ыдыстар жасауды ұйренді. 3.  Неолит-қыш құмыралар заманы.  4.  Бұл дәуірді  сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.  5. Тастан жасалған  құралдардың түрі-дәнүкіштер, тесе мен орақтар. 6. Балқаштың   оңтүстік -шығысындағы  неолиттік  тұрақтан табылған  заттардың  көбі кварцит  пен яшмадан жасалған.

  1. .

Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

1. Неолит тұрақтары.

2. Неолит ескерткіштері.

3. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

Қазақстан жері мен көрші аймақтарда неолит дәуірінде егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Бұрынғы заманда күн көрістің көзі терімшілік пен аңшылық болғанын білесіндер. Бұл екеуі де табиғаттың дайын байлығын пайдалану кәсіптері.

«Иемдену» кәсібі мен «өндірістік еңбек» ұғымын қалай түсінесіндер?

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері.

Палеолит (ежелгі тас)

Мезолит (орта тас)

Неолит (жаңа тас)

Ерте палеолит -

Б.з.б. 2 млн 500 мың - 140 мың жыл

Орта палеолит (мустье) -

Б.з.б. 140-40 мың жыл

Кейінгі палеолит -

Б.з.б. 40-12 мың жыл

Б.з.б. 12 – 5 мың жыл

Б.з.б. 5 мың – 3 мың жыл

Картада көрсету.

Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы көне дәуір тайпаларының өмірінде үлкен өзгеріс әкелді. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де өзгерістер орын алды. Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы - адамдардың қыш құмыраларды (керамиканы) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.(24 беттегі сурет).

«Қазақстандағы  неолит дәуірінің тұрақтары» кесте

                  Тұрақтың  атаулары

                  Сипаттамасы

Қараүңгір б.з.б 5 мыңжылдыққа жатады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Қараүңгір тұрағынан  шақпақтастан  жасалған құралдармен  қатар көпмөлшерде  сүйек бұйымдар-көзі бар инелер, біз, тескіштер,  тегістегіштер,  жоңғыштар және т.б. табылған.

Сексеуіл  тұрағы

Ол Қызылорда облысында  орналасқан. Сексеуіл тұрағының  маңында  су қоймасы болған.Сексеуіл тұрағының  тұрғындары  мал өсірумен және аңшылықпен  шұғылданған.

Пеньки тұрағы

Солтүстік Қазақстандағы Пеньки  селосы  маңындағы  тұрақта тас шапқылар , жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған пышақтар көбірек кездеседі.Тұрақты мекендеген адамдардың  негізгі шаруашылығы орман, көлден құс,  балық аулау терімшілік болды.

Зеленая Балка тұрағы

Орталық Қазақстанда Қарағанды  маңынан табылған. Ол тұрақтан  үй малының сүйектері табылған. Бұл олардың  мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі.

 

Сабақты бекіту. Тест.

1. Неолит мекенжайлары неліктен уақытша болған?

а. климаттың өзгеруінен          в. табиғи апаттар салдарынан         

с. аңшылар соңынан жылжып көшіп отырған         д. көшпелі бақташылық

2. Неолит кезеңін ... деп те атайды.

а. «қыш құмыра (керамика) жасау кезеңі»         в. «өңдіруші шаруашылыққа көшу кезеңі»

с. «егіншіліктің қалыптасқан кезеңі»         д. «мал шаруашылығы кезеңі»

3. Патриархат (аталық ру) қашан қалыптасты?

а. ерте тас ғасырында        в. кейінгі тас ғасырында         с. неолитте            д. мезолитте

4. Неолит кезеңінің тас өндеу тәсілі:

а. микролиттер жасау     в. құрамалы құралдар жасау      с. өзектастарды өңдеу   д. жылтырату әдісі

5. Неолиттің қыш ыдыстары қандай орнаментпен өрнектелді?

а. өсімдік          в. геометриялық            с. аң           д. ирек сызық

6. Неолит кезеңінде шаруашылықтың қай түрі қалыптасты?

а. өңдіруші         в. тұтынушы           с. томаға-тұйық            д. кешенді            е. жеке меншікті

7. Неолит дәуірінің басты жетістігі:

а. балшықтан істелген ыдыс            в. сүйектен істелген ыдыс    

с. тасқа сурет салу          д. тұтқасы бар құралдар

Сұрақтар:

  1. Жаңа тас ғасыры мерзімі?

  2. Адамдар тіршілігіндегі өзгеріс қай бағыттарда болды?

  3. Тас өндеуде қандай жаңа әдістер пайда болды?

  4. Шаруашылықтың қандай жаңа түрлері пайда болды?

  5. Неолтитте адамдар қандай кәсіптермен айналысты?

  6. Жезқазған өңіріндегі ескерткіштерге қарағанда, адамдардың арасында қандай наным-сенім болған?

Неолит дәуірінің жаңалықтары:

  1. Тас өндеу әдістері жетіліп, жорғары дәрежеге жетті.

  2. Ыдыс жасауды үйренді.

  3. Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады.

  4. Егіншілікпен айналыса бастады.

  5. Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды.

Үй тапсырмасы: Тестпен жұмыс, кестені толтыру  қыш құмыралардың суреттерін салу.

                     

Неолит кезеңіне жататын ескерткіштері





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
1846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі